«Қайрат» Науқанының ережелері
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережелер «Қайрат» науқанына (бұдан әрі – Науқан) қатысу шарттарын, жеңімпаздарды анықтау тәртібін, жүлделерді табыстау және науқанды өткізудің өзге де шарттарын белгілейді.
1.2. Науқан лотерея немесе құмар ойын болып табылмайды және құмар ойындардың кез келген түрінде орындалмайды немесе қолданылмайды.
1.3. Науқанның ұйымдастырушысы – «Teez Logistics» ЖШС, БСН 231140010013, тіркелген мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 Есептік орам, 938 ғимарат, пошта индексі 100008 (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы»).
2. Ережелер мәтінінде қолданылатын терминдердің анықтамасы
2.1. Қатысуға өтінім – тұлғаның Науқанға қатысу ниетін растайтын, осы Ережелердің 4.2-тармағына сәйкес орындайтын әрекеттердің жиынтығы.
2.2. Жеке басты куәландыратын құжат – жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты.
2.3. Науқанға қатысушы – 18 (он сегіз) жасқа толған, ҚР азаматы болып табылатын, осы Ережелердің 4.2-тармағында белгіленген шарттарды орындаған және осы Ережелердің барлық талаптарына сай келетін жеке тұлға.
2.4. Қазылар алқасы – Ұйымдастырушы осы Ережелерде көрсетілген тәртіппен Науқан Жеңімпазын бағалауға, іріктеуге және анықтауға уәкілеттілік берген тұлғалар.
3. Науқанның өткізілу мерзімі мен Науқанның жүлделері
3.1. Науқанның өткізілу мерзімі: 30.09.2025 жылдан 07.11.2025 жылға дейін, Астана уақыты бойынша 23:59-ды қоса алғанда.
3.2. Науқанның өткізілу мерзімі мен кезеңдері:
3.2.1. Өтінімдерді қабылдау: 30.09.2025 – 15.10.2025 ж. қоса алғанда;
3.2.2. Қатысушыларды модерациялау: 30.09.2025 – 17.10.2025 ж. қоса алғанда;
3.2.3. Қорытынды шығару, жеңімпаздарды таңдау: 20.10.2025 – 21.10.2025 ж. қоса алғанда;
3.2.4. Жеңімпаздарды жариялау: 21.10.2025;
3.2.5. Жеңімпаздармен байланыс, жүлделерді табыстау: 21.10.2025 – 07.11.2025 ж. қоса алғанда;
3.3. Науқан Жеңімпаздары келесі Жүлделерді алады:
3.3.1. Бірінші орын: «Қайрат» термобөтелкесі 1 дана, JOMA спорттық жиынтығы қара, сары, 152-164 өлшемі, «Қайрат» төсбелгісі 1 дана, 10 100 теңгеден басталатын сомаға сатып алған жағдайда 10 000 теңге номиналындағы промокод;
3.3.2. Екінші орын: «Қайрат» термобөтелкесі 1 дана, JOMA спорттық жиынтығы қара, сары, 152-164 өлшемі, «Қайрат» төсбелгісі 1 дана, 10 100 теңгеден басталатын сомаға сатып алған жағдайда 10 000 теңге номиналындағы промокод;
3.3.3. Үшінші орын: «Қайрат» термобөтелкесі 1 дана, JOMA спорттық жиынтығы қара, сары, 152-164 өлшемі, «Қайрат» белгісі 1 дана, 10 100 теңгеден басталатын сомаға сатып алған жағдайда 10 000 теңге номиналындағы промокод;
3.3.4. Төртіншіден оныншы орынға дейін әрбір жеңімпаз 10 100 теңгеден басталатын сомаға сатып алған жағдайда 10 000 теңге номиналындағы промокод алады;
3.3.5. Жеңімпаздардың жалпы саны – Науқан шарттарын толық орындаған 10 (он) қатысушы.
3.4. Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша, бұл туралы қатысушыларды кез келген қолжетімді байланыс тәсілімен хабардар етіп, Науқанды өткізу мерзімін, жүлде қорын және шарттарын кез келген уақытта толықтыру және/немесе өзгерту, сондай-ақ Науқанды толықтай немесе ішінара тоқтату, уақытша тоқтата тұру, күшін жою құқығын өзіне қалдырады. Маңызды өзгерістер туралы ақпарат https://docs.teez.kz/customer/special-offers/kairat сайтында жарияланады.
4. Науқанға қатысу шарттары
4.1. Науқан Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
4.2. Осы Ережелердің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қатысушылар келесі шарттарды орындау арқылы Науқанға қатыса алады:
4.2.1. 30.09.2025 – 14.10.2025 ж. дейін қоса алғанда Teez маркетплейсінде 5 000 теңгеден басталатын сомаға тапсырыс жасап, тапсырысты алу тәсілі ретінде тапсырыс беру пунктінен алуды таңдап, тапсырысты алу;
4.2.2. 30.09.2025 – 15.10.2025 дейін қоса алғанда өз тапсырысының нөмірін Telegram-дағы https://t.me/teezkairat_bot ботына жеке хабарлама арқылы жіберу;
4.2.3. Бір қатысушыдан тапсырыстар саны шектелмеген. Науқан шарттарына сәйкес тапсырыстар неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары;
4.3. Науқан шарттарына сәйкес келмейді:
4.3.1. Осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген Науқанға қатысу шарттарын орындамаған тұлға;
4.3.2. Осы Ережелердің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер;
4.3.3. Науқан басталған сәтте 18 жасқа толмаған тұлға;
4.3.4. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлға;
4.3.5. Ұйымдастырушының қызметкері;
4.3.6. Ұйымдастырушымен ерекше қатынастармен байланысты тұлға, оның ішінде Ұйымдастырушының үлестес тұлғасы.
5. Науқан Жеңімпазын анықтау және Науқан Жүлделерін беру тәртібі
5.1. 20.10.2025 – 21.10.2025 ж. дейін қоса алғанда Ұйымдастырушы осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған барлық қатысушылар арасынан он жеңімпазды анықтайды.
5.2. Ұйымдастырушы осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған барлық қатысушылардың тапсырыстары арасынан Randstuff (https://randstuff.ru) арнайы сервисінің көмегімен кездейсоқ түрде Жеңімпаздарды таңдайды.
5.3. Жеңімпаздарда Жүлделерді алуға байланысты туындайтын барлық салықтар, алымдар және өзге де міндетті төлемдерді Жеңімпаздар өздері дербес төлейді. Науқан Ұйымдастырушылары Жеңімпаздардың салық агенттері болып табылмайды және салықтарды ұстамайды.
5.4. Науқанға қатыса отырып, Жеңімпаз салық төлеу міндеті өзіне жүктелетінімен келісетінін растайды және Жүлделердің салық салуына байланысты Науқан Ұйымдастырушыларына және олардың серіктестеріне ешқандай талап-арыз білдірмеуге міндеттенеді.
6. Басқа шарттар
6.1. Қатысушының Науқанға қатысу фактісі оның осы Ережелермен танысқанын және осы Ережелерге сәйкес Науқанға қатысуға келісетінін білдіреді.
6.2. Науқан Ұйымдастырушысы Науқанға қатысушының Науқан шарттарын орындау үшін шеккен шығындарының және кез келген басқа шығындардың орнын толтырмайды және өтемейді.
6.3. Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен Науқан Ережелері мен шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Ережелер мен Науқан шарттары өзгерген жағдайда Ұйымдастырушы бұл туралы Науқанға қатысушыларды https://docs.teez.kz/customer/special-offers/kairat сайтында Науқан шарттарын орналастыру арқылы хабардар етеді.
6.4. Науқанға қатысушы Ережелерге өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін өз бетінше бақылауға міндеттенеді.
6.5. Егер қатысушы Науқан шарттарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Науқан шеңберінде қатысушыларға берілетін қандай да бір артықшылықтарды және/немесе көтермелеулерді теріс пайдаланса және/немесе Ұйымдастырушыға жаңылыстыратын мәліметтер немесе дұрыс емес ақпарат берсе, Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен Науқанға қатысушылардың қатарынан кез келген қатысушыны ескертусіз алып тастауға құқылы.
6.6. Егер қандай да бір себептермен Науқанның кез келген аспектісі жоспарланғандай жүргізілмесе, оның ішінде рұқсат етілмеген араласу, бұрмалау, техникалық ақаулар және Ұйымдастырушының бақылауына бағынбайтын, Науқанның орындалуын, қауіпсіздігін, адалдығын, тұтастығын немесе тиісті түрде өткізілуін бұрмалайтын немесе оған қатысты себептер болса, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Науқанның күшін жою, тоқтату, өзгерту немесе уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдай алады.
Last updated
Was this helpful?