2.2. Маркетплейс тарифтері

Сіз әрқашан маркетплейсте қанша ақша тапқаныңызды нақты білу үшін біз тек тауарды сатудан комиссия ұстаймыз.

circle-info

Тауарды сатқаннан кейін ақшаны шығару тәсілдері туралы Ақшаны шығару және қаржы бөлімінде жаздық.

Комиссия пайыздары

Біздің сыйақымыздың пайызы тек тауарды сату бағасына байланысты.

Тауар бағасы (₸), ҚҚС-ты қоса алғанда
Маркетплейс сыйақысы

499 999 және одан жоғары

3%

149 999 – 499 998

4%

49 999 – 149 998

5%

34 999 – 49 998

6%

19 999 – 34 998

7%

14 999 – 19 998

8%

9 999 – 14 998

10%

4 999 – 9 998

13%

2 499 – 4 998

15%

1 499 – 2 498

20%

999 – 1 498

25%

499 – 998

30%

498-ге дейін

35%

Сонымен қатар, бізде кез келген тауар үшін минималды баға шектеуі бар. Мысалы, қазір жеке кабинетте сіз бағаны 99 ₸ төмен қоя алмайсыз, сондықтан, өте арзан тауарларды жиынтықтармен сатуға болады: мысалы, бір жұп шұлық емес, бес немесе он жұп жиынтығы.

Біз сізге құны 1 500 ₸ дейінгі тауарларды жиынтыққа біріктіруді ұсынамыз — осылай тиімді. Өйткені, тауардың құны неғұрлым жоғары болса, сыйақымыздың пайызы соғұрлым төмен болады. Ал ол, сіздің пайдаңыз көбірек болады, клиент тауарды арзанырақ алады деген сөз.

Сондай-ақ, жақын арада біз комиссияның ерекше шарттарымен шағын көтерме сату механикасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз міндетті түрде сізге бұл туралы алдын ала хабарлаймыз.

Барлық негізгі қызметтер комиссияға енгізіліп қойған

  • Тауарларды қоймаға қабылдау және орналастыру.

  • Тапсырыстың бүкіл циклі: жинау, брендтік курьер-пакетке орау, жөнелтуге дайындық, сатып алушының қаласына жеткізу, тапсырысты ТБП-да беру және егер клиент тауарды қайтарса, қоймаға қайтару.

  • Эквайринг пен кассалық қызмет көрсету шығындары.

  • Teez-де жұмыс істеуге қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін серіктестерді қолдау қызметіarrow-up-right.

  • Тауарларды сақтау олардың сатылымына және айналымына қарамастан 2026 жылдың 31 мамырына дейін тегін. 2026 жылдың 1 маусымынан бастап ақылы сақтау енгізіледі, бірақ, айналымы үш айға дейінгі тауарлар бұрынғыдай тегін сақтала береді.

Комиссияға енгізілмеген қосымша қызметтер

circle-info

2026 жылдың 31 мамырына дейін Teez Shipping, Teez Packing және Teez Studio қызметтері барлық сатушылар үшін тегін.

  • Teez Shipping — тауарларды біздің логистикамен сіздің қалаңыздан Teez-дің Қарағандыдағы қоймасына жеткізу нарықтық бағадан едәуір төмен.

  • Teez Packing — тауарларды тексеру, буып-түю, штрихкодтарды қолдану және қоймаға жөнелтуге дайындау бойынша басқа да қызметтер.

  • Teez Studio — егер сізде маркетплейс ережелеріне сәйкес фотосуреттер болмаса, тауарларды суретке түсіру.

Сіздің маркетплейстегі жұмысыңызды одан да ыңғайлы ететін қызметтер туралы толығырақ Teez пайдалы сервистері бөлімінен оқыңыз.


Last updated

Was this helpful?