# Жұмысты бастамас бұрын нені білу керек

Егер сіз Teez-де сатуды бастауды ойлап жүрген болсаңыз, осы жаднаманы оқыңыз — бұл сіздің 5 минут уақытыңызды ғана алады.

***

**Мазмұны:**

* [Жұмыс шарттары мен ерекшеліктері](#zh-mys-sharttary-men-erekshelikteri)
* [Маркетплейс комиссиясы](#marketpleis-komissiyasy)
* [Teez-те сатушы болу](#teez-di-satushysy-bolu)
* [Teez-те сатуды тегін үйрену](#teez-de-satudy-tegin-irenu)
* [Жұмысты жеңілдететін Teez сервистері](#zh-mysty-zhe-ildetetin-teez-servisteri)
* [Нені сатуға болады және болмайды](#neni-satu-a-bolady-zh-ne-bolmaidy)
* [Қоймаға алғашқы жеткізілімді қалай тез жасауға болады](#oima-a-al-ash-y-zhetkizilimdi-alai-tez-zhasau-a-bolady)
* [Teez сатушыларына арналған жаңалықтар](#teez-satushylaryna-arnal-an-zha-aly-tar)
* [Қосымшаны жүктеу](#osymshany-zh-kteu)
* [Қолдау қызметімен байланысу](#oldau-yzmetimen-bailanysu)

***

## Жұмыс шарттары мен ерекшеліктері

Біз CFBO бірегей моделі бойынша жұмыс істейміз: сіздің тауарларыңызды Қарағандыдағы бірыңғай үлкен қоймада сақтаймыз. Бұл бізге барлық тапсырыстарды жинап, сатып алушыларға небәрі 1 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.

Біз әрбір серіктесімізді құрметтейміз және сіздермен ынтымақтастықты бағалаймыз. Бұл біздің маркетплейсіміздің ережелерінде де бекітілген:

* Біз серіктестерге айыппұл салмаймыз. Кейде қателіктерден құтылу мүмкін еместігін түсінеміз. Егер сіз біздің ережелерімізді бұзсаңыз, тауарды қоймаға қабылдамауымыз немесе оны сатылымнан алып тастауымыз мүмкін. Бұл бізге қызмет пен тауар сапасының жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, ал сізге — сатып алушылардың теріс пікірлері мен рейтингтің төмендеуінен қорғануға көмектеседі.
* Әрбір сатушының тауар карточкалары жеке өзіне тиесілі. Ешкім сіздің пікірлеріңізді, рейтингіңізді және мұқият дайындаған контентіңізді пайдалана алмайды. &#x20;
* Серіктестіктің барлық шарттарын ыңғайлы форматта бекіттік. [Офертада](/kk/seller/agreement.md) сіз бен Teez арасындағы қатынастарды реттейтін маңызды құқықтық мәселелерді көрсеттік. Сонымен қатар, біздің маркетплейспен қалай жұмыс істеу керектігін қарапайым тілмен түсіндіретін [нұсқаулық](/kk/seller/instruction.md) бар. &#x20;

## Маркетплейс комиссиясы

Сіздің маркетплейсте қанша табыс тапқаныңызды әрқашан нақты білуіңіз үшін біз комиссияны тек тауар сатылған кезде ғана ұстаймыз. Тауар бағасына байланысты комиссия кестесін [нұсқаулықта](/kk/seller/instruction/terms/fees.md#komissiya-paiyzdary) жарияладық.

Барлық негізгі қызметтер комиссияға енгізілген: тауарды қоймаға қабылдау және орналастыру, тапсырыстың толық циклі, эквайринг шығындары, серіктестерді қолдау. Сондай-ақ, тауарларды қоймада олардың айналымына қарамастан, 2026 жылғы 31 шілдеге дейін тегін сақтаймыз.

## Teez-дің сатушысы болу

Teez-де сатушы болу үшін мыналар қажет: &#x20;

1. Қазақстан Республикасында ЖК немесе ЖШС тіркеу. Сізде ЭҚЖЖ ретінде 47910 — Поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату таңдалғанына көз жеткізіңіз. &#x20;
2. [seller.teez.kz](/main.md) сайтында тегін тіркелу. Тіркеуден өткен соң, жеке деректерді [нұсқаулық](https://docs.teez.kz/kk/seller/pages/26AUPDncRri5Shv5RkC5#id-3-adam.-zheke-derekterdi-toltyry-yz) бойынша толтырыңыз.

{% embed url="<https://www.youtube.com/watch?v=85pPosVecN8>" %}

## Teez-де сатуды тегін үйрену

Сіздің e-commerce әлеміне енуіңіз барынша тиімді болуы үшін [Teez University](/kk/seller/instruction/services/university.md)-де тегін оқуды дайындадық. 4 сағат ішінде сіз қалай тауашаларды таңдау, жеткізушілерді табу, тауар сатып алу, Teez-де тауар карточкаларын құру және тағы басқа көптеген нәрселерді үйренесіз. Оқуды айына бірнеше рет онлайн және офлайн өткіземіз. [business.teez.kz/university](http://business.teez.kz/university) сайты арқылы тіркеліңіз. &#x20;

Сонымен қатар, Teez-бен жұмыс туралы өзекті ақпаратты кез келген уақытта оқи алуыңыз үшін қарапайым тілмен [сатушыларға арналған нұсқаулық](/kk/seller/instruction.md) жаздық. Ол қателіктерден сақтануға және құнды ресурстарды үнемдеуге көмектеседі. Оны табу өте оңай: [docs.teez.kz](/kk/main.md) сайтына өтіңіз немесе жеке кабинеттегі **Нұсқаулықтар** батырмасын басыңыз.

## Жұмысты жеңілдететін Teez сервистері

Teez-дегі жұмысыңызды одан әрі жеңілдету үшін біз тұтас инфрақұрылым құрып, бірнеше [пайдалы сервистерді](/kk/seller/instruction/services.md) іске қостық.

Сіздерге жеткізілімдерді тиімді шарттармен жасау мүмкіндігін беру үшін 2026 жылғы 31 шілдеге дейін біздің 2 ақылы қызметіміз тегін болады.

* [Teez Shipping](/kk/seller/instruction/services/shipping.md) — сіздің қалаңыздан Teez қоймасына дейін тауарларды біздің логистикамен жеткізу. &#x20;
* [Teez Packing](/kk/seller/instruction/services/packing.md) — тауарды тексеру, қаптау, штрихкодтарды жапсыру және қоймаға жіберуге дайындаудың басқа да қызметтері. &#x20;

## Нені сатуға болады және болмайды

Teez-де әртүрлі санаттағы тауарларды сатуға болады. Бірақ жекелеген тауарларға қатысты шектеулер бар: &#x20;

* Қазақстан Республикасының заңнамалық шектеулеріне және біздің ішкі ережелерімізге байланысты кейбір тауарларды сатуға тыйым салынады. [Міне, олардың тізімі](/kk/seller/instruction/product-requirements/prohibited-goods.md). &#x20;
* Тауарлардың салмағы мен өлшемі рұқсат етілгеннен аспауы керек. Біз тапсырыстарды келесі күні жеткізуді қамтамасыз ету үшін өте үлкен тауарларды сатпаймыз. Тауарлардың максималды габариттері мен салмағы [нұсқаулықта](/kk/seller/instruction/product-requirements/weight-and-size.md) жарияланған. &#x20;
* Егер заң бойынша тауардың жарамдылық мерзімінің болуы қарастырылған болса, ол [ережелерге](/kk/seller/instruction/product-requirements/expiration-date.md) сәйкес болуы керек.

Біз өз клиенттерімізге қамқорлық жасаймыз, сондықтан, тауар сапасына мұқият қарауды сұраймыз. Егер ол Қазақстан Республикасының заңдары бойынша талап етілсе, онда сізде тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарыңыз болуы керек. Егер бізде тауардың сапасына немесе түпнұсқалығына күмән туындаса, біз оларды кез келген уақытта сұрата аламыз. &#x20;

## Қоймаға алғашқы жеткізілімді қалай тез жасауға болады

Сіздің қоймаға жөнелтуіңіз тез және қателіктерсіз өтуі үшін біз сізбен телефон арқылы хабарласып, кеңес береміз және барлық сұрақтарыңызға жауап береміз. Егер алғашқы жеткізілімді жүзеге асыруға көмектескенімізді қаласаңыз, [серіктестерді қолдау ботынан](https://t.me/TeezBusinessBot) **Бір аптадағы жөнелтілім** опциясын таңдаңыз — сізге бір күн ішінде қоңырау шаламыз.

## Teez сатушыларына арналған жаңалықтар

Сіз әрқашан өзгерістерден хабардар болуыңыз үшін біз олар туралы әлеуметтік желілерде және электронды пошта арқылы хабарлаймыз: &#x20;

* [«Teez Сатушылары» Telegram-арнасы](https://t.me/teezkz_seller).
* [Teez сатушыларына арналған Instagram](https://www.instagram.com/teezkz_seller/?hl=ru).
* Сіздің жеке кабинетте көрсеткен поштаңызға нұсқаулықтағы барлық маңызды өзгерістерді жібереміз.

Сонымен қатар, бізде Teez серіктестері бір-бірімен сөйлесетін, кеңестермен бөлісетін және тәжірибе алмасатын [сатушылар чаты](https://t.me/teezkz_sellers) бар.

## Қосымшаны жүктеу

Сатып алушыларға арналған қосымша Android және iOS үшін қолжетімді. Оны [teez.kz](https://teez.kz/kk) сайтынан жүктеп алыңыз.

Сатушыларға арналған қосымша жоқ. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін [seller.teez.kz](https://seller.teez.kz/kk/seller/profile) сайтына компьютерден кіру керек. Егер телефон немесе планшетте жұмысты жалғастырғыңыз келсе, браузерде дербес компьютер нұсқасы режимін таңдаңыз.

## Қолдау қызметімен байланысу

Серіктестерді қолдау қызметі демалыссыз сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер сұрақтарыңыз туындаса, бізге жазыңыз:

* [жеке кабинетте](https://seller.teez.kz/ru/seller/profile) оң жақтағы төменгі бұрыштағы виджетті басу арқылы;
* [Telegram-ға](https://t.me/TeezBusinessBot);
* [WhatsApp-қа](https://api.whatsapp.com/send?phone=77710962314).

Егер біздің телефон арқылы кеңес беруімізді қаласаңыз, серіктестерді қолдау ботында **Телефон арқылы кеңес керек** дегенді таңдаңыз. Біз сізге жұмыс уақытында қоңырау шалып, көмектесеміз.

***


---

# Agent Instructions: Querying This Documentation

If you need additional information that is not directly available in this page, you can query the documentation dynamically by asking a question.

Perform an HTTP GET request on the current page URL with the `ask` query parameter:

```
GET https://docs.teez.kz/kk/seller/for-new.md?ask=<question>
```

The question should be specific, self-contained, and written in natural language.
The response will contain a direct answer to the question and relevant excerpts and sources from the documentation.

Use this mechanism when the answer is not explicitly present in the current page, you need clarification or additional context, or you want to retrieve related documentation sections.
