4.2. Тауар карточкаларын құру
Last updated
Was this helpful?
Last updated
Was this helpful?
Біз ұстанатын қағидаттардың бірі — әділдік. Сондықтан тауар карточкалары әр сатушыда жеке болады. Ешкім сізге жазылған пікірлерді, рейтингіңізді және сіз мұқият құрастырған контентті қолдана алмайды.
Дұрыс толтырылған тауар карточкасы — жоғары сатылымдардың себепшісі. Сипаты мен фотосуреттердің сапасы тек сатып алушының алғашқы әсеріне ғана емес, сонымен қатар оның сатып алу туралы шешіміне де әсер етеді. Толық әрі дәл ақпарат конверсияны арттыруға, қайтарулардың санын азайтуға және іздеу нәтижелеріндегі орынды жақсартуға мүмкіндік береді. Карточка жақсы ресімделген сайын, сіздің тауарыңызды тауып, таңдап және сатып алу мүмкіндігі де жоғарылай түседі.
Сол жақ панельде тауар карточкасын жасағыңыз келетін өзіңіз қалаған таңдаңыз. Содан кейін Тауарлар бөлімінде Тауар құру батырмасын басыңыз.
Ашылған бетте барлық қажетті өрістерді толтырыңыз:
Бірінші қадамда — тауар карточкасы үшін ортақ өрістер.
Екінші қадамда — әр SKU (тауардың жеке түрі) үшін фотосуреттер мен бағалар.
Барлық сатушыларға әділ жағдай жасау және сатып алуды клиенттер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін біз тауар карточкаларын ресімдеудің бірнеше ережелерін бекіттік.
Тауар туралы ақпарат екі тілде болуы тиіс: орыс және қазақ. Бұл Қазақстан Республикасы заңының талабы. Сатып алушыға ақпаратты қосымшада таңдаған тіліне сай көрсетеміз.
Тауардың санаты пен сипаттамаларын сатып алушылар үшін автоматты түрде аударамыз.
Кейде тауар карточкасындағы ақпарат сатып алушыларға жалған ақпарат беруі немесе оларға қауіп тудыруы мүмкін. Мұның алдын алу үшін келесілерді көрсетуге болмайды:
Байланыс деректері мен мекенжайлар.
Үшінші тарап сайттар, сервистер және маркетплейстер.
Teez функционалын айналып өтетін жеңілдіктер, кешбэк және тауарды қайтару.
Басқа сатып алушылардың пікірлері. Мысалы, «Біздің тауарға тек оң пікірлер беріледі».
Біз сатып алушыларымызды құрметтейміз, сондықтан біз үшін маркетплейсте қолайлылық пен тәртіпті сақтаған маңызды. Сатып алушыларды тек тітіркендіретін ақпараттық шуды болдырмау үшін, карточкаңызда келесілерді қолданбайтыныңызға көз жеткізіңіз:
Орфографиялық және пунктуациялық қателері бар мәтін.
Тауар туралы пайдалы ақпаратты қамтымайтын кілт сөздерді тізіп жазу.
Эмодзилер мен артық символдар. Мысалы, леп белгілері мен иероглифтер.
CapsLock. Ерекшелік — бұл аббревиатура, жалпы қабылданған бренд немесе модель атауы болса.
Цензурасыз және балағаттаушы лексика.
Тауардың қасиеттерін сипаттамайтын стоп-өздер:
жаппай сатылым, жеңілдіктер, sale, науқан, тренд, хит, тегін, тиімді, арзан, жаңа тауар;
балама, контрафакт, көшірме, реплика, түпнұсқа;
second hand, секонд-хенд, қ/б, арзандатылған тауар, арзандату.
Көбіне сатып алушылар тауарларды іздеу арқылы табады. Тауар атауы түсінікті әрі ақпаратқа толы болған сайын, сатып алушыға таңдау жасау жеңілдей түседі. Сондықтан, сіз жаңа тауар карточкасын құрған кезде алдымен істеуіңіз керек нәрсе — атауын дұрыс жазу.
Мінсіз тауар атауы шығуы үшін біздің ережелерді ұстаныңыз:
Тауар атауын бас әріппен жазыңыз.
Келесі сұлба бойынша құрыңыз: тауар түрі + бренд + модель + негізгі сипаттамалар.
Тырнақшалар мен қысқартылған сөздерді қолданбаңыз (өлшем бірліктерін: г, мл, см және т.с.с есептемегенде).
Тауар атауын тым қысқа етпеңіз: бәсекелесіңізде осындай атаудың болу мүмкіндігі жоғары, ал Google іздеу жүйесінде көбірек көрсетілім алу мүмкіндігі — төменірек болады.
Негізгі сипаттамаларды бөліп көрсетіңіз және тым көп тізімдемеңіз: артық сөздер сатып алушылардың маңызды нәрсеге назар аударуына кедергі келтіреді.
Әр карточка үшін дұрыс санатты таңдау қажет, осылайша сатып алушылар сіздің тауарыңызды тез таба алады.
Алдымен сіз бірінші деңгейлік санатты көрсетуіңіз керек, содан кейін сізде салалық ішкі санаттарды таңдау мүмкіндігі болады.
Тауарға бірден екі санат сәйкес келетін болса, Қосымша санатты қосу батырмасын басып, оған әкелетін жолды көрсетіңіз.
Екінші санатты алып тастағыңыз келсе, Қосымша санатты жою батырмасын басыңыз.
Егер сіз брендті көрсетсеңіз, сатып алушылар сіздің тауарыңызды тезірек таба алады: мысалы, олар іздеуде тиісті сүзгіні орнатқан кезде. Егер сіздің тауарыңызда бренд болмаса, Бренд жоқ нұсқасын таңдаңыз.
Егер сіздің тауарыңыз Қазақстанда жасалған болса және қажет болған жағдайда оны құжаттармен растай алсаңыз, Қазақстанда жасалған деген жазуды таңдаңыз. Біз мұндай тауарларды жергілікті өндірушілерді қолдау үшін сатып алушылар үшін арнайы топтамаға қосамыз.
Сипаттамалар арқылы бір түрдегі, бірақ әртүрлі параметрлері бар тауарларды бір карточкаға біріктіруге болады. Болашақта біз оларды сатып алушыларға арналған қосымшадағы сүзгілер үшін пайдаланамыз, осылайша қажетті тауарды табу оңайырақ болады.
Барлық сипаттамалар топтардан және мәндерден тұрады.
Сипаттамалар тобы — сіз әр түрлі SKU-ларды бір карточкаға біріктіре алатын белгі. Мысалы, бұл тауардың түсі, иісі, көлемі, саны, киімнің өлшемі және т. б. Екі сипаттама тобына дейін таңдауға болады.
Сипаттама мәндері — сіз нақты SKU-ға тағайындайтын сипаттама атауы. Мысалы, егер сіз SKU-ды иіс бойынша топқа біріктірсеңіз, оның мәндері ананас, кофе, қауын және т. б. болады. Қолжетімді нұсқалардың кез келген санын таңдауға болады.
Сипаттамаларды таңдау үшін Сипаттамаларды қосу батырмасын басыңыз. Ұсынылған нұсқалардың ішінен сипаттамалар тобын, содан соң мәндерді таңдаңыз.
Тауарға сипаттамаларды таңдау міндетті емес, бірақ, біз оны жасауды ұсынамыз. Карточка құрғанда, тауардың маңызды параметрі бар сипаттама тобын қосып, мәнін таңдаңыз (мысалы, салмағы 150 грамм). Егер кейінірек сіз осы тауарды басқа параметрмен (мысалы, 350 грамм салмақпен) сатуды шешсеңіз, жаңа карточка жасаудың қажеті жоқ. Жаңа сипаттама мәнін қосып, бір карточкада бірнеше SKU сатуға болады. Бұл сізге де, сатып алушыларға да ыңғайлы.
Қосымшада тәртіп сақтау үшін сипаттамаларды дұрыс пайдаланыңыз:
Тауарға сәйкес келетін сипаттамаларды таңдаңыз.
Бір карточкада әртүрлі атаулар мен тауар түрлерін сатпаңыз.
Киім мен аяқ киім үшін әрдайым өлшем сипаттамасын таңдаңыз, тіпті егер өлшемі біреу ғана болса да.
Әрбір тауар карточкасында оған салынатын ҚҚС мөлшерлемесін көрсету қажет. Оны дұрыс таңдау маңызды, себебі, салық қызметінде қате ақпарат үшін сұрақтар туындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеу шарттары ЖК және ЖШС үшін бірдей. Мөлшерлеме тек сіздің салық режиміңізге және жылдық айналымға байланысты. Ең көп таралған үш салық режимінің мысалында ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруін қарастырайық.
ЖБСТ — жалпыға белгіленген салық тәртібі
Жылдық айналымы 20 000 АЕК дейін
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен жоғары.
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-ке дейінгі ерікті ауысу.
Оңайлатылған — Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық тәртібі
Жылдық айналымы 20 000 АЕК дейін
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен жоғары.
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-ке дейінгі ерікті ауысу.
Бөлшек салық — бөлшек салықтың арнайы салық тәртібі
Жылдық айналымы 600 000 АЕК дейін
ҚҚС-пен жұмыс қарастырылмаған
Мұнда тауарыңыздың барлық артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып беріңіз.
Әдемі әрі пайдалы тауар сипаттамасын жасау үшін біздің ережелер мен ұсынымдарды сақтаңыз:
Сатып алушыларда туындауы мүмкін барлық сұрақтарға жауап көрсетіңіз. Егер клиент карточкадан маңызды ақпаратты таба алмаса, ол толық мәлімет табу үшін бәсекелестердің тауарларына ауысады.
Ыңғайлы құрылым жасаңыз. Тақырыптарды, тізімдерді қолданыңыз және басты ақпаратты ерекшелендіріңіз. Бұл сатып алушыларға қажетті мәліметтерді жылдам табуға көмектеседі. Жақсы сипаттама жасау үшін ChatGPT көмегіне жүгініңіз — сізге қандай мәтін керектігін жазыңыз және тауар туралы маңызды ақпаратты беріңіз. Дайын мәтінді карточкаға қоспас бұрын міндетті түрде тексеріңіз.
Кепілдік мерзімін көрсетіңіз, егер ол тауарда бар болса. Кепілдік өндіруші белгілеген мерзімнен қысқа болмауы керек.
Тауар туралы қысқаша сататын мәтінді және ол туралы ең маңызды ақпаратты қосыңыз — сатып алушы оны карточкаға кірген кезде көреді.
Өлшемдер кестесі сатып алушыларға тауарды дұрыс таңдауға көмектеседі. Біз оны барлық тауарлар үшін толтыруды ұсынамыз — бұл сатып алу ықтималдығын арттырады. Тауар түріне байланысты айналым өлшемдерін, диаметрді, биіктікті, ұзындықты, енді және т. б. көрсетіңіз. Параметрлерді неғұрлым нақты көрсетсеңіз, қайтарымдар мен сатып алушылардың көңіл толмауы соғұрлым азаяды.
Бұл өрісті толтыру міндетті болып табылатын бірнеше тауар санаттары бар:
Киім-кешек, аяқ киім мен аксессуарлар. Параметрлерді тауар түріне байланысты мейлінше толық жазыңыз (жамбас айналымы, бел айналымы, табан ұзындығы және т. с. с.). Бұл сатып алушыларға бірінші реттен дұрыс өлшемді таңдауға мүмкіндік береді.
Үй мен интерьерге арналған тауарлар: төсек-орын заттары (төсек-орын жабдығы, жастықтар, көрпелер және т. с. с.), перделер, жалюзи, түсқағаздар, дастархандар, фотожақтаулар, кілемдер мен кілемшелер.
Шаруашылық тауарлары: орамалдар, ұзартқыштар, пакеттер (сыйлыққа арналған, бөлшектеп өлшеу, қоқысқа арналған).
Спорт және демалысқа арналған тауарлар: фитнес пен йогаға арналған кілемшелер, туристтік кілемшелер, роликтер, конькилер, ескекаяқтар, ұйықтайтын қап.
Құралдар мен жабдық: баспалдақтар, жиылмалы саты, өлшеу құралдары (рулетка, штангенциркульдер және т. с. с.).
Тауардың құрамына кіретін барлық материалдар мен ингредиенттерді көрсетіңіз — бұл сатып алушыға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі, ал сізге клиенттердің қосымша сұрақтарынан құтылуға мүмкіндік береді.
Сатып алушының тауарды дұрыс пайдаланбауынан мәселелер туындамауы үшін, мұнда қолдануға арналған түсінікті нұсқаулықты, сондай-ақ, сақтық шараларын жазыңыз.
Беттегі барлық өрістерді толтырған кезде, карточканы жасаудың екінші қадамына өту үшін Өнім жасау батырмасын басыңыз.
Сіз тауардың кез келген шынайы фотосуретін жүктей аласыз.
Тауар қоймаға түскенде, біз фотосуреттердің біздің стандарттарға сәйкестігін тексереміз.
Егер фотосуреттер стандарттарға сай болса, сіздің фотосуреттеріңізді қалдырамыз.
Фотосуреттерді әрбір SKU-ға жүктеу қажет. Тауар үшін сіз оның сыртқы түріне шамалы әсер ететін сипаттаманы таңдасаңыз (мысалы, қуаты, киім немесе аяқ киім өлшемі), фотосуретті SKU-ның біреуіне ғана жүктеуге болады.
Фотосуреттерді жүктеу үшін Фото бағанындағы тиісті өрісті басып, суретті таңдаңыз. Бір SKU-ға барлығы 5 фотосуретке дейін жүктеуге болады.
Фотосуреттер келесі техникалық талаптарға сәйкес келеді:
Фотосурет форматы — PNG, JPEG, JPG, WEBP.
Жан-жағының өлшемдері — 3 × 4 (ені × биіктігі).
Ажыратымдылығы — 600 × 800 пиксельден кем емес.
Бір файлдың өлшемі — 5 МБ-тан аспайды.
Жақсы сапалы фотосуреттер. Фотосуреттегі тауар жақсы жарықтандырылып, фокуста болуы керек. Фотосуреттердің өзі қалыпты шу деңгейінде болуы керек және бұлыңғыр болмауы керек.
Фоны талаптарға сай:
Біркелкі немесе кішкене градиентпен. Көлеңкелері мен жиегінің сызығы болуы мүмкін.
Модельдік фотосуреттердің фон түсі — #efefef немесе оған жақын болуы керек. Сарғыш-ақ және көгілдір реңктерге аздап ауытқуға рұқсат етіледі.
Кем дегенде бір фотосуретте тауар толығымен көрінеді. Егер сіздің тауарыңыздың сыртқы түрі мен функционалдығын толық ашу үшін 1 фотосурет жеткілікті болса, солай жүктей аласыз. Алайда, біз карточкаға кем дегенде 3 фотосурет жүктеуді ұсынамыз — бұл сатып алушыға тауарды егжей-тегжейлі қарастыруға және көріністен сатып алуға конверсияны арттыруға мүмкіндік береді. Егер кейбір фотосуреттерде тауар немесе модель толық көрінбесе, оларды фотосурет шекарасы бойынша кесіп тастаңыз.
Фотосуретте тек тауар болуы керек — артық бөлшектерсіз:
Коллаждар болмайды. Егер сіз тауардың барынша көп бөлшектерін көрсеткіңіз келсе, оларды жеке фотосуреттермен қосыңыз.
Инфографика жоқ — артық заттар, жазулар, рәміздер және суреттер болмайды.
Заттық фотосуреттерде тауардың функционалдық сипаттамаларын ашуға көмектесетін реквизитке рұқсат етіледі.
Модельдік фотосуреттерде бейтарап және кадрдың жартысынан көп орын алмайтын реквизитке рұқсат етіледі. Мысалы, жиһаз және декор элементтері.
18+ контентін жеткілікті түрде бұлыңғырлату. Блюр интимдік сипаттағы фотосуреттерде де, ұятсыз жазулары бар тауарларда да болуы керек. Мына жағдайларда бұлыңғырлығы бар шеңбер жасалуы керек:
Киімнің фотосуреттерінде модельдің интимді дене бөліктері көрінсе.
Тауар дененің интимдік бөліктерін қайталаса/ұқсаса (мысалы, жыныс мүшелері немесе әйелдің кеудесі).
Тауарда ұятсыз жазулар немесе интимдік сипаттағы суреттер болса.
Teez — премиалды қызмет көрсететін және тиімді шарттар ұсынатын маркетплейс: сіздер сатып алушыларға үздік бағаларды ұсына алатындай етіп, біз қарапайым және арзан комиссияларды орнаттық. Бұл стратегияда ешкім ұтылмайды.
SKU үшін фотосуреттерді жүктегенде, оның бағасын тиынсыз теңгемен көрсетіңіз. Ол үшін Баға жолағын толтырыңыз — ол карточкада көрсетілетін ҚҚС қоса алғандағы тауар құны.
Қалған өрістердің мәндері автоматты түрде есептеледі:
Комиссия — тауарды сатқанымыз үшін алынатын біздің сыйақымыздың сомасы.
Қорытындыға — тауарды сатудан алатын сіздің пайдаңыз.
Барлығын толтырып, тексергеннен кейін Өзгерістерді сақтау батырмасын басыңыз.
Егер сізде карточкалар жасағыңыз келетін SKU саны 100-ден астам болса, хабарласа аласыз, біз көмектесеміз.
Қалған өрістерді өзіңіз толтыруыңыз керек. Егер сіз орыс тілінде сөйлемесеңіз, сөйлейтін адамға жүгініңіз, ақпаратты көмегімен аударыңыз немесе онлайн-аудармашыны (мысалы,,) қолданыңыз.
Сізге ыңғайлы болу үшін Teez-дегі барлық санаттардың жасадық. Іздеу үшін Ctrl+F пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.
Егер сіз өзіңіздің тауарыңызға сәйкес санатты таппасаңыз, жүгініңіз.
Тізімнен қажетті брендті таппасаңыз, біз оны сіздің өтініміңіз бойынша қосамыз. Ол үшін бұл брендтің тіркелгені туралы кез келген растаманы (мысалы, тауар белгісі куәлігінің сканерленген нұсқасы, тіркеу елі көрсетілген тауар белгісінің нөмірі және т. с. с.) жіберіңіз. Қазақстан аумағында тіркелген брендтерді сайтында, ал Ресейде тіркелгендерді — сайтында тексере аласыз. Мұндай бренд бар болса, біз оны қосамыз.
Сіз карточканы құрғаннан кейін де сипаттамаларды қосып немесе өшіре аласыз, бірақ, белгілі бір шектеулер бар — олар туралы бөлімінде жаздық.
Егер осы ережелерді бұзсаңыз, біз карточканы .
Егер сіз өзіңіздің тауарыңызға сәйкес сипаттаманы таппасаңыз, жүгініңіз.
Тауарды барынша шынайы сипаттаңыз. Егер сипаттама шындыққа сай келмесе, сатып алушы күткен нәтижені ала алмайды. Бұл қайтарымдарға, жағымсыз пікірлерге және карточканың әкелуі мүмкін. Мәселені түзеткеннен кейін де рейтинг пен дүкен беделін қалпына келтіру қиын болады.
Суреттер қосыңыз. Фотосуреттер арқылы тауардың сипатталған қасиеттерін көрсетіңіз. Тауардың қолданылу аясын, басқа заттармен салыстырғандағы өлшемдерін, құрылымын және пайдалану нәтижелерін көрсетіңіз. Суретті қосу үшін сыртқы хостингке (мысалы, , , ) жүктеп, Ctrl+V пернелері арқылы осы өріске көшіріп қойыңыз.
Қысқаша сипаттаманы толық сипаттама негізінде жасау ең тиімді әдіс. Оны өзіңіз жаза аласыз немесе көмегіне жүгінсеңіз болады. Толық сипаттаманы жіберіп, тауардың басты қасиеттерін 2–3 сөйлеммен сипаттап беруін сұраңыз. Мәтінді карточкаға қоспас бұрын міндетті түрде тексеріңіз.
Кескінді қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы,,,) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Кескінді қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, , , ) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Кескінді қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, , , ) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Teez-тегі әр SKU үшін 13 саннан тұратын бірегей штрихкод болуы керек. Оны біз автоматты түрде жасаймыз. Штрихкодтарды қолдана отырып, сіз біз тауарды жүйеде және қоймада сәйкестендіре аламыз.
Біз бөлімде талқыланған фото- және бейнеконтентке бірегей тәсілімізді әзірледік.
Егер сәйкес келмесе, біздің стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи коммерциялық фотостудия — оларды суретке түсіріп, жүктейді.
Фотосуреттерді тексеру туралы толық ақпаратты бөлімінде жарияладық.
Фотосуреттерді біздің стандарттар бойынша қалай жасау туралы бөлімінде жаздық. Онда сіз фотосуреттерді өңдеу бойынша қарапайым гайд, сондай-ақ, заттық және модельдік түсірілім жасау үшін сыртқы фотостудияға беруге арналған техникалық талаптарды таба аласыз.
Заттық фотосуреттердің фон түсі — #efefef немесе оған барынша жақын. Егер тауар интерьерлік фотосуреттер рұқсат етілген санаттардың біріне жатса, бөліміндегі мысалдарда көрсетілгендей, фотосуретті #efefef фон түсімен орналастырыңыз.