LogoLogo
Қазақша
Қазақша
  • Басты бет
  • Сатушыларға
    • Жұмысты бастамас бұрын нені білу керек
    • Сатушыларға арналған нұсқаулық
      • 1. Маркетплейс туралы
        • 1.1. Teez дегеніміз не
        • 1.2. Біздің қағидаттарымыз
        • 1.3. Қауіпсіздік
      • 2. Жұмыс шарттары
        • 2.1. Аккаунт тіркеу
        • 2.2. Маркетплейс тарифтері
        • 2.3. Сатушыларды қолдау бағдарламалары
      • 3. Тауарларға қойылатын талаптар
        • 3.1. Тауарлардың салмағы мен мөлшері
        • 3.2. Тауарлардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары
        • 3.3. Тыйым салынған тауарлар
        • 3.4. Тауарларға арналған құжаттар
      • 4. Тауар карточкаларымен жұмыс
        • 4.1. Дүкен құру
        • 4.2. Тауар карточкаларын құру
        • 4.3. Тауар карточкаларын көру және өзгерту
        • 4.4. Тауарларды модерациялау
        • 4.5. Тауарды бұғаттау
      • 5. Жеткізілімдермен жұмыс
        • 5.1. Жүкқұжат жасау
        • 5.2. Тауарларды қаптау ережелері
        • 5.3. Тауарларды қоймаға жіберу
        • 5.4. Проблемалық тауарлар бөлімі
      • 6. Жарнамалау
      • 7. Сатылымнан кейін
        • 7.1. Ақшаны шығару және қаржы
        • 7.2. Аналитика және есептер
        • 7.3. Есеп беру құжаттары
        • 7.4. Дүкендерді басқа шотқа көшіру
      • 8. Қайтарулармен жұмыс
        • 8.1. Сатып алушылардың тауарларды қайтаруы
        • 8.2. Тауарларды қоймадан қайтару
        • 8.3. Тауарларды кәдеге жарату
      • 9. Teez пайдалы сервистері
        • 9.1. Teez University — оқу және даму
        • 9.2. Teez Shipping — тауарларды жеткізу
        • 9.3. Teez Packing — тауарларды қаптау
        • 9.4. Teez Studio — контент жасау
        • 9.5. Teez BizDev — бизнесті дамытуға көмек
        • 9.6. Teez Retail — ірі брендтермен жұмыс
        • 9.7. Teez Buyer — зауыттардан сатып алу және жеткізу
        • 9.8. Teez Analytics — пайданың өсуіне арналған талдау
        • 9.9. Teez Social — жаңа буын бизнесін ілгерілету
      • 10. Суретке түсіру және өңдеу бойынша жаднамалар
        • 10.1. Фотосуреттерді өңдеуге арналған нұсқаулық
        • 10.2. Тақырыптық фотосуреттерге арналған техникалық тапсырма
        • 10.3. Модельдік фотосуреттерге арналған техникалық тапсырма
    • Шарт (Оферта)
    • Teez серіктестерді қолдау бағдарламасы
  • Тапсырыс беру пункттерінің серіктестеріне
    • Тапсырыстарды беру пунктін ашу жөніндегі нұсқаулық
      • 1. Компания туралы
      • 2. Жұмыс шарттары
      • 3. Орналасқан жер мен бөлмені таңдау
    • Серіктестік шарт
  • Сатып алушыларға
    • Пайдаланушы келісімі
    • Дербес деректерді өңдеу саясаты
    • Құпиялылық саясаты
    • Төлем процедурасы
    • Тауарларды жеткізу ережелері мен шарттары
    • Тауарды қалай қайтаруға болады
    • Аккаунтты жою
    • Біздің деректемелеріміз
    • Науқандарды өткізу шарттары
      • Промокодтарды қолдану ережелері
      • «Пікір үшін промокод» Науқанын өткізу ережелері
      • Рефералды бағдарламаға қатысу ережелері
      • «LUCKY сағат» науқанының ережелері
Powered by GitBook

Товарищество с ограниченной ответственностью «Teez Logistics» | БИН 231140010013 | Юридический адрес: Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек Би, Учетный квартал 134, строение 938, почтовый индекс 100008

On this page
  • Ішкі жарнамалау
  • Іздеу жүйесін оңтайландыру
  • Қосымшадағы баннерлер
  • Топтамалар
  • Промокодтар
  • Push-хабарландырулар
  • Сыртқы жарнама
  • Тауарларға сілтемелер
  • Дүкенге сілтеме
  • Әлеуметтік желілер
  • Мессенджерлер
  • Блогерлер

Was this helpful?

  1. Сатушыларға
  2. Сатушыларға арналған нұсқаулық

6. Жарнамалау

Previous5.4. Проблемалық тауарлар бөліміNext7. Сатылымнан кейін

Last updated 2 months ago

Was this helpful?

Тауарды жарнамалау — маркетплейсте жоғары сатылымға жетудің кілті. Егер сіздің тауарыңыз сапалы әрі оның бағасы тартымды болса да, дұрыс жарнамасыз оны байқамауы мүмкін. Осы бөлімде сізге көбірек сатып алушылардың назарын аударуға, табысыңызды арттыруға көмектесетін құралдар туралы айтып береміз.

Teez University ұсынатын «Тауарларды жарнамалау қағидалары» атты арнайы тегін оқуда бұдан да көп ұсыныстар береміз. Ол қоймаға тауар жөнелткен барлық сатушыларға қолжетімді. Шақырулар электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Ішкі жарнамалау

Біз сіздерге тауарларыңызды Teez-де жарнамалау үшін көбірек мүмкіндік беруге тырысамыз. Жақын арада жеке кабинеттен тікелей жарнаманы баптауға мүмкіндік беретін ішкі маркетингтік құралдар іске қосылады.

Іздеу жүйесін оңтайландыру

Кілт сөздер бойынша іздеу жүйесін оңтайландыру — тауарларды маркетплейсте жарнамалаудың ең маңызды құралдарының бірі. Егер кілт сөздерді дұрыс таңдап, тиімді қолдансаңыз, тауарларыңыз іздеу нәтижелерінде жоғарырақ көрінеді, бұл сатылымды арттырады.

Дұрыс кілт сөздерді табу үшін сатып алушылардың қалай іздейтінін түсіну маңызды. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады:

  • Іздеу бойынша кеңестер — іздеу жолағына сұранысты жаза бастаңыз, жүйенің қандай нұсқаларды ұсынатынын қараңыз.

  • Бәсекелестердің карточкалары — басқа сатушылардың тауар атауларында және сипаттамаларында қандай сөздерді қолданатынын зерттеңіз.

  • Талдау сервистері — мысалы, Яндекс Вордстат және Google Trends.

Тауар карточкаларын құру бөлімінде тауардың іздеу нәтижелеріндегі орнын және сәйкесінше сатылымын арттыру үшін карточкаларды қалай дұрыс толтыру керектігі туралы ұсыныстар бердік.

Қосымшадағы баннерлер

Баннерлер — бұл қосымшаның басты бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан жарқын жарнамалық блоктар. Олар сатып алушылардың назарын бірден аударады және бренд дүкеніне немесе тауарлар топтамасына бағыттай алады.

Топтамалар

Біз тұрақты түрде әртүрлі тақырыптар бойынша тауарлардың топтамаларын жасап тұрамыз: маусымдық науқандар, танымал санаттар, сыйлыққа арналған идеялар, жергілікті өндірілген тауарлар. Бұл сатып алушыларға қажетті тауарларды жылдам табуға көмектеседі, ал сіздің сатылымдарыңызды арттырады.

Егер сіздің де тауарыңыз тақырыптық топтамаға қосылғанын қаласаңыз, серіктестерді қолдау ботында Маркетинг бөлімін таңдап, өтініш қалдырыңыз. Егер сіздің тауарыңыз талаптарға сай келсе, біз оны да қосамыз. Нәтижесін 72 сағат ішінде сіздің электрондық поштаңызға жібереміз.

Промокодтар

Промокодтар жаңа клиенттерді тартуға және қайта сауда жасауға ынталандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, олар орташа чек пен тапсырыстағы тауар санын көбейтудің тамаша тәсілі.

Промокодтарға белгілі бір сомаға, қолдану мерзіміне, пайдалану санына, санатқа немесе нақты тауарлар тізіміне байланысты шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы, 5 000 ₸ басталатын сомаға косметика сатып алғанда 1 500 ₸ жеңілдік беретін промокод. Біз оларды әртүрлі жолдармен таратамыз: әлеуметтік желілер арқылы, қосымшада және тапсырыстардың ішіне саламыз.

Маркетплейстің промокодтары — бұл тауарды төлеу әдісі, сондықтан, олар сіздің қаржыңызға әсер етпейді. Сіздің тауарыңыз промокод арқылы сатылғанына қарамастан, сіз алдын ала жоспарлаған сомаңызды аласыз.

Болашақта біз сіздің дүкеніңіздің сатып алушылары ғана қолдана алатын жеке промокодтар жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Ол промокодтар сіздің қаржыңызға әсер ететін болады.

Push-хабарландырулар

Push-хабарландырулар — бұл қосымшамыздың пайдаланушыларына смартфон арқылы жіберілетін қысқа хабарламалар. Олар сатып алушыларға науқандар, жеке ұсыныстар және жаңа тауарлар туралы ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай хабарламалар назар аудартады, сатып алушыларды бірден әрекет етуге «итермелейді» және олардың қызығушылығын арттырады.

Сыртқы жарнама

Сыртқы жарнамалау арналары жаңа сатып алушыларды тартуға және сатылымды арттыруға көмектеседі. Ең бастысы — әртүрлі құралдарды қолданып көру, нәтижелерді талдау және дәл сіздің бизнесіңіз үшін ең тиімді болатын әдістерді табу.

Тауарларға сілтемелер

Сыртқы жарнамалау әдістерін пайдалану үшін тауарларға сілтемелерді қолданыңыз. Пайдаланушы сілтемені басқанда, ол Teez қосымшасында ашылады.

Тауарға сілтемені қалай көшіруге болады:

  1. Тауарлар бөлімінің басты бетінде:

    • Карточканы басыңыз — барлық SKU көрсетілген терезе ашылады;

  1. Карточканы түзету режимінде:

  1. Сатып алушыларға арналған қосымшада:

    • тауар карточкасын тауып, оны басыңыз;

Дүкенге сілтеме

Өз тауарларыңызды жарнамалау үшін тек тауарлардың сілтемелерін ғана емес, сонымен қатар, бүкіл дүкендікін де пайдалана аласыз.

Дүкенге сілтемені сатып алушыларға арналған қосымшадан көшіріп алуға болады:

  • қосымшадан тауар карточкасын табыңыз немесе сілтеме арқылы оған өтіңіз;

  • тауар карточкасында дүкен атауы бар блокты басыңыз;

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілер — клиенттерді тартудың қуатты құралы. Сіз оны тегін әдістермен де, ақылы жарнама арқылы да пайдалана аласыз.

Төменде тауарыңызды әлеуметтік желілерде жарнамалау бойынша бірнеше кеңес:

  • Пайдалы контент жасаңыз — тауарды пайдалану бойынша ұсыныстар, баламалармен салыстырулар, сатып алушылардың пікірлері мен қаптаманы ашу процесін көрсететін жазбалар мен бейнешолулар.

  • Хэштегтерді қолданыңыз — олар контентті іздеуді жеңілдетеді.

  • Таргеттелген жарнаманы қолданыңыз — бұл қызығушылық танытқан клиенттерді тез табуға көмектеседі.

Мессенджерлер

Мессенджерлер сатып алушылармен тікелей байланыс орнатуға, дүкеніңіздің ассортиментімен таныстыруға және науқандар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Teez-дегі дүкеніңіз туралы аудиторияға хабарлаудың тиімді әдістерінің бірі — WhatsApp Business-те онлайн-сөре жасау:

  • Дүкеніңіз бен тауарлардың сипаттамасы бар бизнес-аккаунт құрыңыз.

  • Танымал сұрақтарға автоматты жауаптарды баптаңыз.

  • Науқандар мен жаңа түсімдер туралы тарату хабарламаларын іске қосыңыз.

Teez University-дегі «Тауарларды жарнамалау қағидалары» оқуы барысында біз WhatsApp Business-те сөрені қалай жасау керектігін кезең-кезеңімен түсіндіреміз. Сондай-ақ, бизнес-профиль мен мәртебе дизайнына арналған дайын үлгілер береміз.

Блогерлер

Блогерлер мен инфлюенсерлерде олардың ұсыныстарына сеніммен қарайтын адал аудиториясы бар. Олардың көмегімен сатып алушыларды тез тартып, сатылымды арттыруға болады.

Блогерді өзіңіз әлеуметтік желілерді талдау арқылы таңдап, таба аласыз. Ол үшін:

  • Мақсатты аудиторияңызды анықтап, аудиториясы сіздікіне сәйкес келетін блогерлерді іздеңіз.

  • Жазылушылардың белсенділігін тексеріңіз — қаралым, лайк және пікір санын бағалаңыз.

  • Блогердің жарнамалық жазбаларын зерттеңіз — олардың шынайылығын және сіздің құндылықтарыңызға сәйкестігін бағалаңыз.

  • Блогермен немесе оның менеджерімен жарнама бағасы мен форматын талқылаңыз. Жарнаманың форматы түрлі болуы мүмкін — жазба, тауарды ашып көрсету, сторис немесе байқау түрінде.


Сілтемемен бөлісу бағанында батырмасын басыңыз.

Түзету режиміне өту үшін карточканың бұрышындағы батырмасын басып, SKU өңдеу дегенді таңдаңыз;

Сілтемемен бөлісу бағанында батырмасын басыңыз.

сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырмасын басып, сілтемені көшіріңіз.

сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырмасын басып, сілтемені көшіріңіз.