Төлем процедурасы
Төлемге VISA және MasterCard карталары қабылданады.
Интернет арқылы ақы төлеу қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлемді жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады. Ол үшін тексерудің, шифрлаудың және деректерді жабық байланыс арналары арқылы берудің ең заманауи әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу FreedomPay қорғалған төлем бетінде жүзеге асырылады.
Банк картасының деректерін енгізу үшін картаның нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті мәліметтер картаның өзінде басылған.
Үш таңбалы қауіпсіздік коды — картаның артқы жағындағы үш сан.
Одан кейін сізге СМС арқылы келетін 3DSecure кодты енгізу үшін Сіздің банкіңіздің бетіне қайта бағытталатын боласыз. Егер Сіз 3DSecure кодын алмасаңыз, картаңызды шығарған банкке хабарласуыңыз керек.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған немесе интернет арқылы төлем жасауға белгіленген лимит асып кеткен. Бұл туралы өз Банкіңізге жүгіну/банктің мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз;
банк картасында төлем жасауға жеткілікті қаражаттың болмауы. Банк картасында қаражаттың жеткіліктілігі туралы ақпаратты картаны шығарған банкке жүгіну/банктің мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз;
банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;
банк картасының қолданылу мерзімі аяқталды. Картаның қолданылу мерзімі, әдетте, картаның беткі жағында көрсетілген (бұл карта жарамды болатын ай мен жыл). Картаның қолданылу мерзімі туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы не болмаса банктің мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз;
Сіз ұсынатын дербес ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің банк картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверімізде сақталмайды.
Бөліп төлеу
Сатушы Сатып алушыға Тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігін ұсына алады. Тауарларды бөліп төлеуге ресімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен осы жерде таныса аласыз.
Teez Сатып алушыларға бөліп төлеу қызметін көрсету үшін тартылатын серіктестерді өз бетінше айқындайды және бөліп төлеу тәртібін өз қалауы бойынша немесе тиісті серіктеспен келісу арқылы белгілейді.
Тауарлар мен қызметтерге бөліп төлеуді ресімдеу біздің серіктестердің платформалары мен сервистері арқылы жүзеге асырылады.
Бөліп төлеуді мақұлдау, ұсыну шарттары, сондай-ақ бөліп төлеуді ресімдеу және орындау процесі толығымен оның платформасында келісім жасалатын серіктестің жауапкершілігінде болады.
Teez бөліп төлеу мүмкіндігін беру туралы шешім үшін, сондай-ақ серіктес тарапынан болған бөліп төлеу шарттарының өзгерістері үшін жауапты емес.
Сатып алушы Teez-ге Верификация және/немесе Тапсырысты ресімдеу барысында Сатып алушы ұсынған деректерді үшінші тұлғаларға, сондай-ақ бөліп төлеу қызметін қамтамасыз ететін серіктестерге төмендегі мақсаттарда беру құқығы бар екеніне келісім береді:
ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру және растау, төлем қабілеттілігін бағалау, үшінші тұлғалар алдындағы қарыздың бар- жоғын және оның мөлшерін анықтау;
бөліп төлеу ұсынылатын және оның қызмет көрсетілуі, техникалық қамтамасыз етілуі және т.б. жүзеге асырылатын тиісті келісімді орындау.
Тауарды бөліп төлеуге сатып алған жағдайда тапсырыстан ішінара бас тартуға болмайды.
Тауарды қайтару ережелері
Картамен төлем жасаған кезде қолма-қол ақша қаражатымен қайтару жүргізілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі. Тауарды қайтару рәсімі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабымен реттеледі.
Тұтынушы тиісті сападағы тауарды қабылдағанға дейін кез келген уақытта, ал тауарды қабылдағаннан кейін — 14 күн ішінде одан бас тартуға құқылы.
Сапалы тауарды қайтару оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, сондай-ақ көрсетілген тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда мүмкін.
Тұтынушы жеке-ерекше қасиеттері бар, тек оны сатып алушы адамның пайдалануына арналған сапалы тауардан бас тарта алмайды.
Тауардан бас тартқан жағдайда, тұтынушыға тауардың құны мөлшерінде төленген ақша қайтарылады, бұл тауарды қайтару ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қайтарылмайтын тауарлар:
медициналық бұйымдар;
ішкиім; Ескертпе: ішкиімге мыналар жатады: пижамалар, жатын көйлектер, іш көйлектер, пижама шалбарлары мен жейделері, пеньюарлар, түнгі халаттар, кальсондар, дамбалдар, ішкі белдемшелер, шомылуға арналған киімдер, жүзуге арналған костюмдер, шомылуға арналған ішкиімдер және кез келген жүзуге арналған киімдер, жағажайға арналған жиынтықтар, сондай-ақ маталардан, тоқыма емес материалдардан және өзге де тоқыма өнімдерінен тігілген осыған ұқсас барлық бұйымдар, адамның терісімен тікелей жанасатын кез келген және барлық киім түрлері;
шұлық-ұйық бұйымдары;
ұялы байланыс желілеріне қосуға болатын телефондар, планшеттер және өзге де абоненттік құрылғылар;
«Сұлулық» санатындағы тауарлар — тауарлық түрі бұзылған жағдайда, оның ішінде қаптаманың ашылуы, қорғаныс мембраналарының алынуы, қолдану іздерінің болуы немесе түпнұсқа қаптаманың зақымдануы (толығырақ Қолданушы келісімінде қараңыз);
азық-түлік тауарлары.
Қате жүргізілген операциялар бойынша ақшаны қайтару үшін еркін формада хат жазып, оған куәліктің/паспорттың және қате аударымды растайтын чектер/түбіртектердің көшірмелерін қоса ұсыну қажет. Бұл хатты [email protected] электрондық поштасына жіберу керек.
Қайтарылатын сома сатып алу сомасына тең болады. Өтініш пен ақшаны қайтару мерзімі Компанияның Өтінішті алған күннен кейiнгi күннен бастап есептеледi және мерекелік/демалыс күндерін есепке алмағанда жұмыс күндерімен анықталады.
Тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алған жағдайда, тапсырысты жартылай қайтару мүмкін емес.
Last updated
Was this helpful?