ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ KitFort ұтыс ойыны – жарнамалық ынталандыру шарасы

Қарағанды қ. 2025 жылғы 17 қараша

1. ЕРЕЖЕЛЕР МӘТІНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ

Егер осы Ережелерде өзгесі тікелей көзделмесе, оларда бас әріппен жазылатын терминдер мен анықтамалар мынадай мағынаға ие болады:

1.1. Науқан ұйымдастырушысы – «Калибр 44» жеке кәсіпкер (ЖСН: 840705300126, Артёмкин Виталий Сергеевич тұлғасында, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Папанин көшесі, 53Д), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2011 жылғы 27 мамырдағы Сериясы 09915 № 0109816 жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік негізінде тіркелген, Науқанды өткізуді ұйымдастырушы, бұдан әрі «Ұйымдастырушы» немесе «Науқан ұйымдастырушысы» деп аталады. «Калибр 44» ЖК Қазақстан Республикасында «АЭРО-ТРЕЙД» ЖШС-ның (СТН: 7811451960, Заңды мекенжайы: 197022, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ., Инструментальная көшесі, 3-үй, үй-жай литері 3-Н) ресми түрде мүдделерін білдіреді.

1.2. Науқан операторы – 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №010137 келісімшартты (Оферта), оның ішінде 2025 жылғы 12 қарашадағы № 1 қосымша келісімді (бұдан әрі бірлесіп «Келісім» деп аталады) қоса алғанда, Ұйымдастырушымен Науқанды өткізуге жасасқан, осындай Келісім бойынша міндеттемелерді өз атынан, бірақ, Ұйымдастырушының есебінен және тапсырмасы/жұмысы бойынша орындайтын заңды тұлға; осы Ережелерге сәйкес Науқанға қатысудан жүлде алуға құқығы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ Науқан жүлделерін алушыларға жеткізу (табыстау) мақсатында, атап айтқанда: «Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН: 231140010013, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, 134 есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008), бұдан әрі «Оператор» немесе «Науқан операторы» деп аталады.

1.3. Науқан – KitFort ұтыс ойыны, маркетплейсте сатылатын тауарларға сатып алушылардың қызығушылығын қалыптастыру және қолдау, олардың сатылымын ынталандыру және нарықта ілгерілету мақсатында өткізілетін жарнамалық ынталандыру шарасы, осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

1.4. Ережелер – KitFort ұтыс ойыны – жарнамалық ынталандыру шарасын өткізудің осы Ережелері.

1.5. Маркетплейс – тауарларды сатып алуға арналған App Store және/немесе Google Play ресми платформалары арқылы мобильдік құрылғыларда жүктеп алуға және пайдалануға қолжетімді «Teez» мобильдік қосымшасы (интернет-дүкен).

1.6. Науқан қатысушысы – 18 (он сегіз) жасқа толған, Науқан өткізу кезеңінде ҚР аумағында тұратын, әрекет қабілетінен айырылмаған (шектелмеген) ҚР азаматы немесе ҚР аумағында тұрақты тұру құқығы бар (тұруға ықтиярхаты бар) шетелдік азамат.

1.7. Тауар – маркетплейсте сатылатын өнім. Науқан өткізу кезеңінде тауардың құны Науқан мерзімдерінен тыс белгіленген құнынан аспайды. Науқанға қатысу қатысушыдан оның өткізілуіне байланысты қандай да бір қосымша төлемді талап етпейді.

1.8. Жүлделер – Ережелердің 3-бөлімінде көрсетілген жүлделер, сондай-ақ, жоғарыда аталған жүлделерді Науқан ұйымдастырушысының біржақты тәртібімен ауыстыруға болатын өзге жүлделер.

1.9. Жеңімпаздар – Науқанға қатысудан Ережелерде белгіленген тәртіппен жүлделерге құқық алған тұлғалар.

1.10. Сайт – интернет желісіндегі Ережелердің толық мәтіні бар және өткізілетін Науқан шарттарын іске асыруға қажетті функционалы бар https://kitfort.teez.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан Науқан сайты.

1.11. Telegram-бот – https://t.me/teez_rozygrysh_bot мекенжайы бойынша қатысушыларға Науқанға қатысу үшін қажетті әрекеттерді оңай және жылдам орындауға мүмкіндік беретін Telegram мессенджердегі арнайы аккаунт.

1.12. Қатысу өтінімі – Ережелердің 5-бөліміне сәйкес орындалатын және тұлғаның Науқанға қатысу ниетін растайтын әрекеттер кешені.

1.13. Науқанның өткізілу уақыты – осы Ережелерде өзгесі көзделмесе, онда көрсетілген барлық мерзімдер мен кезеңдер Астана қаласының уақыты бойынша (UTC+5) айқындалады және тиісті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің сағат 23:59-ға дейінгі уақытын қоса алғанда есептеледі.

1.14. Тапсырыстарды беру пункті – Қазақстан Республикасының аумағындағы, Оператор мен Жеңімпаздың келісімі бойынша анықталатын және осы Ережелерде белгіленген тәртіппен жүлдені тапсыру жүзеге асатын орын.

1.15. Тікелей эфир – Оператордың Instagram әлеуметтік желісіндегі https://www.instagram.com/teezkz/ ресми парақшасында өткізілетін онлайн-трансляция, оның барысында Жеңімпаздарды айқындау процесімен Рандомайзер экраны көрсетіледі. Тікелей эфирдің жазбасы сақталады және аяқталғаннан кейін көрсетілген парақшада жарияланады.

1.16. Рандомайзер – https://randstuff.ru/ интернет-сайтында орналастырылған, Оператор Ережелерге сәйкес модерациядан өткен қатысу өтінімдері арасынан Жеңімпаздарды автоматты түрде кездейсоқ айқындау үшін пайдаланылатын арнайы бағдарламалық жасақтама.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1. Науқан маркетплейсте тауарлардың сатылымын ынталандыруға, сатып алушылардың назарын аударуға және маркетплейс ассортиментіне қызығушылықты арттыруға бағытталған шара болып табылады. Науқанға қатысу маркетплейсте Науқан шарттарына сәйкес кез келген тауарды сатып алудан басқа ақша сомаларын енгізуді талап етпейді.

2.2. Науқан өткізілетін аумақ – Қазақстан Республикасы (ҚР).

2.3. Науқан Ұйымдастырушының қаражаты есебінен өткізіледі, пайда немесе өзге де кіріс алу мақсатын көздемейді және Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

2.4. Науқан лотерея, құмар ойын емес, сондай-ақ лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де қызмет белгілерін қамтымайды және құмар ойындардың кез келген нысанында өткізілуі немесе пайдаланылуы мүмкін емес.

3. НАУҚАН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН НАУҚАН ЖҮЛДЕЛЕРІ

3.1. Науқанды өткізу мерзімі: 17.11.2025 жылдан 30.11.2025 жылға дейін.

3.2. Науқан өткізу мерзімдері мен кезеңдері:

3.2.1. Қатысушылардың Telegram-ботта қатысу өтінімдерін тіркеуі: 17.11.2025 жылдан 30.11.2025 жылға дейін.

3.2.2. Тікелей эфир және жеңімпаздарды таңдау: Жеңімпаздарды таңдау жүргізілетін тікелей эфир 08.12.2025 күні сағат 19:00-де басталады.

3.2.3. Жеңімпаздар тізімін жариялау 2025 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда, бірақ көрсетілген күннің сағат 19:00-ден кешіктірмей жүзеге асырылады.

3.2.4. Жеңімпаздармен байланыс, жүлделерді табыстау: 09.12.2025 ж. бастап, 19.12.2025 ж. қоса алғанда.

3.3. Науқан жеңімпаздары мынадай жүлделерді алады:

  • Kitfort KT-3625 бутерброд жасағыш

  • Kitfort KT-6096 йогурт жасағыш

  • Kitfort KT-7403 «3 в 1» кофеқайнатқыш

  • Kitfort KT-7268 кофеұнтақтағыш

  • Kitfort KT-2124 еттартқыш

  • Kitfort KT-2044 сұйық сабынға арналған сенсорлық диспенсер

  • Kitfort KT-1958 көкөніс және жеміс кептіргіш

  • Kitfort KT-3661 электр грилі

*Нақты үлгі қолжетімсіз болған жағдайда Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша соған тең бағалы баламасымен құқылы.

3.4. Науқан жеңімпаздарының жалпы саны осы Ережелерде көзделген Науқанға қатысу шарттарын орындаған тұлғалар арасынан айқындалатын 8 (сегіз) қатысушыны құрайды.

3.5. Науқан жүлде қоры Науқан ұйымдастырушысының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылады және тек жеңімпаздарға жүлделер беру үшін пайдаланылады.

3.6. Жүлделерді ішінара беру көзделмейді.

3.7. Ережелерде заттай нысанда айқындалған жүлделердің құнына ақшалай баламаны төлеу, жеңімпаздардың қалауы бойынша жүлделерді ауыстыру Ұйымдастырушымен жүргізілмейді.

3.8. Науқанның жарнамалық материалдарында көрсетілген жүлделердің сыртқы түрі жеңімпаздарға табысталатын жүлделердің сыртқы түрінен өзгеше болуы мүмкін.

4. НАУҚАН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

4.1. Науқанға Ережелердің 1.6. тармағының талаптарына сай келетін, Науқанға қатысу үшін Ережелерде көзделген барлық әрекеттерді тиісінше орындаған қатысушылар қатыса алады.

4.2. Науқанға Ұйымдастырушы/Оператордың қызметкерлері мен уәкілетті өкілдері, олардың аффилиирленген тұлғалары, мұндай қызметкерлер мен өкілдердің отбасы мүшелері, сондай-ақ Науқанды ұйымдастыруға және/немесе өткізуге тікелей қатысы бар өзге тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері және олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.

4.3. Науқанға қатыса отырып, Ережелерде көзделген кез келген әрекетті жасаған қатысушы Науқан шарттары мен Ережелерімен танысқанын және олармен сөзсіз келісетінін растайды және қатысушы Ережелермен таныспағанына немесе Науқан шарттарын түсінбеуіне, субъективті түсіндіруіне негізделген Ұйымдастырушыға/Операторға қандай да бір талаптар қоюға құқылы емес.

4.4. Қатысушы Ережелерге сәйкес Оператордан Науқан туралы ақпарат алуға құқылы.

4.5. Науқанға қатысқысы келетін қатысушылар Ережелерде белгіленген мерзімдерде Науқанға қатысу үшін қажетті барлық әрекеттерді орындауға міндетті.

4.6. Қатысушы Ережелерге сәйкес заттай нысанда айқындалған жүлделердің кез келгеніның орнына Ұйымдастырушыдан/Оператордан ақшалай баламаны алуға құқылы емес.

4.7. Науқанды өткізу мақсатында Ұйымдастырушыға/Операторға қатысушылар туралы ақпарат, оның ішінде Науқан қатысушыларының дербес деректері қажет. Науқан қатысушылары дәл және өзекті (сенімді) деректерді көрсетуге міндетті. Науқан ұйымдастырушысы/Операторы қатысушыдан алынған ақпаратты Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес. Қатысушылардың ерікті түрде берген кез келген ақпараты, оның ішінде, дербес деректері Ұйымдастырушы/Оператор, оның уәкілетті өкілдері және/немесе жарнама агенттіктері тек Науқанды өткізуге байланысты мақсаттарда, оның ішінде жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

5. НАУҚАНҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

5.1. Науқанға қатысу үшін қатысушы:

5.1.1. Науқанның өткізілу кезеңінде маркетплейсте авторизациядан өту/тіркелу, тегін, атын және телефон нөмірін (дербес деректерді) көрсетуі қажет.

5.1.2. Маркетплейсте кемінде 6 000 (алты мың) теңге сомасына тапсырыс жасауы керек.

5.1.3. Ресімделген тапсырысты алуы (алып кету) және оны қайтармауы қажет. Тапсырысты толық немесе ішінара қайтарған жағдайда қатысушы Науқанға қатысу құқығынан айырылады.

5.1.4. Өзінің ресімделген тапсырыс нөмірін Telegram-ботта тіркеу.

5.2. Науқан шарттарына сәйкес ресімделген және алынған 1 (бір) тапсырыс Науқанға қатысуға 1 (бір) мүмкіндікке теңестіріледі.

5.3. Қатысушы осы Науқан аясында қатысу өтінімдерінің санына қарамастан, тек бір жүлде алуға құқылы. Егер қатысушы жеңімпаз деп танылса, ол жүлделердің одан әрі ұтыс ойындарына жіберілмейді. Бірнеше тапсырыстарды тіркеу жеңіске мүмкіндікті арттырады, алайда бір қатысушыдан бір Жүлдеден артық алуға әкеп соқпайды.

6. НАУҚАН ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

6.1. Жеңімпаздарды айқындау осы Ережелердің 5-бөлімінде көзделген шарттарды орындаған барлық қатысушылар арасынан 2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 19:00-де басталатын тікелей эфир барысында жүзеге асырылады.

6.2. Оператор Ережелердің белгіленген талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексерілген қатысу өтінімдерінің тізілімін жасайды, ол кейіннен жеңімпаздарды айқындау үшін Рандомайзерге жүктеледі.

6.3. Рандомайзер реестрден жеңімпаз болып саналатын Қатысушылардың тізімін кездейсоқ түрде айқындайды, ал осы нөмірлер берілген Қатысушылар Жеңімпаздар болып табылады.

6.4. Жеңімпаздарды хабардар ету Ұйымдастырушының Telegram-боты арқылы Telegram мессенджерінде хабарламалар жіберу, сондай-ақ жеңімпаздарға Telegram-да жеке хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Науқан қорытындылары мен жеңімпаздар туралы ақпарат Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында мына мекенжайлар бойынша орналастырылады:

Telegram: https://t.me/teezkz

Instagram: https://www.instagram.com/teezkz/

6.5. Барлық жүлделерді табыстауды қамтамасыз ету мақсатында Оператор негізгі жеңімпаздармен бірдей тәсілмен айқындалатын 5 (бес) қосалқы жеңімпаздан (бұдан әрі – «Қосалқы жеңімпаздар») тұратын тізімді қосымша қалыптастырады.

6.6. Негізгі жеңімпаз осы Ережелерде белгіленген талаптарды орындамаса, сондай-ақ Оператор белгілеген жүлдені алу міндеттерін орындамаса, оның ішінде, бірақ келесі жағдайлармен шектелмей:

  • Оператордың хабарламасы жіберілген сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарламаға жауап бермесе;

  • Тұлғаны сәйкестендіру және жүлде алу құқығын растау үшін қажетті сұратылған құжаттарды, мәліметтерді немесе ақпаратты ұсынбаса;

  • күмәнді, толық емес немесе дұрыс емес деректер ұсынса;

  • Жүлдеден бас тартса, оны алуға келісім білдірмесе, жүлдені қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаса;

  • Осы Ережелерде белгіленген өзге де шарттарды белгіленген мерзімдерде орындамаса;

мұндай жеңімпаз кез келген өтемақысыз жүлде алу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда тиісті жүлдені алу құқығы осы Ережелердің 6.5-тармағына сәйкес қалыптастырылған тізімнен кезектегі қосалқы жеңімпазға ауыстырылады.

7. ЖҮЛДЕЛЕРДІ АЛУ ТӘРТІБІ

7.1. Жүлделер тек тапсырыстарды беру пункттерінде беріледі. Жүлдені алу үшін жеңімпаз 15.12.2025 жылға дейін Ұйымдастырушыға келесі құжаттар мен ақпаратты ұсынуы қажет:

  • Жеңімпазға жүлдені алуға ыңғайлы тапсырыстарды беру пунктінің мекенжайы;

  • Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

7.2. Жеңімпаз жүлдені алған кезде Оператор белгілеген нысанда жүлде қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюға міндетті. Жеңімпаздың жүлде қабылдау-тапсыру актісін толтыруды және/немесе қол қоюдан бас тартуы және/немесе дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім бермеуі, сондай-ақ толық емес/күмәнді ақпарат көрсетуі, және/немесе жүлдені алу үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы жеңімпаздың жүлдеден бас тартуы болып есептеледі.

7.3. Жүлделерді беру тек Оператор айқындаған тапсырыстарды беру пункттерінде жүзеге асырылады. Жүлделерді өзге тәсілмен, оның ішінде пошта арқылы, курьерлік немесе өзге қызметтер арқылы жөнелту жүргізілмейді.

7.4. Егер жеңімпаз тапсырыстарды беру пункті жоқ елді мекен аумағында тұрса немесе болса, жүлдені алу міндеті жеңімпаздың өзіне жүктеледі. Жеңімпаз Оператор айқындаған ең жақын тапсырыстарды беру пунктінде жүлдені дербес және өз есебінен ұйымдастырады.

7.5. Жеңімпаздың белгіленген мерзімде тапсырыстарды беру пунктіне келмеуі, сондай-ақ кез келген себептермен жүлдені алмауы, оның ішінде аумақтық алшақтық, жеке келу мүмкіндігінің болмауы, алудан бас тарту немесе Ұйымдастырушыға байланысты емес өзге мән-жайлар жеңімпаздың жүлдеден бас тартуы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда жүлде Оператордың иелігінде қалады және қайта табыстауға немесе өтемақы төлеуге жатпайды.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Науқан операторы құқылы:

8.1.1. кез келген себеппен жүлдені уақтылы алмаған қатысушыға жүлде беруден бас тартуға;

8.1.2. өз қалауы бойынша біржақты тәртіппен Науқанға қатысу өтінімдерінің барлығын жарамсыз деп тануға, сондай-ақ қатысу өтінімдерін берудің процесін қолдан жасаған немесе одан пайда алған немесе Ережелерді бұзған кез келген тұлғаның Науқанға одан әрі қатысуына тыйым салуға;

8.1.3. өзінің жеке дара қалауы бойынша Науқанды тоқтатуға, тоқтата тұруға, өзгертуге немесе уақытша тоқтата тұруға;

8.1.4. кез келген уақытта Науқан өткізу мерзімдері мен шарттарын толықтыруға және/немесе өзгертуге, сондай-ақ Науқанды толық аяқтауға немесе ішінара, уақытша тоқтата тұруға, ұзартуға, өткізуден бас тартуға құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат Сайтта орналастырылады.

8.2. Науқан қатысушысы құқылы:

8.2.1. Науқан Ережелерімен танысуға;

8.2.2. Ережелерде айқындалған тәртіппен Науқанға қатысуға;

8.2.3. Науқан жеңімпазы мәртебесін алған жағдайда жүлде беруді талап етуге;

8.2.4. Сайтта Науқан Ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алуға.

8.3. Науқан жеңімпазы міндетті:

8.3.1. Ережелерде белгіленген тәртіппен жүлдені алуға немесе жүлдені алудан жазбаша нысанда бас тартуға.

9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

9.1. Осы Ережелер мақсатында дербес деректер деп тікелей немесе жанама түрде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат түсініледі.

9.2. Ережелерде дербес деректерді жинау және өңдеу деп автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, оның ішінде алу, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау, жою Науқанды өткізу мақсатында түсініледі.

9.3. Ережелер мақсатында дербес деректерді тарату деп дербес деректерді шектеусіз тұлғалар тобына ашуға бағытталған әрекеттер, атап айтқанда: Науқан қатысушысының тегі, аты, тұрғылықты қаласы немесе өзге елді-мекені, сондай-ақ, оның жүлдесі туралы мәліметтерді Ережелерде көрсетілген және (немесе) ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда ашық жариялау түсініледі.

9.4. Осы 9-бөлімдегі қатысушылар деп Ережелерге сәйкес Науқанға қатысу мақсатында Операторға дербес деректер ұсынған, Ережелерде айқындалған қатысушы мәртебесін алғанына қарамастан, барлық тұлғалар түсініледі.

9.5. Науқанға қатысу туралы шешім қабылдап, Ережелерде көзделген кез келген әрекетті орындаған қатысушы осылайша Ұйымдастырушыға/Операторға, оның уәкілетті өкілдеріне (Науқанды өткізуге тартылатын тұлғалар, бұдан әрі бірлесіп «өзге серіктестер» деп аталады) өзі ұсынған кез келген ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді ерікті түрде беруге келісетінін растайды және Ережелерге сәйкес міндеттемелерді орындау мақсатында, атап айтқанда:

  • Науқан қатысушылары мен жеңімпаздарын анықтау;

  • Науқан жүлделерін жеңімпаздарға табыстау (жөнелту);

  • Салық агентінің міндеттерін орындау

мақсатында Оператордың/Ұйымдастырушының (өзге серіктестердің) өңдеуіне, сақтауына және таратуына келісім береді, қатысушының қосымша келісімін алмай және бұл үшін қандай да бір сыйақы төлемей.

9.6. Қатысушылар Науқан мақсаттары үшін ұсынылатын дербес деректер Ұйымдастырушыға/Операторға (өзге серіктестерге) Науқан мақсаттарына жету үшін қажетті дербес деректерге қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға берілетінін түсінеді және келіседі, оның ішінде (және онымен шектелмей): жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату, бұғаттау, жою, Еуропа Кеңесі Конвенциясына қатысушы шет мемлекеттердің, дербес деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғайтын өзге шет мемлекеттердің және дербес деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғамайтын аумағында трансшекаралық беру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама ескеріле отырып, дербес деректерге қатысты кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру. Қатысушылар Науқанға қатысу үшін өздері көрсеткен немесе өзге тәсілмен ұсынған дербес деректердің Ұйымдастырушы/Оператор (өзге серіктестер) тарапынан Науқанды өткізу мақсатында барлық қажетті тәсілдермен өңделетінін түсінеді және келіседі.

9.7. Дербес деректерді өңдеу Науқан ұйымдастырушысы/Операторы және өзге серіктестер тарапынан 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – «Дербес деректер туралы» Заң) көзделген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

9.8. Ұйымдастырушыға/Операторға дербес деректерді ерікті түрде ұсына отырып, қатысушылар «Дербес деректер туралы» Заңда көзделген кез келген тәсілдермен дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ Науқанды өткізу мақсаттары үшін мұндай деректерді Ұйымдастырушы/Оператор, өзге серіктестер тарапынан таратуға келісім береді.

9.9. Ұйымдастырушы/Оператор және өзге серіктестер дербес деректерді рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғаудың қажетті шараларына кепілдік береді. Науқанға қатысу мақсатында қатысушылар хабарлаған барлық дербес деректер Ұйымдастырушы және өзге серіктестер тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерде көрсетілген кепілдіктерді сақтай отырып сақталады және өңделеді.

9.10. Ұйымдастырушы/Оператор және өзге серіктестер мынадай ережелерді сақтауға міндеттенеді және қатысушыларға дербес деректерді жинау және өңдеу тұрғысынан мынадай кепілдіктер береді:

  • дербес деректерді жинауды және өңдеуді Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының барлығын сақтай отырып, оның ішінде «Дербес деректер туралы» Заңда белгіленген дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып қамтамасыз етуге;

  • дербес деректерді тек Науқанды өткізу көлемінде және мақсаттарында өңдеуге. Дербес деректер субъектілерін кез келген өнімдер мен қызметтер туралы хабардар ету мақсаттарында, сондай-ақ, кез келген өзге мақсаттарда дербес деректерді пайдалану және өңдеудің өзге түрлеріне жол берілмейді;

  • Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан дерекқорларды пайдалана отырып, оның ішінде интернет желісі арқылы Науқан қатысушылары ұсынған дербес деректерді жинауды жүзеге асыруға және жүзеге асыруды қамтамасыз етуге. Науқанды өткізу мақсатында қатысушылар ұсынған дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде Ұйымдастырушы/Оператор және/немесе өзге серіктестер пайдаланатын, қатысушылардың дербес деректерін қамтитын дерекқорлары бар серверлер Қазақстан Республикасы аумағында орналасады;

  • Ұйымдастырушы/Оператор Науқан қатысушылары алдындағы өз міндеттемелерін орындау мақсатында Науқан қатысушыларының дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруі немесе өзге тәсілмен ашуы қажет болған жағдайда – көрсетілген әрекеттерді «Дербес деректер туралы» Заң талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруға;

  • дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде олардың қорғалуын және қауіпсіздігін, құпиялылығын ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге жауапкершілік арқалайды.

9.11. Дербес деректерді өңдеуге келісім қатысушылар тарапынан Науқанның өткізілуінің бүкіл мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін 1 (бір) жылға беріледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Науқан барысында алынған дербес деректер Ұйымдастырушы/Оператор тарапынан сақталмайды және таратылмайды.

9.12. Қатысушы кез келген уақытта Ұйымдастырушыға және Операторға тиісті хабарламаны тапсырыс хатпен, тапсырылғаны туралы хабарламамен немесе Ұйымдастырушы/Оператордың мұндай қайтарымды алуын кепілдік беретін өзге тәсілмен жібере отырып, дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып ала алады. Ұйымдастырушы/Оператордың дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алуды дұрыс өңдеуі үшін мұндай қайтарымда кемінде субъектінің электрондық поштасы және байланыс деректері, сондай-ақ Науқанның атауы / Сайт мекенжайы қатысушыны бірмәнді сәйкестендіру үшін болуы тиіс. Әйтпесе, Ұйымдастырушы/Оператор дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алатын субъектіге қай сайтта және/немесе қандай белсенділік барысында дербес деректерді өңдеуге келісім берілгені туралы ақпаратты нақтылау мақсатында жүгінуге құқылы.

9.13. Қатысушының Науқан өткізу кезеңінде дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алуы тиісті қатысушының Науқанға қатысудан автоматты түрде шығуына әкеп соғады және Науқан жүлдесін алу мүмкіндігін жоғалтады. Жүлде қатысушыға бұрын берілген болса, Ұйымдастырушы/Оператор Ережелер негізінде айқындалатын жүлденің ақшалай баламасын қайтаруды талап етуге құқылы. Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу туралы хабарлама алынғаннан кейін Ұйымдастырушы/Оператор оларды өңдеуді тоқтатуға және Ұйымдастырушы/Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның мұндай өңдеуді тоқтатуын қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ егер дербес деректерді сақтау дербес деректерді өңдеу мақсаттары үшін қажет болмай қалса, дербес деректерді жоюды немесе олардың жойылуын қамтамасыз етуді (егер дербес деректерді өңдеу Ұйымдастырушы/Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғамен жүзеге асырылса) көрсетілген қайтарып алу келіп түскен күннен бастап 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға міндетті.

9.14. Оператор жоғарыда көрсетілген кепілдіктерді бұзған қатысушыларды Науқанның жалпы мерзімі ішінде кез келген уақытта Науқанға қатысудан шеттетуге құқылы.

9.15. Қатысушының өзекті емес (күмәнді) және (немесе) дәл емес (дұрыс емес) деректер ұсынуы Операторды жүлде беруден босатады және мұндай қатысушыны Науқанға қатысудан автоматты түрде шығаруға әкеп соғады.

10. ӨЗГЕ ШАРТТАР. ЖАУАПКЕРШІЛІК

10.1. Ұйымдастырушының жүлделердің сапасына қатысты міндеттемелері олардың өндірушілері/Науқан жүлделері құрамында қызметтер көрсететін тұлғалар ұсынған кепілдіктермен шектеледі. Ұйымдастырушы үшінші тұлғалардың жұмысының сапасы мен әрекеттері үшін жауап бермейді.

10.2. Оператордың қатысушыларға жүлделерді табыстау (жөнелту) жөніндегі міндеті Ережелерде көрсетілген жүлделер санымен шектеледі.

10.3. Жеңімпаздың кез келген себеппен жүлдеден бас тартуы жағдайында Оператор берілген жүлделердің жалпы санын тиісінше азайтуға құқылы.

10.4. Ұйымдастырушы/Оператор қатысушылардың қателік деп танылған әрекеттері/әрекетсіздігінің кез келген салдары үшін, оның ішінде (барлығынан басқа) олардың ұшыраған шығындар үшін жауап бермейді.

10.5. Ұйымдастырушы/Оператор және өзге серіктестер қатысушының компьютеріне, телефонына немесе өзге құрылғысына қосылған байланыс операторының немесе интернет-провайдердің желісінің техникалық ақаулары үшін; мұндай байланыс операторының әрекеттері/әрекетсіздігі үшін жауап бермейді.

10.6. Оператор осы Ережелерде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және даулы жағдайлар туындаған кезде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылармен жазбаша келіссөздерге немесе өзге байланыстарға түспеуге құқылы.

10.7. Науқан шарттарында талап етілмеген жүлделерді сақтау және жүлделерді алу мерзімдері өткеннен кейін оларды талап ету мүмкіндігі көзделмейді. «Талап етілмеген» деп қатысушылар арасында бөлінбеген жүлделер немесе қатысушылар кез келген себептермен бас тартқан жүлделер түсініледі. Барлық талап етілмеген жүлделерді Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдалана алады.

10.8. Науқан өткізу қорытындылары түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

10.9. Науқанға қатысты барлық даулы мәселелер ҚР қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Осы Ережелер Сайтта орналастыру жолымен жарияланады.

10.10. Барлық қатысушылар Науқанға қатысуға байланысты өздері көтерген кез келген шығындарды (онымен шектелмей, интернет желісін пайдалануға, Науқан туралы кез келген ақпарат алуға байланысты шығындарды және т.б.) жеке өздері төлейді.

10.11. Қатысушының Ережелерде көрсетілген міндеттерді бұзуы Ұйымдастырушыда/Операторда залалдар туындауына әкеп соққан жағдайда, Науқан қатысушысы мұндай залалдарды толық көлемде өтеуге міндетті.

10.12. Ұйымдастырушы/Оператор қатысушының қателік деп танылған әрекеттері/әрекетсіздігінің кез келген салдары үшін, оның ішінде (барлығынан басқа) олардың ұшыраған шығындары үшін жауап бермейді.

10.13. Оператор келесіге жауапкершілік көтермейді:

  • Науқанға қатысуға байланысты қатысушылардың міндеттерін орындамағаны/мерзімінде орындамағаны үшін;

  • қатысушылардан хаттардың, қоңыраулардың және/немесе электрондық хабарламалардың алынбағаны/мерзімінде алынбағаны үшін, оның ішінде пошта қызметінің, байланыс ұйымдарының кінәсінен, Науқанды өткізу кезінде пайдаланылатын интернет желісіндегі және/немесе байланыс арналарындағы техникалық мәселелердің және/немесе алаяқтықтың салдарынан;

  • қатысушылардан жүлделерді алу үшін қажетті құжаттардың және/немесе мәліметтердің алынбағаны/мерзімінде алынбағаны үшін;

  • Науқанды өткізу және жүлделерді беру үшін қажетті қатысушылардың толық емес және/немесе дұрыс емес байланыс және/немесе өзге мәліметтерінің, дербес деректерінің алынғаны үшін;

  • Науқанға қатысуы және/немесе жүлде алуына байланысты қатысушы көтерген кез келген шығындар және/немесе залалдар үшін;

  • форс-мажор жағдайлары басталған кезде, оның ішінде төтенше жағдай режимін, карантинді және/немесе кез келген өзге шектеу шараларын, оның ішінде кез келген сипаттағы эпидемиялар мен пандемияларға байланысты енгізу кезінде жауап бермейді.

10.14. Барлық қатысушылар Науқанға қатысуға байланысты өздері көтерген кез келген шығындарды (онымен шектелмей, интернет желісін пайдалануға, Науқан туралы кез келген ақпарат алуға байланысты шығындарды және т.б.) жеке өзі төлейді.

10.15. Ұйымдастырушы/Оператор жүлделерге құқық туралы кез келген дауларға қатысты жауап бермейді. Кез келген жағдайда жүлделерді беру туралы түпкілікті шешімді Оператор қабылдайды және мұндай шешім шағымдануға жатпайды.

10.16. Ұйымдастырушы/Оператор ұялы телефон нөмірлерінің, электрондық мекенжайлардың белгілі бір тұлғаға тиесілілігі туралы даулар туындаған жағдайда дауларға қатыспайды. Мұндай даулардың барлығы қатысушылар мен олардың қарсыластары арасында дербес және өз есебінен шешіледі.

10.17. Науқан өткізу қорытындылары бойынша шағымдар Операторға [email protected] электрондық мекенжайы бойынша Науқан аяқталған күннен кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады, көрсетілген мерзім өткеннен кейін шағымдар болмаған жағдайда, Оператордың Науқанды өткізу және жүлделерді беру жөніндегі барлық міндеттемелері толық көлемде орындалды және қатысушы тарапынан шағымсыз қабылданды деп есептеледі.

10.18. Ұйымдастырушы жеңімпаздар ұсынған байланыс ақпаратының дұрыстығы үшін жауап бермейді. Науқан Операторының қалауы бойынша нақты мән-жайлар ескеріле отырып, жүлделерді жөнелту мерзімдері аз ғана өзгертілуі мүмкін.

11. НАУҚАН ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

11.1. Науқан қатысушылары оның өткізу шарттары мен мерзімдері туралы Сайтта Науқан өткізудің толық шарттарын жалпыға қолжетімді орналастыру арқылы хабардар етіледі.

11.2. Ережелердің толық мәтіні Сайттың «Науқандарды өткізу шарттары» бөлімінде орналастырылуы тиіс.

12. НАУҚАНДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ, ШАРТТАРДЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ

12.1. Науқан операторы Науқан өткізу шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы.

12.2. Ережелерге өзгерістер енгізілген, сондай-ақ оны тоқтата тұру немесе тоқтату жағдайында Оператор қатысушыларды Сайтта тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы хабардар етеді.

12.3. Науқанды өткізуді тоқтата тұру, мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында Науқан операторы Сайтта ашық қолжетімділікте тиісті хабарламаны жариялауға міндетті.

13. САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

13.1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, төлем көзінен салық салынатын жүлделер болып табылады. Осы кіріс түрі (Ұтыс) бойынша ЖКТ (жеке табыс салығы) есептеу және ұстау салық агенті – Ұйымдастырушымен жүргізіледі.

13.2. Жеңімпаздар жүлделер нысанында кіріс алады, салық агенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар үшін тиісті салықты (жеке табыс салығын) төлейді.

14. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫМЕН БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ

Қатысушылар Науқан ұйымдастырушысымен мынадай жолдар арқылы байланыса алады:

Last updated

Was this helpful?