# 9.2. Teez Shipping — тауарларды жеткізу

{% hint style="info" %}
Тауарларыңызды басқа қалалардан Қарағандыдағы қоймаға 2026 жылдың 31 мамырына дейін тегін жеткізіп береміз. Тиімді шарттармен жөнелтіп үлгеріңіз!
{% endhint %}

Тауарларды Teez Shipping арқылы жібермес бұрын, оларды екі тәсілдің бірімен дайындау қажет:

* Teez Packing қызметін пайдалану — тауарларды қораптарға салып, оның бетіне [ережелерге](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/packing#id-7-adam.-tauarlardy-oima-a-zhiberi-iz) сай ақпараттарын жазу. Біз өзіміз тауарларды қаптап, жүкқұжаттарын жасаймыз.
* [Жүкқұжаттарды](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment/invoice) өз бетіңізше жасау, содан кейін тауарларды, қораптар мен палеталарды ережеге сай [қаптау](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment/packing).

Тауарларды Teez Shipping арқылы жібермес бұрын жеке кабинетте [жүкқұжат](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment/invoice) құрыңыз және барлық ережелерге сәйкес [тауарларды қаптаңыз](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment/packing).

## Кросс-доктан

**Қай қалаларда:** Алматы.

Жаңа кросс-док Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, 282, ХО қоймасы мекенжайы бойынша орналасқан. Тауарларды кез келген күні 9:00-ден 21:00-ге дейін әкеле беріңіздер. Картадағы нүкте [осында](https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375027296), тауарды тапсыруға бара жатқанда оны навигаторға енгізсеңіздер болады.

Бір күнде 100 палетадан артық тауар әкелуге болмайды.

## Тапсырыстарды беру пунктінен

**Қай қалаларда:** Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Балқаш, Жаңаөзен, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз.

<details>

<summary><strong>Teez Shipping қызметі қолжетімді ТБП мекенжайлары</strong></summary>

* Ақтау, 12-ші шағын аудан, 20.

* Ақтау, 12-ші шағын аудан, 53.

* Ақтау, 20-шы шағын аудан, 7.

* Ақтау, 39-шы шағын аудан, 12.

* Ақтау, 3Б шағын аудан, 5а.

* Ақтөбе, Алтын Орда шағын ауданы, 24Б.

* Ақтөбе, Әлия Молдағұлова даңғылы, 56Дк2.

* Ақтөбе, Темірбек Жүргенов көшесі, 58.\\

* Алматы, 9-шы шағын аудан, 21.

* Алматы, Абдулла Розыбакиев көшесі, 136/1.

* Алматы, Ақсай-1 шағын ауданы, 6.

* Алматы, Бұқар Жырау желекжолы, 10.

* Алматы, Жароков көшесі, 186.

* Алматы, Мәметова көшесі, 3/13.

* Алматы, Манас көшесі, 89.

* Алматы, Назарбаев даңғылы, 25.

* Алматы, Назарбаев көшесі, 229.

* Алматы, Орбита-1 шағын ауданы, 21.

* Астана, Абылай хан даңғылы, 10.

* Астана, Әл-Фараби даңғылы, 21/1.

* Астана, Ақселеу Сейдімбек көшесі, 7.

* Астана, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 18.

* Астана, Бейбітшілік көшесі, 61.

* Астана, Бурабай көшесі, 36А.

* Астана, Е-15 көшесі, 3.\\

* Астана, Жеңіс даңғылы, 73.

* Астана, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 52А.

* Астана, Қасым Қайсенов көшесі, 6.

* Астана, Кенен Әзірбаев көшесі, 20.

* Астана, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 11.

* Астана, Тұран даңғылы, 52.

* Астана, Түркістан көшесі, 30/1.

* Астана, Фариза Оңғарсынова көшесі, 6.

* Балқаш, Уәлиханов көшесі, 9.

* Жаңаөзен, Самал шағын ауданы, 15.\\

* Көкшетау, Еркін Әуелбеков көшесі, 125.

* Көкшетау, Төлеу Сүлейменов көшесі, 23/2.

* Қарағанды, Бұқар Жырау даңғылы, 96.

* Қарағанды, Кеншілер даңғылы, 73/1.

* Қарағанды, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19.

* Қарағанды, Саттар Ерубаев көшесі, 54.

* Қостанай, А.П. Чехов көшесі, 96.

* Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 123.

* Қостанай, Интернационалист-жауынгерлер көшесі, 14.

* Қызылорда, Қорқыт Ата көшесі, 7.

* Павлодар, Астана көшесі, 139.

* Павлодар, Естай көшесі, 89.

* Павлодар, Торайғыров көшесі, 73.

* Петропавл, Евней Букетов көшесі, 51.

* Петропавл, Интернационалдық көшесі, 98.

* Петропавл, Нель Болатбаев көшесі, 4.

* Петропавл, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 109.

* Петропавл, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 238.

* Рудный, Павел Корчагин көшесі, 100.

* Семей, Қабанбай батыр көшесі, 32.

* Семей, Севастополь көшесі, 13А.

* Семей, Селевин көшесі, 25.

* Семей, Спартак көшесі, 11А.

* Талдықорған, Біржан Сал көшесі, 122/128.

* Тараз, Абай даңғылы, 149А.

* Тараз, Әл-Фараби көшесі, 7/5.

* Орал, Солтүстік-Шығыс 2 шағын ауданы, 47.

* Өскемен, Абай даңғылы, 7.

* Шымкент, 16-шы шағын аудан, 6.

* Шымкент, Асқаров көшесі, 9.

* Шымкент, Ғани Ілияев көшесі, 15.

* Шымкент, Ғани Иляев көшесі, 69.

* Шымкент, Республика даңғылы, 46.

* Екібастұз, Кеншілер көшесі, 12.

</details>

Бір күндегі жөнелтілімге қойылатын шектеулер:

* Әр сатушыдан 3 қораптан артық емес.
* Жалпы салмағы 12 кг дейін.
* Бір қораптың максималды өлшемдері 60 × 60 × 40 см.

Тауарларды беру пункттеріне кез келген күні 10:00 бастап 21:00 дейін алып келіңіз. Тауарларды ТБП кіреберісіне емес, ішке алып кіріп, қызметкерге беру қажет.

## Мекенжайдан

**Қай қалаларда:** Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен, Жезқазған, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Құлсары, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент.

Біз тауарларды көрсетілген мекенжайдан өзіміз алып кетеміз, егер:

* Сіздің қалаңыз ТБП арқылы жөнелтуге қолжетімді қалалар [тізімінде](#tapsyrystardy-beru-punktinen) болмаса.
* Сізде ТБП арқылы жөнелту [талаптарына](#tapsyrystardy-beru-punktinen) сай келмейтін ірі жеткізілім болса.

Тауарларыңызды мекенжайдан алып кетіп, қоймаға жеткізуіміз үшін жеке кабинетте өтінім қалдырыңыз. Ол үшін **Қызметтер** бөлімінен **Teez Shipping** қызметін таңдаңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FL1KZZUPz0gNMmfQylMSR%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=0afe6609-fa2f-4216-8c2c-2706aa72e8ca" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Одан кейін қалаңызды таңдаңыз — сол арқылы сізге қолжетімді жөнелту тәсілдерінің барлығын көре аласыз. Қалаға байланысты олар әртүрлі болады. **Мекенжайдан алып кету** бөлімінде **Өтінім жасау** батырмасын басыңыз.

Ашылған беттегі барлық өрістерді толтырып, **Өтінім беру** батырмасын басыңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FTIwA0CHLCsU9XcNd5Pi2%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=7f6308eb-4a73-4cca-af2e-8c7a31b880c7" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Егер өтінімді сағат 17:00-ге дейін қалдырсаңыз, менеджерлеріміз сол күні сізбен хабарласады, немесе, келесі күннің ішінде хабарласады.

***
