# 3.3. Тыйым салынған тауарлар

Teez маркетплейсінде тауарлардың кейбір санаттарын сатуға тыйым салынған. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық шектеулеріне және біздің ішкі ережелерімізге байланысты. Келесі тауарларды сатуға тыйым салынады:

* Репликалар, көшірмелер, жалған өнімдер.
* Алкоголь және құрамында этил спирті бар өзге де өнімдер.
* Шылымдар, темекі және темекі өнімдері, қыздырылатын темекі бұйымдары, кальянға арналған темекі, кальян қоспалары, бонгтар, темекі қыздыру жүйелері, хош иісті ингаляторлар, электронды тұтыну жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
* [Есірткі және психотропты заттар](https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000470), оның ішінде, құрамына кіретін тауарлар да.
* Құрамында шыбын-шіркейлер, тарақ кірпі және/немесе кордицепс бар азық-түлік тауарлары.
* Адамдар мен жануарларға арналған дәрілік препараттар, оның ішінде, құрамында дәрілік заттар бар тауарлар.
* Концентрациясы 7% және одан жоғары сутегі асқын тотығы.
* Мазмұнында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік, зорлық-зомбылық пен порнографияға бас ұруды насихаттайтын немесе үгіттейтін тауарлар, суреттер немесе ақпарат.
* Қарудың барлық түрлері: атыс, суық, травматикалық, пневматикалық қару, оқ-дәрілер және олардың құрамдас бөліктері және т. б.
* Жасаурататын немесе тітіркендіргіш әсері бар аэрозольды заттар, соның ішінде газ және бұрыш баллоншасы.
* [Пиротехникалық бұйымдар](https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011193): петардалар, бенгал шамдары, шартылдақтар, субұрқақ-шамдар, түтіндету құтылары және т. б.&#x20;
* [Бағалы және сирек жер металлдары, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар](https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011148).
* Ақпаратты жасырын алудың техникалық құралдары: тұрмыстық заттар ретінде жасырылған камералар мен диктофондар, тыңдау құрылғылары, жасырын GPS-трекерлері, микро құлаққаптар және т. б.
* Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасының нормаларын сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ұялы байланыс абоненттік құрылғылары.
* Браконьерлік құралдар мен жабдықтар: электрлі қармақтар, аулар және т. б.
* Автокөлік және мотоаккумуляторлар.
* Пайдаланылған тауарлар, сондай-ақ, бағасы төмендетілген тауарлар.
* Қоймаға нақты түсімсіз сандық тауарлар.
* Тегін таратуға арналған тауарлар.
* Діни әдебиеттің барлық түрі.
* Тірі өсімдіктер мен жануарлар.&#x20;
* Улар.

{% hint style="info" %}
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында айналымы шектеулі немесе тыйым салынған өзге де тауарларды сатуға болмайды. Осы ережелерді бұзғаны үшін заңда 25 АЕК-тен басталатын айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
{% endhint %}

***


---

# Agent Instructions: Querying This Documentation

If you need additional information that is not directly available in this page, you can query the documentation dynamically by asking a question.

Perform an HTTP GET request on the current page URL with the `ask` query parameter:

```
GET https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product-requirements/prohibited-goods.md?ask=<question>
```

The question should be specific, self-contained, and written in natural language.
The response will contain a direct answer to the question and relevant excerpts and sources from the documentation.

Use this mechanism when the answer is not explicitly present in the current page, you need clarification or additional context, or you want to retrieve related documentation sections.
