# 8.2. Тауарларды қоймадан қайтару

Тауарларды таңдауға және жеткізушіден алған кезде олардың ақаулығы мен сәйкестігін тексеруге неғұрлым жауапкершілікпен қарасаңыз, оларды қоймадан қайтарып алу қажеттілігі соғұрлым аз болады. Егер мұндай қажеттілік туындаса, [серіктестерді қолдау қызметіне](https://t.me/TeezBusinessBot) жүгініп, тауарларды қайтаруға болады.

## Қоймадан тауарларды қайтару себептері

Сіз тауарларды кез келген уақытта ала аласыз — жай ғана осылай шешсеңіз де немесе сатылымдар төмен болса да.

Бірақ тауарды міндетті түрде алу керек болатын себептер де бар. Олар мынадай тауарлар:

* **Проблемалық тауарлар** — маркетплейс ережелерінің бұзылуына байланысты қоймада қабылданбаған тауарлар.
* **Ақаулы тауарлар** — тауардың өңі бүлінген, жарамдылық мерзімі өткен, сапасына қатысты шағым бойынша қайтарылған және т. б. Егер тауардың жарамдылық мерзімінің аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалса, оны да ақаулы тауарларға қосамыз.
* **Сақтаудағы тауарлар** — мысалы, ережелерді бұзу салдарынан бұғатталғандар.

## Қоймадан тауарларды қайтару жолы

Егер сіз тауарларды алғыңыз келсе, [серіктестерді қолдау қызметіне ](https://t.me/TeezBusinessBot)хабарласыңыз. Қоймадан қайтаруға тауарларды жинау 14 күнге дейін уақыт алады.

### Teez Shipping қызметтеріне тапсырыс беру

Сұраныс бойынша біздің логистика тауарларды келесі тәсілдермен қайтара алады:

* Алматыдағы [кросс-докқа](https://docs.teez.kz/kk/seller/services/shipping#kross-doktan). Күнделікті сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейміз.
* Сіздің қалаңыздағы тапсырыс беру пунктіне, егер ол [тізімде](https://docs.teez.kz/kk/seller/services/shipping#tapsyrystardy-beru-punktinen) бар болса. Күнделікті сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейміз.

Тауарларды сіздің қалаңызға қайтару үшін олардың жалпы салмағы 15 кг-нан аспауы керек. Егер қайтарылатын тауарлардың салмағы одан көп болса, оларды тек Қарағандыдағы қоймадан тікелей алуға болады.

Тауарлар кросс-докқа немесе ТБП-ға түскенде, біз сізбен байланысамыз. Оларды түскен күннен бастап **7 күн** ішінде алу керек.

#### Өзіңіз алып кету

ТБП-ға жеке куәліктің түпнұсқасымен келіңіз. Біз сізден қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюыңызды сұраймыз және бір данасын сізге береміз.

#### Үшінші тарапқа сенімхат беру

Егер сіз ТБП-дан тауарларды өзіңіз ала алмасаңыз, сенімді тұлға сіздің орныңызда ала алады. Оған жеке куәліктің және [сенімхаттың](https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1xHZmZLL1GIOHi0vQHviUC-G1H8jSYAwu) түпнұсқалары қажет. Біз алушыдан қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюын сұраймыз және бір данасын оған береміз.

### Қарағандыдағы қоймаға келу

**Тауарларды қайтаруға арналған қойма мекенжайы:** Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, 134 Есептік орам, 938 құрылыс, 3-корпус (картада 4/д деп белгіленген). Картадағы нүктені [мына жерден](https://2gis.kz/karaganda/firm/70000001084099667/73.157423%2C49.814324?m=73.157846%2C49.814174%2F17.67) қараңыз — тауарларды алуға бара жатқанда навигаторға осыны енгізіңіз.

Тауарлар қайтаруға дайындалған соң, біз сізбен байланысамыз. Оларды жинақталған күннен бастап **7 күн** ішінде алу керек. Сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейміз.

#### Өзіңіз алып кету

Қоймаға жеке куәліктің түпнұсқасымен келіңіз. Біз сізден қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюыңызды сұраймыз және бір данасын сізге береміз.

#### Үшінші тарапқа сенімхат беру

Егер сіз қоймадан тауарларды өзіңіз ала алмасаңыз, сенімді тұлға сіздің орныңызда ала алады. Оған жеке куәліктің және сенімхаттың түпнұсқалары қажет. Егер сіз [сенімхаттың](https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1xHZmZLL1GIOHi0vQHviUC-G1H8jSYAwu) түпнұсқасын алушыға бере алмасаңыз, оның сканерленген нұсқасын алдын ала [серіктестерді қолдау қызметіне](https://t.me/TeezBusinessBot) жіберіңіз. Біз алушыдан қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюын сұраймыз және бір данасын оған береміз.

***
