# «Көбірек жөнелту — көбірек ілгерілету» промо-науқанының ережелері

## 1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл Ережелер Teez маркетплейсінің сатушылары (әрі қарай — Қатысушылар) арасында промо-науқанды (әрі қарай — Науқан) ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

1.2. Науқанның ұйымдастырушысы – "Teez Logistics" ЖШС (әрі қарай — Ұйымдастырушы).

1.3. Науқан сатылымдарды арттыру мен сатушылармен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту мақсатымен өткізіледі.

1.4. Науқанға қатысу ерікті түрде және тегін жүргізіледі.

## 2. Өткізілу мерзімдері

2.1. Науқанды өткізу кезеңі: 2026 жылғы 20 сәуірден 2026 жылғы 15 мамырға дейін.

2.2. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау — 2026 жылғы 31 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.

## 3. Қатысу шарттары

3.1. Науқанға Teez маркетплейсінде тіркелген, науқан кезеңінде Teez қоймасына тауар жөнелтетін кез келген сатушы қатыса алады (18+ санатындағы тауарлар мен іш киімдер кірмейді).

3.2. Жаңа сатушылар үшін қатысудың міндетті шарты — Науқан кезеңінде кемінде 25 SKU жөнелту.

3.3. Тіркелген сатушылар үшін міндетті шарт — бұған дейін Teez қоймасына жеткізілмеген кемінде 20 жаңа SKU жөнелту.

3.4. Қатысушы жөнелтілген SKU саны бойынша тиісті талаптарды орындаған жағдайда Науқанға автоматты түрде қатысушы болып есептеледі.

3.5. Ұйымдастырушы визуал контент эстетикасын, маркетингтік шектеулерді және Teez бренд саясатын ескере отырып, ілгерілетуге жататын нақты тауарларды өз бетінше айқындау құқығын өзіне қалдырады.

## 4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

4.1. Кезең қорытындысы бойынша барлық Қатысушыларды жөнелтілген тауар бірліктері бойынша сұрыптау жүргізіледі.

4.2. Жөнелтулер саны бойынша рейтингте алғашқы үш орын алған 3 Қатысушы жеңімпаз атанады.

## 5. Сыйлықтар мен ілгерілету

5.1. Жаңа сатушылар үшін сыйлықтар келесідей бөлінеді:

* 1 орын: Teez қосымшасының басты бетінде 2 тауарды 7 күнге бекіту.
* 2 орын: Teez қосымшасының басты бетінде 1 тауарды 6 күнге бекіту.
* 3 орын: Teez қосымшасының басты бетінде 1 тауарды 4 күнге бекіту.

5.2. Тіркелген сатушылар үшін сыйлықтар келесідей бөлінеді:

* 1 орын: Жеке тауар сөресін құру (бір санатта жеткілікті ассортимент болған жағдайда) және Teez қосымшасының басты бетінде 1 тауарды 7 күнге бекіту.
* 2 орын: Teez қосымшасының басты бетінде 1 тауарды 7 күнге бекіту.
* 3 орын: Teez қосымшасының басты бетінде 1 тауарды 4 күнге бекіту.

5.3. Науқан шарттарын орындаған барлық қатысушылар Teez қосымшасының басты бетінде 7 күнге орналастырылатын «Жаңалықтар» топтамасында тауарларын кепілдендірілген түрде орналастыру мүмкіндігін алады.

5.4. Ұйымдастырушы Қатысушымен келісу арқылы орналастыру мерзімдерін, форматын және ілгерілетілетін тауарлар санын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

5.5. Сыйлықтар ақшалай өтемге жатпайды.

5.6. Орналастыру жалпы тәртіппен, жеке дизайнсыз немесе қосымша безендірусіз жүзеге асырылады.

## 6. Ерекше шарттар

6.1. Қоймаға нақты жөнелтілген тауарлар (қоймада қабылдауы расталған) ғана есепке алынады.

6.2. Қатысушы тарапынан ережебұзушылықтар анықталған жағдайда (деректерді қолдан жасау, қоймамен жұмыс істеу қағидаларын бұзу), Ұйымдастырушы оны еш түсініктемесіз Науқаннан шығарып тастауға құқылы.

6.3. Ұйымдастырушы Науқанға қатысуға әсер ететін техникалық ақаулар үшін жауап бермейді.

6.4. Ұйымдастырушы Қатысушыларға олардың Науқанға қатысуына немесе қатыса алмауына байланысты келтірілген қандай да бір шығындар үшін жауапты емес.

6.5. Ұйымдастырушы интернет-ресурстардың, мобильді қосымшаның, жөнелтілімдерді есепке алу жүйесінің және Науқанды өткізу барысында пайдаланылатын өзге де техникалық құралдардың үзіліссіз жұмысына кепілдік бермейді.

## 7. Ақпарат беру тәртібі

7.1. Науқан туралы ақпарат сатушының жеке кабинетінде, Teez сайтында және ресми коммуникация арналарында орналастырылады.

7.2. Қорытындылар ресми арналарда жарияланады және жеңімпаздарға жекелей жеткізіледі.

## 8. Деректерді өңдеуге келісім беру

8.1. Науқанға қатысу Қатысушының оның жеке деректерін Науқан өткізу және маркетингтік коммуникация мақсаттарында өңдеуге келісім беруін білдіреді.

## 9. Қорытынды ережелер

9.1. Ұйымдастырушы Қатысушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып, Науқан шарттарын өзгерту құқығын өзінде қалдырады.

9.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Ұйымдастырушының орналасқан мекенжайы бойынша шешіледі.

***


---

# Agent Instructions: Querying This Documentation

If you need additional information that is not directly available in this page, you can query the documentation dynamically by asking a question.

Perform an HTTP GET request on the current page URL with the `ask` query parameter:

```
GET https://docs.teez.kz/kk/seller/promo.md?ask=<question>
```

The question should be specific, self-contained, and written in natural language.
The response will contain a direct answer to the question and relevant excerpts and sources from the documentation.

Use this mechanism when the answer is not explicitly present in the current page, you need clarification or additional context, or you want to retrieve related documentation sections.
