# 5.1. Жүкқұжат жасау

Сіз жүкқұжаттарды [жеке деректеріңіз](/kk/seller/instruction/terms/registration.md) тексеріліп, кем дегенде бір [тауар карточкасын](/kk/seller/instruction/product/creating-a-card.md) құрғаннан кейін ғана жасай аласыз.\
\
Сіздің тауарларыңыз сатылымға шығу үшін оларды екі әдістің бірімен дайындау қажет:

* [Teez Packing](/kk/seller/instruction/services/packing.md) қызметін пайдалану — тауарларды Teez Packing қоймасына жіберіңіз, біз оларды өзіміз қаптап, жүкқұжат жасаймыз.
* Жүкқұжатты өзіңіз жасау — осы бөлімдегі ережелерге сәйкес жүкқұжат құрып, [тауарларды қаптап](/kk/seller/instruction/shipment/packing.md), қоймаға жіберіңіз.

Жүкқұжатты жасау алдында маңызды нәрселер:

* Әр жүкқұжат бойынша бір немесе бірнеше қорап немесе паллет тауар жинақтауға болады.
* Бір жеткізілімде жүкқұжат саны шектелмеген.
* Егер сіз [тауарлары бар қораптарды қаптап](/kk/seller/instruction/shipment/packing.md) қойсаңыз, жоспарланған жеткізілімдегі әр SKU жүкқұжатта көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

## Жүкқұжат қалай құрылады

Жөнелтілім туралы құжатты жасау үшін **Жүкқұжаттар** бөліміне өтіп, **Жүкқұжат жасау** батырмасын басыңыз.&#x20;

<figure><img src="/files/3yKxZdRkNcspovnkDALh" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Осыдан кейін сіз таңдалған дүкендегі барлық тауарлар тізімін көресіз. Бірнеше дүкеннен тауарларды жөнелткіңіз келген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке жүкқұжат жасау қажет.

Қажетті SKU-ды жылдам табу үшін тауарды атауы немесе штрихкоды арқылы іздеңіз.

<figure><img src="/files/5NHTp3EnUcn35NbyBrbD" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Жүкқұжатқа қосқыңыз келетін SKU-дың сол жағына құсбелгі қойыңыз — ол оң жақ терезеде пайда болады. Әрі қарай, әр тауардың қанша бірлігін қоймаға жөнелтуді жоспарлап отырғаныңызды көрсетіңіз. Сіз әр таңдалған SKU-дың кез келген санын әкеле аласыз, бірақ, бір данадан кем емес.

Бір жүкқұжаттағы максималды тауар саны — 3 500 SKU және 5 000 дана.

<figure><img src="/files/QJXjwMxrJqeiyJFsJ90p" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Егер таңдалғандар тізімінен тауарды алып тастағыңыз келсе, сол жақ терезеде оның жанындағы құсбелгіні алып тастаңыз немесе оң жақ терезедегі себет белгішесін басыңыз.

<figure><img src="/files/1qWcqNBRyyletxQqQVio" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

## Жүк орындарының санын қалай анықтауға болады

Жүкқұжаттағы барлық тауарлардың санын толтырған кезде, **Жүкқұжат жасау** батырмасын басыңыз.

<figure><img src="/files/zCKjPzjPa8TGuQ2DAinH" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Тауарларды қораптарға немесе палеталарға [біздің ережелерге](/kk/seller/instruction/shipment/packing.md) сәйкес салыңыз және олардың жалпы санын анықтаңыз — бұл жүк орындарының саны болмақ.

Әрі қарай сіз **Жүк орындарының саны** өрісінде келесіні көрсетуіңіз керек:

* егер сіз тауарларды қораптарға жөнелтсеңіз, жүкқұжат бойынша жиналған қораптардың саны;
* егер сіз тауарларды палета ережелеріне сәйкес жөнелтсеңіз, жүкқұжат бойынша құрылған палеталар саны.

Жүк орындарының саны жүкқұжаттағы данамен есептегендегі тауарлар санынан артық бола алмайды. Барлығын тексергеннен кейін **Сақтау** батырмасын басыңыз.&#x20;

{% hint style="info" %}
Бұл өрісті мұқият толтырыңыз: оны өзгертуге болмайды, әйтпесе сіз жүкқұжаттан бас тартуыңыз керек болады. Егер қораптардың немесе палеталардың нақты саны көп болып кетсе, сіз олардың бір бөлігін қоймаға жөнелту үшін қажетті жеке баркодтарды басып шығара алмайсыз.
{% endhint %}

<figure><img src="/files/s197E9HVqxsV5jyONxaB" alt="" width="556"><figcaption></figcaption></figure>

## Жүкқұжатты қалай жоюға болады

Егер сіз тауарды осы жүкқұжат бойынша жіберу туралы ойыңызды өзгерткен болсаңыз немесе оған өзгертулер енгізгіңіз келсе, жүкқұжаттан бас тартыңыз.

**Жүкқұжаттар** бөліміне өтіп, жасалған жүкқұжатты басыңыз. Ашылған терезеде **Жүкқұжаттан бас тарту** батырмасын басыңыз. Жүкқұжаттан бас тартқаннан кейін ол жалпы тізімнен жоғалады.

<figure><img src="/files/uVTDrkmwxNOtDEy9E0m4" alt="" width="563"><figcaption></figcaption></figure>

***


---

# Agent Instructions: Querying This Documentation

If you need additional information that is not directly available in this page, you can query the documentation dynamically by asking a question.

Perform an HTTP GET request on the current page URL with the `ask` query parameter:

```
GET https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment/invoice.md?ask=<question>
```

The question should be specific, self-contained, and written in natural language.
The response will contain a direct answer to the question and relevant excerpts and sources from the documentation.

Use this mechanism when the answer is not explicitly present in the current page, you need clarification or additional context, or you want to retrieve related documentation sections.
