Серіктестік шарт

Серіктестік шарт

Қарағанды қ., 2024 жылғы 23 тамыздағы редакция

«Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Абишев Нурлан Канатович (бұдан әрі — Компания) бір тараптан және Серіктес екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жекелей «Тарап» деп аталып, төмендегілер туралы шарт жасасты:

1. Терминдер мен анықтамалар

Брендтік киім — Teez брендінің танымалдығын арттыру үшін Серіктестің қызметкерлеріне ұсынылатын киім жинақтары.

Teez-дің беделіне зиян келтіру — Teez-ге қатысты зиянды мәліметтерді таратуға бағытталған, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі хабарламалары қоса алғанда, Серіктестің кез келген әрекеті.

Кіреберіс — ғимаратқа кірер жерде орналасқан, маңдайша жазуды қоса алғанда, сәулет және инженерлік элементтердің жиынтығы.

Тапсырыс — Сатып алушы таңдаған және төлеген Teez-дің немесе Компания тапсырыстарды беру туралы шарт жасасқан кез келген басқа қызметтің ассортиментінің тізімдемесінен бір немесе бірнеше тауар позициясы.

Коммерциялық құпия — сол сәтте немесе мүмкін жағдайларда кірістерді көбейтуге, негізсіз шығындардан аулақ болуға, тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығындағы ахуалды сақтауға немесе басқа да коммерциялық пайда алуға мүмкіндік беретін ақпараттың құпиялылық режимі.

Компания — «Teez Logistics» ЖШС (Teez), БСН 231140010013, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 Есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008.

Құпия ақпарат — Серіктес Шартқа сәйкес қол жеткізген, оның ішінде, Компания оған қатысты коммерциялық құпия режимін белгілеген ақпаратты қоса алғанда, Компания ұсынған жазбаша да, ауызша да кез келген ақпарат. Құпия ақпаратқа, басқалармен қатар, кез келген коммерциялық, қаржылық, аналитикалық, оқу, операциялық немесе кез келген нысандағы өзге де ақпарат немесе деректер, құқықтық және техникалық құжаттама, бизнес-жоспарлар, Компания әзірлеген құжаттар, жобалар, кез келген шарттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, келісімдер, бағалаулар, талдау әдістері, есептер, зерттеулер және т. б. кез келген нысандағы, соның ішінде, электронды түрдегі құжаттар жатады.

ТТК (тиімділіктің түйінді көрсеткіштері) — Серіктестің ТБП қызметі жөніндегі Басшылықтар мен барлық нұсқаулықтарды дұрыс орындауының көрсеткіші. Көлемін Компания белгілейді.

Маркетингтік материалдар —ТБП қызметі кезінде Компания ұсынатын Teez-дің қызметіне қатысты ақпараттық материалдар.

Мессенджер — жедел хабар алмасу қызметі (Telegram, WhatsApp, Facebook Messenger, WeChat, Viber және т.б.).

Серіктес — Шартқа сәйкес ТБП-да тапсырыстарды беруді ұйымдастыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Сатып алушы — Teez-де тапсырыс беру арқылы тауарларды сатушыдан қашықтықтан сатып алатын тұлға.

Үй-жай — жеке меншіктегі немесе жалға алынған Серіктестің тапсырыстарды беру пунктінің (ТПБ) орналасқан жері.

Сатушы — тауарларды Сатып алушыға қашықтықтан сату әдісін қолдана отырып сату бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлға.

Тапсырыстарды беру пункті (ТБП) — Серіктестің немесе Компанияның иелігіндегі Сатып алушыға Тапсырыстарды беретін үй-жайда орналасқан Компанияның өкілдігі.

ТБП қызметі жөніндегі Басшылық — қызметті жүргізу жөніндегі негізгі талаптарды қамтитын Шартқа жасалған ажырамас қосымша. Басшылықтың ішінде талаптардың толық тізімдемесі жоқ.

Тауар — Сатушыға тиесілі және Сатып алушыға беру үшін Серіктеске берілген әр түрлі тауарлар.

Teez — Тапсырыстардың жай-күйі мен қозғалысы, Компанияның тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты, оны өңдеу құралдары туралы өзге де ақпаратты қамтитын, Шарттың тараптары құжаттар мен ақпаратты электрондық түрде алмасу үшін пайдаланатын Компанияның дерекқоры, https://teez.kz мекенжайындағы веб-сайт, сондай-ақ, Компания өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланатын мобильді қосымша.

2. Шарттың мәні

2.1. Шарт талаптарына сәйкес Серіктес Компанияға Сатып алушыларға тапсырыс беру бойынша қызмет көрсетуге міндеттеледі, атап айтқанда:

2.1.1. Компания көрсеткен тәсілмен және белгіленген мерзімде Сатып алушыларға Тапсырыстарды жеткізу және тапсыруға.

2.1.2. Сатып алушыдан қайтарылған Тапсырыстарды немесе Тапсырыс құрамына кіретін жекелеген Тауарларды қабылдауға.

2.1.3. Компания белгілеген мерзім ішінде Сатып алушыларда сұранысқа ие болмаған немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада белгіленген негіздер бойынша Сатып алушылар қайтарған Тапсырыстарды немесе жекелеген Тауарларды Компанияға беруге («қайтаруды» ресімдеу).

2.1.4. Сатушылардан тауарларды қабылдау кезінде, сондай-ақ, тапсырыстарды ТБП-ға дейін тасымалдау кезінде Компанияға көмек көрсетуге.

2.1.5. Шартта, оған жасалған Қосымшаларда және Компания стандарттарында белгіленген талаптарға сәйкес үй-жайды тиісті жағдайда ұстауға.

2.2. Компания Серіктеске көрсетілген қызметтерді Шартта белгіленген тәртіппен төлеуге міндеттеледі.

3. Шарттың қолданылу мерзімі

3.1. Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімде әрекет етеді.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Компания міндеттеледі:

4.1.1. Серіктеске ТБП орналасқатын үй-жайға кіру рұқсатын беруге.

4.1.2. Серіктеске қызмет көрсету үшін қажетті және жеткілікті Сатып алушылар туралы ақпарат беруге.

4.1.3. Шартта белгіленген тәртіппен Серіктестің қызметтеріне ақы төлеуге.

4.2. Серіктес міндеттеледі:

4.2.1. Компанияның нұсқауларына сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді адал және ақылға қонымды түрде орындауға.

4.2.2. Шартты орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Teez-дің ТБП қызметі жөніндегі Басшылығында (Шартқа № 1 Қосымша) қамтылған талаптарды сақтауға. Сатып алушылармен өзара қарым-қатынас кезінде клиентке бағдарлану мен жылы шырай танытуға.

4.2.3. Компанияның талабы бойынша қызмет көрсету барысы туралы оған ақпарат беруге.

4.2.4. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сатып алушылардың дербес деректерін қорғау туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етіп, мұндай деректердің жария етілуіне жол бермеуге.

4.2.5. Teez-ге тиісті мәліметтерді енгізу арқылы Серіктес қызметі шеңберінде барлық операциялардың егжей-тегжейлі есебін жүргізуге.

4.2.6. Teez-ді қолдануға байланысты барлық мәселелер туралы Компанияға хабарлауға.

4.2.7. ТПБ-ның үй-жайын тиісті жағдайда және брендбукке, Компанияның ережелері мен нұсқауларына сәйкес ұстауға.

4.2.8. Шартта белгіленген қызметтен басқа, ТБП мекенжайы бойынша өзге де қызмет жүргізбеуге.

4.2.9. ТБП-ның жұмыс істеуі туралы ақпаратты орналастыру мақсатында өз веб-сайтын әзірлемеуге және пайдаланбауға.

4.2.10. Тауар белгісін, жарнамалық ұрандарды, ауызша логотиптерді және Компанияның қызметтері мен тауарларының өзге де идентификаторларын өзінің фирмалық атауына, Интернет желісінің кез келген домендік аймағында домендік атауына, тіпті Шарттың қолданылу кезеңінде де, қоспауға.

4.2.11. Компания анықтаған Шарт талаптарының бұзылуын Компания белгілеген мерзімде жоюға.

4.2.12. Компания ұсынатын маркетингтік материалдарды Компаниядан алған сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде орналастыруға.

4.2.13. Маркетингтік материалдардың сыртқы көрінісін қадағалауға.

4.2.14. Серіктес Компания жіберетін барлық материалдар зияткерлік меншіктің қорғалатын объектілері болып табылатынын растайды және мойындайды, мұндай материалдарды пайдалану тәртібін бұзу тиісті заңды жауапкершілікке әкеп соғады.

4.2.15. Teez сайтында көрсетілген ТБП жұмыс режимін сақтауға және біржақты тәртіппен өзгертпеуге.

4.2.16. ТПБ-ның жабылуын және жаңа орынға көшуін Компаниямен 90 (тоқсан) күн бұрын келісуге.

4.2.17. Шартта сипатталған Компания қызметіне ұқсас немесе ақылға қонымды шектерде оған ұқсас кез келген басқа коммерциялық немесе коммерциялық емес қызметке ТБП мекенжайы бойынша тікелей немесе жанама қатысудан бас тарту.

4.2.18. Шарт бойынша Серіктестің қызметінен өзгеше ТБП мекенжайы бойынша өзге қызметті жүзеге асырмауға.

4.2.19. Қызметтердің сапасын бақылау мақсатында Компания өкілдеріне инспекция, аудит, құжаттарды көшіру, суретке түсіру және бейнетүсірілім үшін әдеттегі жұмыс күні ішінде алдын ала ескертусіз Серіктес үй-жайларына кіруге кедергі келтірмеуге.

4.2.20. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ТБП жұмысы туралы әлеуметтік желілерде парақшалар мен топтар құрмауға.

4.2.21. ТБП-ны қызметкерлермен қамтамасыз етуге.

4.2.22. Шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде осы Шартта келісілген өз міндеттерін орындауға кірісуге міндетті.

4.3. Компанияның құқығы бар:

4.3.1. Серіктестен қызметтердің орындалу барысы туралы ақпарат алуға.

4.3.2. Шартта белгіленген стандарттардың сақталуын бақылауға.

4.3.3. Үй-жайдың жағдайын Компанияның белгіленген критерийлеріне және Teez-дің ТБП қызметі жөніндегі Басшылығының талаптарына өз қалауы бойынша және кез келген уақытта сәйкестігін тексеруге.

4.3.4. Серіктестің Шартты орындауы үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды, оның ішінде, брендтік киімдерді беру.

4.3.5. ТБП-ны ұстау және жұмысты жүргізу бойынша бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюды талап етуге.

4.4. Серіктестің құқығы бар:

4.4.1 Шартта белгіленген тәртіп пен талаптарда көрсетілген қызметтер үшін төлем алуға.

4.4.2. Шартты орындау мақсатында, Компаниямен алдын ала келісім бойынша, Компания алдында үшінші тұлғаның іс-әрекетіне жауапты бола отырып, Үшінші тұлғамен қызметтер көрсету шартын жасасуға.

4.4.3. Компанияның жазбаша келісімімен Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді толық көлемде үшінші тұлғаға беруге.

5. Қызмет көрсету мерзімі

5.1. Шартқа қол қойылған күннен бастап, оның қолданысы аяқталғанға дейін, Серіктес Шарт бойынша қызмет көрсетеді.

6. Қызметтерді тапсыру-қабылдау

6.1. Шартты орындау мақсатында есептік кезең күнтізбелік ай болып табылады.

6.2. Қызмет көрсетудің әрбір айы аяқталғаннан кейін, Серіктес ай аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтердің актісін Компанияға 2 (екі) данада жібереді, онда есептік кезеңде Серіктес көрсеткен қызметтердің көлемі мен құны туралы ақпарат қамтылады.

6.3. Компания актіні алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарауға және дәлелді қарсылықтар болмаған жағдайда, көрсетілген актіге қол қоюға, не Шарттың осы тармағында көрсетілген мерзім ішінде Серіктеске актіге жазбаша дәлелді қарсылықтар жіберуге міндетті.

6.4. Егер Шарттың 6.3-тармағында белгіленген мерзімде Компания Серіктеске жазбаша дәлелді қарсылықтарын жібермеген жағдайда, Серіктестің қызметтері тиісті түрде көрсетілген және Компаниямен қабылданған болып есептеледі.

7. Серіктестің қызметтерінің құны және есеп айырысу тәртібі

7.1. Шарт бойынша төлем әдісі: Компанияның Қазақстан Республикасының валютасында (теңге) ақшалай қаражатты Серіктестің есеп шотына аударуы. Бұл ретте, Компанияның Шарт бойынша төлемге қатысты міндеті Компанияның есеп айырысу шотынан ақша қаражатын есептен шығару сәтінде орындалды деп есептеледі.

7.2. Серіктестің қызметтерінің құнын есептеуге арналған деректерді Компания ай сайын Teez Дерекқорынан шығарады.

7.3. Серіктестің қызметтерінің құнын есептеу құрамы мен тәртібі Шартқа жасалған № 3 Қосымшада келтірілген.

8. Құпиялылық

8.1. Серіктес Шарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ, Шарт тоқтатылғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде Шарттың талаптарына сәйкес, Серіктеске берілген барлық құжаттарға қатысты құпиялылықты сақтауға міндетті.

8.2. Серіктес берілген ақпаратқа қатысты коммерциялық құпия режимін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 28-бабының 4-тармағына сәйкес, осы мәліметтердің құпиялылығын қорғау жөніндегі шаралар қолдануға міндетті.

8.3. Құпия ақпарат тек Шартты тиісінше орындау үшін қажетті Серіктестің жұмыскерлері мен контрагенттеріне ғана ашылуы мүмкін, бұл ретте, Серіктес әрбір осындай тұлғамен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер жасасып, осындай тұлғаларға аталған ақпараттың құпиялылығын сақтау міндеттемесін жүктеуге міндетті.

8.4. Серіктестің Компанияның алдын ала келісімінсіз Құпия ақпаратты көшіруге, таратуға, жазуға немесе өзге де жолмен көбейтуге құқығы жоқ.

8.5. Серіктес Шарт бойынша Компаниядан алынған Құпия ақпаратты қорғау жөніндегі келесі шараларды қабылдауға міндетті:

8.5.1. Компания Шарт бойынша Серіктеске ауызша, сондай-ақ, қағаз және электрондық жеткізгіштерде беретін барлық Құпия ақпараттың құпиялылығын сақтауға.

8.5.2. Компанияның келісімінсіз кез келген тұлғалардың Құпия ақпаратқа қол жеткізуін болдырмау. Құпия ақпаратқа қол жеткізген адамдардың және/немесе осындай ақпарат берілген адамдардың есебін жүргізу, сондай-ақ, Ноу-хауды құрайтын мәліметтерге қатысты аталған ақпараттың құпиялылығын және коммерциялық құпия режимін сақтау жөніндегі міндеттемелерді осы адамдарға жүктеуді қамтамасыз етуге. Бұл ретте, Құпия ақпаратқа Шартты тиісінше орындау үшін қажетті адамдар ғана Құпия ақпаратқа қол жеткізе алады.

9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9.2. Шарт бойынша тұрақсыздық айыбы Тараптардың бірінің негізделген жазбаша талабы негізінде ғана төленеді.

9.3. Компанияның жауапкершілігі:

9.3.1. Серіктестің қызметтері уақтылы төленбеген жағдайда, Компания Серіктестің талабы бойынша Серіктеске мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген сомадан күніне 0,1% есебінен, бірақ тиісті есептік кезеңдегі қызметтер құнының 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде төлейді.

9.4. Серіктестің жауапкершілігі:

9.4.1. Серіктес, Тапсырыстың және ондағы Тауарлардың Сатып алушыға берілген сәтке дейін сақталуына және қайтару ретінде қабылданған Тапсырыстың және ондағы Тауарлардың Сатып алушыдан Компанияға берілген сәтке дейін сақталуына, осындай тапсырыстың және (немесе) ондағы Тауарлардың құны мөлшерінде жауапты болады.

9.4.2. Серіктес 4.2.16-тармақтың талаптары бұзылған жағдайда, Компанияға келесі формула бойынша есептелген ұтылған пайданы төлеуге міндеттеледі: ұтылған пайданың мөлшері = соңғы айдағы нақты ТБП-ның орташа айналымы/30 * Шарт талаптарын бұзу салдарынан бос тұрған күндер саны.

10. Шартты жасасудың, бұзудың және өзгертудің негіздері мен тәртібі

10.1. Шарт жасасу:

10.1.1. Шарт екі Тарап Өтінім-бланкіне қол қойған күннен бастап жасалған болып есептеледі.

Тараптар Өтінім-бланкіне қол қоймаған жағдайда, Серіктес Есепті (есептік айдың бірінші күнінен бастап) жіберген кезде, не Компанияның Серіктеске жіберген кез келген шотын Серіктес төлеген кезде Шарт жасалған болып есептеледі.

10.1.2. Өтінім-бланкіне қол қою Шарттың барлық талаптарымен келісуді білдіреді.

10.1.3. Егер Серіктес Шарт бойынша өз міндеттерін Шарттың 2.1.-тармағына сәйкес орындаған жағдайда, Серіктес Шарт жасасқан болып есептеледі.

10.2. Шартты бұзу:

10.2.1. Серіктес Шартты орындауды 10 (он) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірген жағдайда, не Шарт талаптарын 3 (үш) реттен артық бұзған жағдайда, сондай-ақ, Серіктес Teez-дің беделіне зиян келтірген жағдайда, Компания Шартты дереу бұзуға құқылы.

10.2.2. Тараптар Шартты бұзудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлама жіберу арқылы Шартты біржақты соттан тыс тәртіпте бұзуға құқылы.

10.2.3. Компания 10.1 және 10.2-тармақтарға сәйкес Шарт бұзылған жағдайда, Шартқа сәйкес ТБП қызметін жүзеге асыру үшін қажетті Серіктестің мүлкін сатып алуға құқылы.

10.2.5. Шарт бұзылған жағдайда, Серіктес күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Шартты орындау шеңберінде Серіктеске берілген барлық мүлікті Компанияға тиісті жағдайда қайтаруға міндеттеледі. Егер мүлікке залал келтірілген жағдайда, Серіктес келтірілген залалды мүліктің орташа нарықтық құны негізінде өтеуге міндеттеледі.

10.3. Шартты өзгерту:

10.3.1. Компания болжамды өзгерістерге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын электрондық пошта мекенжайы бойынша Шарт талаптарының өзгергені туралы хабарлама жіберу арқылы Шартты біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

10.3.2. Шарттың жаңа нұсқасы қосымша келісімге қол қойылмастан күшіне енеді және Тараптардың қатынастарына қолданыла береді.

10.3.3. Компания Серіктесті ескертусіз Шарттағы техникалық және орфографиялық қателерді түзетуге құқылы.

11. Дауларды шешу

11.1. Дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында немесе Компанияның орналасқан жері бойынша шешілуге тиіс.

12. Басқа шарттар

12.1. Тараптардың ілеспе ауызша уағдаластықтары жоқ. Шарт мәтінінің мазмұны Тараптардың нақты еркіне толық сәйкес келеді.

12.2. Шарт жасалғанға дейінгі барлық хат-хабарлар Шарт жасалған күннен бастап заңды күшін жоғалтады.

12.3. Шарттың қандай да бір ережесі заңнаманың өзгеруіне байланысты оның қолданылу мерзімі ішінде жарамсыз болып қалса, Шарттың қалған ережелері Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Тараптар үшін міндетті екенін Тараптар мойындайды.

12.4. Тараптар электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭҚА) қол қойылған құжаттарды электрондық түрде алмасуға өз келісімін растайды. Электрондық түрде құжат алмасу жағдайында Тараптар өздігінен және өз есебінен ЭҚА операторына қосылуға міндеттеледі. Электронды құжат алмасуды Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын болады.

12.5. Серіктестің Шартқа қол қоюы Компанияның өзінің дербес деректерін өңдеуге берген Серіктестің келісімін растайды, атап айтқанда: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, жынысы, жұмыс орны мен лауазымы, пошталық мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу мекенжайы, жұмыс және ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, жеке сәйкестендіру нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі, жеке кәсіпкердің негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі, төлқұжат деректері, биометриялық дербес деректер санатына жататын (жатқызылуы мүмкін) деректер, сондай-ақ, Компания Серіктестен төменде көрсетілген мақсаттарда алған өзге де дербес деректер, соның ішінде, дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, беру, иесіздендіру, бұғаттау, өшіру, жою. Өңдеу мақсаттары, оның ішінде, дербес деректерді жинау мақсаттары: Шарт, кез келген өзге шарттар жасасу, оларды жасасу, өзгерту, орындау және тоқтату мүмкіндігін айқындау, сондай-ақ, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Дербес деректерді өңдеу автоматтандыру құралдарын пайдалану арқылы да, мұндай құралдарды пайдаланбай да жүзеге асырылады. Дербес деректерді өңдеуге келісім бес жыл бойы, ал құжаттарда және қолданыстағы заңнама бойынша сақтау мерзімі бес жылдан асатын өзге де ақпарат тасығыштарда қамтылған дербес деректер бөлігінде дербес деректерді өңдеуге келісім осындай құжаттарды және қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де ақпарат тасығыштарды сақтау мерзімдері ішінде қолданылады. Бұл ретте, келісім, Шарттың 1-бөліміндегі Компанияның мекенжайына тиісті түрде жазбаша өтініш жіберу арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін. Бұл жағдайда, Компания дербес деректерді өңдеуді тоқтатады, ал егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе дербес деректерді өңдеу мәселелерін регламенттейтін Компанияның құжаттарында белгіленген өңдеу үшін өзге құқықтық негіздер болмаса, дербес деректер жойылуға немесе иесіздендіруге жатады. Серіктес Компанияның талабы бойынша, тиісті талап алынған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, Серіктестің атынан Шарт жасасуға, өзгертуге, орындауға және тоқтатуға байланысты іс-әрекеттер жасайтын тұлғалардың дербес деректерін өңдеуге келісімдердің түпнұсқаларын және/немесе көшірмелерін, сондай-ақ, Компания қызметіне қажетті мақсаттарда соңғысына беруге міндеттеледі.

13. Компания деректемелері

«Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі Серіктестігі.

БСН: 231140010013.

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, Есептік орам 134, құрылыс 938, пошта индексі 100008.

Банк деректемелері:

  • КБе 17;

  • Банк: «ForteBank» АҚ, Астана қ.;

  • есеп айырысу шоты: KZ2296503F0013058802 KZT;

  • БСК: IRTYKZKA.


Серіктестік Шартқа № 1 Қосымша. https://docs.teez.kz/v/kk/pvz/agreement (орыс тілінде: https://docs.teez.kz/pvz/agreement) мекенжайы бойынша жарияланған Серіктестік шартқа Өтінім-бланкі

«__» ______________ 202_ ж., Қарағанды қ.

Төмендегілер туралы Серіктестік шартқа жасалған осы Өтінім-бланкіне қол қойды:


Серіктестік шартқа жасалған № 2 Қосымша. Тапсырыс беру пунктінің қызметі жөніндегі Басшылық

1-бөлім: Тапсырыстарды беру пунктінің жұмысына қойылатын жалпы талаптар

1. Серіктес үй-жайды ашуға дайындауы тиіс:

1.1. Серіктес Компаниямен келісе отырып,Teez жарнамалық элементтеріне тапсырыс береді және орнатады.

1.2. Серіктес ТБП-ны жұмыс үшін қажетті жиһазбен қамтамасыз етеді.

1.3. Серіктес қуат көзі нүктелерімен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда қосады.

1.4. Серіктес ТБП-ны жұмыс үшін қажетті техникамен (ноутбук, принтер, тінтуір, роутер, модем, камера, сканер) қамтамасыз етеді, сонымен қатар, бағдарламалық жасақтаманы орнатуды және баптауды қамтамасыз етеді. Болашақта ол техниканың үздіксіз жұмысын бақылайды, егер ол бұзылған болса, оны уақытында жаңасына ауыстырады немесе жөндеуді қамтамасыз етеді. Тапсырыстар санының өсуімен және Компанияның өкімімен Серіктес екінші қызметкерге (ноутбук, сканер, кресло) арналған жабдықпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қоймада қосымша сөрелерді орналастырады.

1.5. Серіктес үй-жайды дайындау қорытындысы бойынша әртүрлі бұрыштардан, соның ішінде, кіру жағынан сапалы фото- және бейнетүсірілім жүргізеді және материалдарды Компанияға береді.

2. Серіктес келісілген күнделікті үздіксіз жұмыс режимін және тиісті pvz түрін қамтамасыз етуі керек:

2.1. Серіктес компанияға ТБП жұмысына кедергі келтіретін жағдайлар туралы, оның ішінде, судың, электр қуатының, жылытудың жоқтығы туралы хабарлайды.

2.2. Серіктес ТБП кіреберіс аймағы мен үй-жайының зақымдануын және авариялық жағдайлардың салдарын жою үшін барлық шараларды қабылдайды.

2-бөлім: Қызмет көрсету, тауарларды қабылдау-тапсыру және қайтару тәртібі

3. Қызмет көрсету кезінде серіктес:

3.1. Тапсырыстарды беру пунктінде тапсырыстарды береді.

3.2. Сатып алушы көрсеткен мекенжайлар бойынша тапсырыстарды курьерлік жеткізіліммен береді.

3.3. Келесі жағдайларда Компанияның тапсырыстарын қайтарады:

3.3.1. Сатып алушы Тапсырысты алудан бас тартқанда;

3.3.2. Сатып алушы Тапсырыстың зақымданғанын, ақауын немесе сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда.

3.4. Сатып алушылардың бұрын алынған Тапсырыстарын қайтаруын қабылдайды.

3.5. Сатып алушыларды мекенжайы, жұмыс кестесі, ТБП-ға жол жүру сипаттамасы, курьерлік жеткізу ережелері туралы тиісті түрде хабардар етеді.

3.6. Тапсырыс беру пунктінде 18 + санаттағы тапсырыстарды бере отырып, клиенттердің жасын тексереді.

4. Тауарларды қабылдау-тапсыру тәртібі:

4.1. Серіктес компанияның ақпараттық жүйесінде Компания қоймасынан тауарлардың ТБП-ға қабылдауын көрсету мақсатында Тауарларды өткізу туралы тиісті деректерді енгізеді.

4.2. Серіктес қабылданатын Тапсырыстарды қаптаманың тұтастығы, берілетін Тапсырыстар саны тұрғысынан тексеруге құқылы;

4.3. Серіктес Тауардың қаптамасының тұтастығы бұзылған жағдайда Компанияға хабарлайды және Тауарды Компанияның қоймасына қайтарады.

5. Тауарды қайтару тәртібі:

5.1. Серіктес, Серіктестің ТБП-да 7 (жеті) күннен артық жатқан және Сатып алушыға берілуге арналған Тапсырысын Компанияға қайтарады;

5.2. Сатып алушы тапсырысынан жалпы бас тартқан жағдайда Серіктес Тауарды Компанияға қайтарады;

5.3. Егер Сатып алушы немесе Серіктестің қызметкері Тапсырыста жетіспеушілік, зақым немесе ақау тапса, Серіктес бұл туралы Компанияға хабарлайды және ақаулы немесе бүлінген затты қоймаға қайтарады;

5.4. Серіктес Тауарлардың барлық түрлерін Компанияның ақпараттық жүйесінде қайтаруды рәсімдеу арқылы қайтарады.


Серіктестік шартқа жасалған № 3 Қосымша. Серіктес қызметінің құны

1. Серіктестің қызметтерінің құны үш бөліктің қосындысы ретінде есептеледі. 1-бөлігі есептік айда берілген тапсырыстардың санына байланысты, 2-бөлігі Серіктестің өз міндеттерін орындауға жұмсаған шығындарына байланысты, 3-бөлігі – ТТК. Серіктес Қызметтерінің құны = 1 бөлік + 2 бөлік + ТТК.

2. 1-бөлігі Сатып алушыға берілген есептік айдағы тапсырыстар санына қарай есептеледі:

  • 1 500 тапсырысқа дейін – айына 125 000 теңге;

  • 1 501 ‒ 2 000 тапсырыс — айына 150 000 теңге;

  • 2 001 ‒ 2 500 тапсырыс — айына 175 000 теңге;

  • 2 501 ‒ 3 000 тапсырыс — айына 190 000 теңге;

  • 3 001 ‒ 4 000 тапсырыс — айына 200 000 теңге;

  • 4 001 ‒ 6 000 тапсырыс — айына 225 000 теңге;

  • 6 001 ‒ 7 500 тапсырыс — айына 250 000 теңге;

  • 7 501 ‒ 9 000 тапсырыс — айына 275 000 теңге;

  • 9 001 ‒ 12 000 тапсырыс — айына 300 000 теңге;

  • 12 001 ‒ 14 000 тапсырыс — айына 325 000 теңге;

  • 14 001 тапсырыс және одан жоғары — айына 375 000 теңге;

3.1. Серіктестің қызметтерінің құнының 2-бөлігін есептеу үшін қызметтер құнының есебіне, Серіктестің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған шығындарының құрамына: үй-жайды жалға алуға жұмсалған расталған шығындар, Акт жасалған күнге расталған коммуналдық шығындар, осы келісім бойынша Серіктестің міндеттерін орындау жөніндегі қызметпен ғана айналысатын әріптес қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар ең төменгі төлем мөлшерінде – 110% мөлшерінде, сондай-ақ, жалақы төлеуге байланысты төленуге міндетті жарналар мен салықтар кіреді.

3.2. Барлық аталған шығындар құжатпен расталған болуы тиіс.

3.3. Коммуналдық шығындарды растайтын құжаттар есептік кезең аяқталған сәттен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Егер растайтын құжаттар 3 ай өткеннен кейін ұсынылса, коммуналдық шығындар өтелмейді.

4. Серіктес, ТПБ қызметі басталған сәттен бастап, өзінің Шарт бойынша міндеттерін орындау қажеттілігінен жұмсалған Серіктестің шығындарын негіздеген жағдайда және көрсетілген шығындардың құрамы мен мөлшерін, осы шығындар тиесілі ТБП-ның мекенжайын көрсете отырып, есептелген кезеңін растайтын есептік құжаттарды ұсынған жағдайда, Компания Серіктес қызметтерінің құнын есептеудің 2-бөлігіне өзге де расталған шығындарды қосуға құқылы. Сондай-ақ, құжатта екі тараптың да тікелей/электрондық-цифрлық қолтаңбамен қолы қойылуы, қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші туралы ақпараттар қамтылуы тиіс.

5. Егер Кіреберісті жайластыру Серіктеске 500 000 (бес жүз мың) теңгеден артық шығын келтірген жағдайда, Компания 24 ай ішінде 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын соманы мынадай формула бойынша өтеуге міндеттеледі: Ай сайынғы өтемақы = (Шығындар сомасы – 500 000 теңге)*1,5/24

6. 3-бөлікті есептеу үшін Серіктес Шарт талаптарының және барлық қолданыстағы нұсқаулықтардың орындалуы туралы ақпарат береді.

7. Компания Серіктеске сыйақыны Компания Есепке қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төлейді.

8. Серіктес қызметтері құнының сомалары ҚҚС-сыз келтірілген. Есептерді және өзге де жабылатын құжаттарды ұсынған кезде, сондай-ақ, төлемдерді жүзеге асыру кезінде Серіктес қызметтерінің құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) тиісті мөлшеріне ұлғаяды.

9.Компанияның Серіктес қызметтеріне ақы төлеу міндеті ТБП қызметі басталған сәттен бастап туындайды.


Серіктестік шартқа жасалған № 4 Қосымша. Акт

«Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Абишев Нурлан Канатович (бұдан әрі — Компания) және ______________________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет етуші ______________________________________________ (бұдан әрі — Серіктес) осы Актті төмендегілер туралы жасасты:

1. Серіктес қызметтерінің құнын есептеу:

2. Осы Акт бойынша Серіктес қызметтерінің құны _________________ (_______________________________________________________________________) теңгені құрайды. Серіктестің жеңілдетілген салық салу жүйесін қолдануына байланысты ҚҚС төленбейді.

3. Акт 2 (екі) данада жасалды — Компания мен Серіктес үшін бір-бірден. Компания тарапынан Актіге қарсылықтар болған жағдайда, Компания бұл туралы Серіктеске Шартта көзделген мерзімде хабарлайды.

Тараптардың қолы:


Last updated

ТОО «Teez Technologies»