«Пікір үшін промокод» Науқанын өткізу ережелері
Қарағанды қ., 21.11.2025
1. ЕРЕЖЕЛЕР МӘТІНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ
Егер осы Ережелерде өзгесі тікелей көзделмесе, онда бас әріппен жазылатын терминдер мен анықтамалар мынадай мағынаға ие болады:
1.1. Науқан Ұйымдастырушысы – «Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН: 231140010013, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, 134 есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, Науқанды өткізуді Ұйымдастырушы, бұдан әрі «Ұйымдастырушы» немесе «Науқан Ұйымдастырушысы» деп аталады.
1.2. Науқан – «Пікір үшін промокод» жарнамалық ынталандыру шарасы, Маркетплейсте сатылатын тауарларға сатып алушылардың қызығушылығын қалыптастыру және ұстап тұру, олардың сатылымын ынталандыру және нарықта жылжыту мақсатында өткізілетін, осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын шара.
1.3. Ережелер – «Пікір үшін промокод» науқанын өткізудің осы Ережелері.
1.4. Маркетплейс – тауарларды сатып алуға арналған «Teez» мобильдік қосымшасы (интернет-дүкен), App Store және/немесе Google Play ресми платформалары арқылы мобильдік құрылғыларда жүктеп алуға және пайдалануға қолжетімді.
1.5. Науқан Қатысушысы – ҚР азаматы немесе ҚР аумағында тұрақты тұру құқығы бар (тұру ықтиярхаты бар) шетелдік азамат, 18 (он сегіз) жасқа толған, Науқан өткізу кезеңінде ҚР аумағында тұратын, әрекет қабілетінен айырылмаған және шектелмеген тұлға.
1.6. Тауар – Маркетплейсте сатылатын өнім. Тауардың Науқан өткізілу кезеңіндегі құны оның Науқан мерзімдерінен тыс белгіленген құнынан аспайды. Науқанға қатысу Қатысушыдан оның өткізілуіне байланысты қандай да бір қосымша төлемді талап етпейді.
1.7. Жүлделер – Ережелердің 3-бөлімінде көрсетілген Жүлделер, сондай-ақ, жоғарыда аталған Жүлделерді Науқан Ұйымдастырушысы біржақты тәртіппен ауыстыра алатын өзге Жүлделер.
1.8. Жүлдегерлер – Науқанға қатысу нәтижесінде Ережелерде белгіленген тәртіппен Жүлделерге құқық алған тұлғалар.
1.9. Сайт – интернет желісінде https://docs.teez.kz/kk/customer/special-offers/promo-reviews мекенжайы бойынша орналасқан Науқан сайты, онда Ережелердің толық мәтіні және өткізілетін Науқан шарттарын іске асыруға қажетті функционал бар.
1.10. Қатысуға өтінім – тұлғаның Науқанға қатысу ниетін растайтын осы Ережелердің 5-бөліміне сәйкес орындалатын әрекеттер кешені.
1.11. Науқан өткізу уақыты – осы Ережелерде өзгеше көзделмесе, онда көрсетілген барлық мерзімдер мен кезеңдер Астана қаласы уақыты бойынша (UTC+5) анықталады және тиісті кезең соңғы күнтізбелік күнінің 23 сағат 59 минутына дейін қоса алғанда есептеледі.
1.12. Промокод – Науқан Ұйымдастырушысы Жүлдегерге беретін бірегей әріптік-сандық комбинация, ол Маркетплейсте тапсырыс ресімдеген кезде осы Ережелерде белгіленген мөлшерде және шарттарда жеңілдік алу құқығын береді.
1.13. Тапсырыс нөмірі – Қатысушының Маркетплейсте ресімделген тапсырысына берілген бірегей сандық комбинация.
1.14. Teez аккаунттары – өтінімдерді қабылдау және Науқан Қатысушыларымен өзара әрекетесу үшін пайдаланылатын Науқан Ұйымдастырушысының әлеуметтік платформалардағы ресми парақшалары мен профильдері:
1) Instagram: https://www.instagram.com/teezkz/
2) TikTok: https://www.tiktok.com/@teezkz
3) Threads: https://www.threads.net/@teezkz
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Науқан – Маркетплейсте Тауарлар сатылымын ынталандыруға, сатып алушылардың назарын аударуға және Маркетплейс ассортиментіне қызығушылықты арттыруға бағытталған шара болып табылады. Науқанға қатысу Науқан шарттарына сәйкес Маркетплейсте кез келген Тауарды сатып алудан басқа қандай да бір ақшалай жарналарды енгізуді талап етпейді.
2.2. Науқан өткізілетін аумақ – Қазақстан Республикасы (ҚР).
2.3. Науқан Ұйымдастырушының қаражаты есебінен өткізіледі, пайда немесе өзге де кіріс алу мақсатын көздемейді және Ережелерге сәйкес жүргізіледі.
2.4. Науқан лотерея, құмар ойын болып табылмайды, сондай-ақ, лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де қызмет белгілерін қамтымайды және құмар ойындардың кез келген нысанында өткізілуі немесе пайдаланылуы мүмкін емес.
3. НАУҚАН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ЖҮЛДЕЛЕРІ
3.1. Науқан өткізу мерзімі: 21.11.2025 жылдан 25.12.2025 жылға дейін.
3.2. Науқан өткізу мерзімдері мен кезеңдері:
3.2.1. Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 22.11.2025 ж. – 15.12.2025 ж. қоса алғанда;
3.2.2. Қатысушыларды модерациялау кезеңі: 22.11.2025 ж. – 19.12.2025 ж. қоса алғанда;
3.2.3. Жүлдегерлермен байланыс, Жүлделерді табыстау: 01.12.2025 жылдан 25.12.2025 жылды қоса алғанда.
3.3. Науқан Жүлдегерлері келесі Жүлделерді алады:
3.3.1. Маркетплейсте 5 000 (бес мың) теңгеден басталатын сомаға сатып алу кезінде қолданылатын 2 500 (екі мың бес жүз) теңге номиналындағы промокод.
3.3.2. Жүлделердің жалпы саны 1 000 (бір мың) промокодты құрайды.
3.4. Науқанның Жүлде қоры Науқан Ұйымдастырушысының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылады және тек Жүлдегерлерге Жүлделер беру үшін ғана пайдаланылады.
3.5. Жүлделерді ішінара беру көзделмейді.
3.6. Жүлделердің құнына ақшалай балама төлеуге, сондай-ақ, Жүлдегерлердің қалауы бойынша оларды ауыстыруға болмайды.
4. НАУҚАН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
4.1. Науқанға Ережелердің 1.5-тармағының талаптарына сай келетін, Науқанға қатысу үшін Ережелерде көзделген барлық әрекеттерді тиісінше орындаған Қатысушылар қатыса алады.
4.2. Науқанға Науқан Ұйымдастырушысының қызметкерлері мен уәкілетті өкілдері, олардың үлестес тұлғалары, осындай қызметкерлер мен өкілдердің отбасы мүшелері, сондай-ақ, Науқанды ұйымдастыруға және/немесе өткізуге тікелей қатысы бар өзге тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері және олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
4.3. Науқанға қатыса отырып, Ережелерде көзделген кез келген әрекетті жасаған Қатысушы осылайша Науқанның шарттары мен Ережелерімен танысқанын және олармен сөзсіз келісетінін растайды және Қатысушы Ережелермен таныспағанына немесе Науқан шарттарын түсінбеуіне, субъективті түсіндіруіне негізделген Ұйымдастырушыға қандай да бір талап қоюға құқығы жоқ.
4.4. Қатысушы Ережелерге сәйкес Ұйымдастырушыдан Науқан туралы ақпарат алуға құқылы.
4.5. Науқанға қатысқысы келетін Қатысушылар Ережелерде белгіленген мерзімдерде Науқанға қатысу үшін қажетті барлық әрекеттерді орындауға міндетті.
4.6. Науқанды өткізу мақсатында Ұйымдастырушыға Қатысушылар туралы ақпарат, оның ішінде Науқан Қатысушыларының Дербес деректері қажет. Науқан Қатысушылары дәл және өзекті (сенімді) деректерді көрсетуге міндетті. Науқан Ұйымдастырушысы Қатысушыдан алынған ақпаратты Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Қатысушылардың ерікті түрде берген кез келген ақпараты, оның ішінде Дербес деректері Ұйымдастырушы, оның уәкілетті өкілдері және/немесе жарнама агенттіктері тек Науқанды өткізуге байланысты мақсаттарда, оның ішінде жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
5. НАУҚАНҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
5.1. Қатысудың жалпы шарттары:
Науқанға қатысу үшін Қатысушы оның өткізілу кезеңінде келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
5.1.1. Маркетплейсте авторизациядан өту немесе тіркелу, тегін, атын және телефон нөмірін (Дербес деректер) көрсету.
5.1.2. Маркетплейсте кез келген сомаға тапсырыс жасау.
5.1.3. Ресімделген тапсырысты алу (алып кету) және оны қайтармау. Тапсырысты толық немесе ішінара қайтарған жағдайда, Қатысушы Науқанға қатысу құқығынан айырылады, ал берілген Өтінім қатысу күшін жояды деп есептеледі.
5.2. Қатысушының аккаунтына және әлеуметтік желілердегі жарияланымына қойылатын талаптар:
5.2.1. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде Қатысушы Instagram, TikTok немесе Threads платформаларының біреуінде өз тапсырысының ашылуы мен пікірін қамтитын «Бейнеролик» форматындағы бейнежарияланымды орналастыруға міндетті. Тек негізгі таспада орналастырылған жарияланымдар қатыса алады, сторис емес.
5.2.2. Бейнежарияланымның сипаттамасында, субтитрлер арқылы немесе бейненің өзінде Қатысушы «1 күнде жеткізетін Қазақстандық маркетплейс» деп көрсетуі немесе айтуы тиіс.
5.2.3. Тапсырыстың ашылуы мен пікірі бар бейнежарияланымның ұзақтығы кемінде 10 секунд болуы тиіс.
5.2.4. Қатысушы жарияланымды 2025 жылдың 30 желтоқсанын қоса алғанда жоймауға міндеттенеді.
5.2.5. Жарияланым орналастырылған платформадағы Қатысушы профилі 2025 жылдың 30 желтоқсанына дейін ашық болуы тиіс.
5.2.6. Қатысушы профилі 2025 жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей құрылған және кемінде 150 жазылушысы болуы тиіс.
5.2.7. Қатысушы тиісті платформаның кіріктірілген функционалын пайдаланып, Teez аккаунттарын белгілеуге және жарияланған бейнероликтің сілтемесін және міндетті түрде Тапсырыс нөмірін көрсете отырып, Teez-дің көрсетілген аккаунттарына директ-хабарлама арқылы жіберуге міндетті.
6. НАУҚАН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
6.1. Қатысушы бейнежарияланымды орналастырған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы Ережелердің барлық талаптарын толық орындаған Жүлдегерлерге 3.3.1-тармақта көрсетілген Промокодты жібереді.
6.2. 1 (бір) Қатысушы Ережелердің 5-бөлімінің талаптарына сай келетін әрбір бейнежарияланым үшін 1 (бір) Промокодтан артық ала алмайды.
6.3. Егер Қатысушы бірнеше тапсырыс жасап, әр тапсырысқа бөлек бейне жасаса, ол тиісті көлемде Промокод алуға құқылы, бірақ әр бейнежарияланым үшін 1 (бір) Промокодтан аспайды.
6.4. Бір тапсырысты Қатысушы бірнеше Teez аккаунттарына орналастырса, ол бір Қатысуға Өтінім деп есептеледі. Сәйкесінше, Қатысушы 1 (бір) тапсырыс үшін жарияланған бейнежарияланымдар санына қарамастан 1 (бір) Промокодтан артық ала алмайды.
6.5. Егер Ұйымдастырушы қатысу Өтінімінде қате, күмәнді деректер немесе оның Ережелер талаптарына сәйкес еместігін анықтаса, Ұйымдастырушы Жүлде беруден бас тартуға құқылы.
7. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР МЕН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҚТАРЫ
7.1. Науқан Қатысушылары қатысу Өтінімдерін құру үшін пайдаланған барлық материалдарының үшінші тұлғалардың авторлық, сабақтас немесе өзге де мүліктік құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Үшінші тұлғалардан талап-арыздар туындаған жағдайда оларды реттеу жауапкершілігі тек тиісті Қатысушыларға жүктеледі. Ұйымдастырушы үшінші тұлғалардың материалдары заңсыз пайдаланылғаны анықталған кез келген Өтінімді Науқанға қатысудан шеттете алады. Қатысу Өтінімін құрып, ұсыну арқылы Қатысушылар Ұйымдастырушыға тиісті бейнежарияланымдарды кез келген заңды тәсілмен және кез келген форматта көбейтуге, өзгертуге, жариялауға және таратуға айрықша емес, өтеусіз құқық береді.
7.2. Науқанға қатысу арқылы Қатысушы Ұйымдастырушыға немесе оның атынан жалпыға қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Қатысушының бейнесі бар материалдарды жарнама мақсатында жариялауға, фотосуретке түсіруге, дайындауға келісім береді, бұл үшін Қатысушыларға ешқандай сыйақы төленбейді. Науқанға қатысу үшін ұсынылған Қатысушылардың бейнесі бар зияткерлік меншік объектілеріне барлық авторлық құқықтар Қатысушыларда қалады.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. Науқан Ұйымдастырушысы құқылы:
8.1.1. кез келген себеппен Жүлдені уақытылы алмаған Қатысушыға Жүлде беруден бас тартуға;
8.1.2. өз қалауы бойынша біржақты тәртіппен Науқанға қатысуға берілген барлық Өтінімдерді жарамсыз деп тануға, сондай-ақ, қатысуға Өтінім беру үдерісін қолдан жасаған немесе одан пайда алған не Ережелерді бұзған кез келген тұлғаның Науқанға одан әрі қатысуына тыйым салуға;
8.1.3. өз қалауы бойынша Науқанның күшін жоюға, тоқтатуға, өзгертуге немесе уақытша тоқтата тұруға;
8.1.4. кез келген уақытта Науқан өткізу мерзімдері мен шарттарын толықтыруға және/немесе өзгертуге, сондай-ақ, Науқанды толық немесе ішінара тоқтатуға, уақытша тоқтата тұруға, ұзартуға, күшін жоюға құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат Сайтта орналастырылады.
8.2. Науқан Қатысушысы құқылы:
8.2.1. Науқан Ережелерімен танысуға;
8.2.2. Ережелерде белгіленген тәртіппен Науқанға қатысуға;
8.2.3. Науқан Жүлдегері мәртебесін алған жағдайда Жүлде беруді талап етуге;
8.2.4. Сайтта Науқан Ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алуға.
8.3. Науқан Жүлдегері міндетті:
8.3.1. Жүлдені Ережелерде белгіленген тәртіппен алуға, Жүлдені алудан бас тартуға және/немесе оны пайдаланбауға;
8.3.2. Науқан аясында бейнежарияланым жасаған кезде музыкалық тректерді және өзге материалдарды, оның ішінде Instagram, TikTok немесе Threads платформаларының виджеттері ұсынған материалдарды пайдаланғаны үшін, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты мәселелер бойынша барлық жауапкершілікті көтеруге.
9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
9.1. Осы Ережелер мақсатында Дербес деректер деп тікелей немесе жанама түрде белгілі немесе айқындалатын жеке тұлғаға (Дербес деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат түсініледі.
9.2. Ережелерде Дербес деректерді жинау және өңдеу деп автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай Дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, оның ішінде алу, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау, жою Науқанды өткізу мақсатында түсініледі.
9.3. Ережелер мақсатында Дербес деректерді тарату деп Дербес деректерді шектеусіз тұлғалар тобына ашуға бағытталған әрекеттер, атап айтқанда: Науқан Қатысушысының тегі, аты, тұрғылықты қаласы немесе өзге елді-мекені туралы мәліметтерді, сондай-ақ, оның Жүлдесі туралы мәліметтерді Ережелерде көрсетілген және (немесе) ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда ашық жариялау түсініледі.
9.4. Осы 9-бөлімдегі Қатысушылар деп Ережелерге сәйкес Науқанға қатысу мақсатында Ұйымдастырушыға Дербес деректерін ұсынған, Ережелерде айқындалған Қатысушы мәртебесін алғанына қарамастан барлық тұлғалар түсініледі.
9.5. Науқанға қатысу туралы шешім қабылдап және Ережелерде көзделген кез келген әрекетті орындаған Қатысушы осылайша Ұйымдастырушыға және оның уәкілетті өкілдеріне (Науқанды өткізуге тартылатын тұлғалар, бұдан әрі бірлесіп «өзге серіктестер» деп аталады) өзі ұсынған кез келген ақпаратты, оның ішінде Дербес деректерді ерікті түрде беруге келісетінін растайды және Ережелерге сәйкес міндеттемелерді орындау мақсатында, атап айтқанда:
• Науқан Қатысушыларын және Жүлдегерлерін анықтау;
• Науқан Жүлделерін Жүлдегерлерге табыстау (жөнелту);
• салық агентінің міндеттерін орындау мақсатында, Қатысушының қосымша келісімінсіз және бұл үшін қандай да бір сыйақы төлемей, Ұйымдастырушының (өзге серіктестердің) өңдеуіне, сақтауына және таратуына келісім береді.
9.6. Қатысушылар Науқан мақсаттары үшін ұсынылатын Дербес деректер Ұйымдастырушыға (өзге серіктестерге) Науқан мақсаттарына жету үшін қажетті Дербес деректерге қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруға берілетінін түсінеді және келіседі, оның ішінде (бірақ, онымен шектелмей): жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату, бұғаттау, жою, Еуропа Кеңесі Конвенциясына Қатысушы шет мемлекеттердің аумағында, Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғайтын өзге шет мемлекеттердің және Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғамайтын аумағында трансшекаралық беру, сондай-ақ, қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, Дербес деректерге қатысты кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға. Қатысушылар Науқанға қатысу үшін өздері көрсеткен немесе өзге тәсілмен ұсынған Дербес деректердің Ұйымдастырушы (өзге серіктестер) тарапынан Науқанды өткізу мақсатында барлық қажетті тәсілдермен өңделетінін түсінеді және келіседі.
9.7. Дербес деректерді өңдеу Науқан Ұйымдастырушысы және өзге серіктестер тарапынан 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – «Дербес деректер туралы» Заң) көзделген талаптар сақтала отырып, жүзеге асырылады.
9.8. Ұйымдастырушыға Дербес деректерді ерікті түрде ұсына отырып, Қатысушылар «Дербес деректер туралы» Заңда көзделген кез келген тәсілдермен Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ, Науқанды өткізу мақсаттары үшін мұндай деректерді Ұйымдастырушы және өзге серіктестер тарапынан таратуға келісім береді.
9.9. Ұйымдастырушы және өзге серіктестер Дербес деректерді рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғаудың қажетті шараларына кепілдік береді. Науқанға қатысу мақсатында Қатысушылар хабарлаған барлық Дербес деректер Ұйымдастырушы және өзге серіктестер тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Ережелерде көрсетілген кепілдіктерді сақтай отырып сақталады және өңделеді.
9.10. Ұйымдастырушы және өзге серіктестер Дербес деректерді жинау және өңдеу тұрғысынан мынадай ережелерді сақтауға міндеттенеді және Қатысушыларға мынадай кепілдіктер береді:
- Дербес деректерді жинауды және өңдеуді Қазақстан Республикасының Дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының барлығын сақтай отырып, оның ішінде «Дербес деректер туралы» Заңда белгіленген Дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттерін сақтай отырып қамтамасыз етуге;
- Дербес деректерді тек Науқанды өткізу көлемінде және мақсатында өңдеуге. Дербес деректер субъектілерін кез келген өнімдер мен қызметтер туралы хабардар ету мақсатында, сондай-ақ, кез келген өзге мақсаттарда Дербес деректерді пайдалану және өңдеудің өзге түрлеріне жол берілмейді;
- Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан дерекқорларды пайдалана отырып, оның ішінде интернет желісі арқылы Науқан Қатысушылары ұсынған Дербес деректерді жинауды жүзеге асыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етуге. Науқанды өткізу мақсатында Қатысушылар ұсынған Дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде Ұйымдастырушы және/немесе өзге серіктестер пайдаланатын, Қатысушылардың Дербес деректерін қамтитын дерекқорлары бар серверлер Қазақстан Республикасы аумағында орналасады;
- егер Ұйымдастырушы Науқан Қатысушылары алдындағы өз міндеттемелерін орындау мақсатында Науқан Қатысушыларының Дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруі немесе өзге тәсілмен ашуы қажет болған жағдайда – көрсетілген әрекеттерді «Дербес деректер туралы» Заң талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруға;
- Дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде олардың қорғалуын және қауіпсіздігін, құпиялылығын ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге жауапкершілік көтереді.
9.11. Дербес деректерді өңдеуге келісім Қатысушылар тарапынан Науқанның өткізілуінің бүкіл мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін 1 (бір) жылға беріледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Науқан барысында алынған Дербес деректер Ұйымдастырушы тарапынан сақталмайды және таратуға жатпайды.
9.12. Қатысушы кез келген уақытта Ұйымдастырушыға тиісті хабарламаны тапсырыс хатпен, тапсырылғаны туралы хабарламамен немесе Ұйымдастырушының мұндай қайтарып алуды алуын кепілдік беретін өзге тәсілмен жібере отырып, Дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып ала алады. Ұйымдастырушының Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алуды дұрыс өңдеуі үшін мұндай қайтарып алу кезінде кемінде субъектінің e-mail-ы және байланыс деректері, сондай-ақ, Науқанның атауы / Сайт мекенжайы Қатысушыны бірмәнді сәйкестендіру үшін болуы тиіс. Әйтпесе Ұйымдастырушы Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алатын субъектіге қай сайтта және/немесе қай белсенділік барысында Дербес деректерді өңдеуге келісім берілгені туралы ақпаратты нақтылау мақсатында жүгінуге құқылы.
9.13. Қатысушының Науқан өткізу кезеңінде Дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алуы тиісті Қатысушының Науқанға қатысудан автоматты түрде шығуына әкеп соғады және Науқан Жүлдесін алу мүмкіндігін жояды. Жүлде Қатысушыға бұрын берілген болса, Ұйымдастырушы Ережелер негізінде айқындалатын Жүлденің ақшалай баламасын қайтаруды талап етуге құқылы. Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу туралы хабарлама алынғаннан кейін Ұйымдастырушы оларды өңдеуді тоқтатуға және Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның мұндай өңдеуді тоқтатуын қамтамасыз етуге міндетті, сондай-ақ, егер Дербес деректерді сақтау Дербес деректерді өңдеу мақсаттары үшін қажет болмай қалса, Дербес деректерді жоюды немесе олардың жойылуын қамтамасыз етуді (егер Дербес деректерді өңдеу Ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғамен жүзеге асырылса) көрсетілген қайтарып алу келіп түскен күннен бастап 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға міндетті.
9.14. Ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген кепілдіктерді бұзған Қатысушыларды Науқанның жалпы мерзімі ішінде кез келген уақытта Науқанға қатысудан шеттетуге құқылы.
9.15. Қатысушының өзекті емес (күмәнді) және (немесе) дәл емес (дұрыс емес) деректер ұсынуы Ұйымдастырушыны Жүлде беру жөніндегі міндетінен босатады және мұндай Қатысушының Науқанға қатысудан автоматты түрде шығуына әкеп соғады.
10. БАСҚА ШАРТТАР. ЖАУАПКЕРШІЛІК
10.1. Ұйымдастырушының Жүлделердің сапасына қатысты міндеттемелері олардың өндірушілері/Жүлделер құрамында қызметтер көрсететін тұлғалар ұсынған кепілдіктермен шектеледі. Ұйымдастырушы үшінші тұлғалардың жұмысының сапасы мен әрекеттері үшін жауап бермейді.
10.2. Ұйымдастырушының Қатысушыларға Жүлделерді табыстау (жөнелту) жөніндегі міндеті Ережелерде көрсетілген Жүлделер санымен шектеледі.
10.3. Науқан Жүлдегері кез келген себеппен Жүлдеден бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушы берілген Жүлделердің жалпы санын тиісінше азайту құқығын өзіне қалдырады.
10.4. Ұйымдастырушы Қатысушылардың қате деп танылған әрекеттері/әрекетсіздігінің кез келген салдары үшін, оның ішінде (басқасын қоспағанда) соңғысы көтерген шығындар үшін жауап бермейді.
10.5. Ұйымдастырушы және өзге серіктестер Қатысушының компьютеріне, телефонына немесе өзге құрылғысына қосылған байланыс операторының немесе интернет-провайдердің желісінің техникалық ақаулары үшін; мұндай байланыс операторының әрекеттері/әрекетсіздігі үшін жауап бермейді.
10.6. Ұйымдастырушы осы Ережелерде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және даулы жағдайлар туындаған кезде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қатысушылармен жазбаша келіссөздерге немесе өзге байланыстарға түспеу құқығын өзіне қалдырады.
10.7. Науқан шарттарында талап етілмеген Жүлделерді сақтау және Жүлделерді алу мерзімдері өткеннен кейін оларды талап ету мүмкіндігі көзделмейді. «Талап етілмеген» деп Қатысушылар арасында бөлінбеген Жүлделерді немесе Қатысушылар кез келген себеппен бас тартқан Жүлделер түсініледі. Барлық талап етілмеген Жүлделерді Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдалана алады.
10.8. Науқан өткізу қорытындылары түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
10.9. Науқанға қатысты барлық даулы мәселелер ҚР қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Осы Ережелер Сайтта орналастыру жолымен жариялануға жатады.
10.10. Барлық Қатысушылар Науқанға қатысуға байланысты өздері көтерген кез келген шығындарды (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, интернет желісін пайдалануға, Науқан туралы кез келген ақпарат алуға байланысты шығындарды және т.б.) дербес төлейді.
10.11. Қатысушы Ережелерде көрсетілген міндеттерді бұзған және бұл Ұйымдастырушыда залалдың туындауына әкеп соққан жағдайда, Науқан Қатысушысы мұндай залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
10.12. Ұйымдастырушы Қатысушының қате деп танылған әрекеттері/әрекетсіздігінің кез келген салдары үшін, оның ішінде (барлығынан басқа) соңғысы көтерген шығындар үшін жауап бермейді.
10.13. Ұйымдастырушы мыналар үшін жауап бермейді:
- Қатысушылардың Науқанға қатысуға байланысты міндеттерін орындамағаны/уақытында орындамағаны үшін;
- Қатысушылардан хаттардың, қоңыраулардың және/немесе электрондық хабарламалардың алынбағаны үшін, оның ішінде пошта қызметінің, байланыс ұйымдарының кінәсінен, Науқанды өткізу кезінде пайдаланылатын интернет желісіндегі және/немесе байланыс арналарындағы техникалық мәселелердің және/немесе алаяқтықтың салдарынан;
- Қатысушылардан Жүлделерді алу үшін қажетті құжаттардың және/немесе мәліметтердің алынбағаны/уақытында алынбағаны үшін;
- Қатысушылардан Науқанды өткізу және Жүлделерді беру үшін қажетті толық емес және/немесе дұрыс емес байланыс және/немесе өзге мәліметтердің, дербес деректердің алынғаны үшін;
- Қатысушының Науқанға қатысуы және/немесе Жүлде алуына байланысты кез келген шығындар және/немесе залалдар үшін;
- форс-мажор жағдайлары басталған кезде, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу, карантинді және/немесе кез келген өзге шектеу шараларын, оның ішінде кез келген сипаттағы эпидемиялар мен пандемияларға байланысты енгізу кезінде.
10.14. Ұйымдастырушы Жүлделерге құқыққа қатысты кез келген даулар бойынша жауап бермейді. Кез келген жағдайда Жүлделерді беру туралы түпкілікті шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды және мұндай шешімге шағым жасалуға жатпайды.
10.15. Ұйымдастырушы ұялы телефон нөмірлерінің, электрондық мекенжайлардың тиесілілігі туралы даулар туындаған жағдайда дауларға қатыспайды. Мұндай даулардың барлығы Қатысушылар мен олардың қарсыластары арасында дербес және өз есебінен шешіледі.
10.16. Науқан өткізу қорытындылары бойынша шағымдар Науқан аяқталған күннен кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде [email protected] электрондық мекенжайы бойынша Ұйымдастырушымен қабылданады, көрсетілген мерзім өткеннен кейін шағымдар болмаған жағдайда, Ұйымдастырушының Науқанды өткізу және Жүлделерді табыстау жөніндегі барлық міндеттемелері толық көлемде орындалды және Қатысушы тарапынан шағымсыз қабылданды деп есептеледі.
10.17. Ұйымдастырушы Жүлдегерлер ұсынған байланыс ақпаратының дұрыстығы үшін жауап бермейді. Нақты мән-жайларды ескере отырып, Ұйымдастырушының қалауы бойынша Жүлделерді жөнелту мерзімдері аз ғана өзгертілуі мүмкін.
11. ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НАУҚАН ШАРТТАРЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ
11.1. Науқан қатысушылары оның шарттары мен мерзімдері туралы Сайтта Науқан өткізудің толық шарттарын жалпыға қолжетімді орналастыру арқылы хабардар етіледі.
11.2. Ережелердің толық мәтіні Сайттың «Науқандарды өткізу шарттары» бөлімінде орналастырылуы тиіс.
12. НАУҚАНДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ, ШАРТТАРДЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ
12.1. Науқан (Ұйымдастырушысы Науқан өткізу шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы.
12.2. Науқан Ережелері өзгертілген, сондай-ақ оны тоқтата тұру немесе күшін жою жағдайында, Ұйымдастырушы бұл туралы Қатысушыларды Сайтта тиісті хабарландыру орналастыру арқылы хабардар етеді.
12.3. Науқан өткізуді тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату кезінде Науқан ұйымдастырушысы Сайтта жалпыға қолжетімді түрде тиісті хабарламаны жариялауға міндетті.
13. САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
13.1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем көзінен салық салынатын кірістерге Жүлделер жатады. Осы кіріс түрі (Ұтыс) бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу және ұстап қалу салық агенті – Ұйымдастырушымен жүргізіледі.
13.2. Жүлдегерлер Жүлделер нысанында кіріс алады, салық агенті олар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті салықты (жеке табыс салығын) төлейді.
14. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫМЕН БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ
Қатысушылар Науқан ұйымдастырушысымен мынадай жолдар арқылы байланыса алады:
- Instagram-дағы ресми парақша: https://www.instagram.com/teezkz/
Last updated
Was this helpful?