# 10.1. Фотосуреттерді өңдеуге арналған нұсқаулық

Біз **тегін фоторедактор Adobe Express** мысалында фотосуреттерді өңдеудегі негізгі функцияларды көрсетеміз. Сипатталған функциялар көптеген фотосуреттерді өңдеу үшін жеткілікті болады.

## Өңдеуге арналған фотосуреттерге қойылатын талаптар

Фотосуретті өңдеуді бастамас бұрын, фотосуреттеріңіздің талаптарға сай келетіндігін тексеру қажет:

* Фотосурет пішімі — JPEG, JPG, PNG, WEBP, PDF.
* Ажыратымдылығы — кем дегенде 600 × 600 пиксель.
* Тауарға жақсы жарық түскен және ол фокуста орналасқан.
* Фотосуретте мәтін, суреттер, сутаңбалар, көрсеткіштер және тауарды жауып тұратын заттар болмауы керек. Ерекшелік — реквизит, егер ол тауардың функционалын анықтауға көмектессе.

## Фонды түзету

1. [new.express.adobe.com](https://new.express.adobe.com/) сайтына өтіп, тіркеліңіз.&#x20;
2. **Start from your content** батырмасын басып, [біздің стандарттарға](/kk/seller/instruction/product/creating-a-card.md#photo-standards) сәйкес еткіңіз келетін фотосуретті таңдаңыз.

<figure><img src="/files/UoUx7HsuGpa1dMQQcvFu" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

3. Ашылған терезеде **Add a new design** тармағын таңдап, содан кейін **More sizes** батырмасын басыңыз. Ұсынылған өлшемдерден **Custom size** таңдап, мәндерді пиксельдерде көрсетіңіз: ені бойынша **600** және биіктігі бойынша **800**. Файлды өңдеуге өту үшін **Create new file** батырмасын басыңыз.

{% hint style="info" %}
600 × 800 пиксель — фотосуреттің ең төменгі ажыратымдылығы. Сапалырақ фотосуреттер үшін үлкенірек өлшемді таңдауға болады. Ең бастысы, арақатынас 3 × 4 болуы керек.
{% endhint %}

<figure><img src="/files/Skm7xoOEe1AlDUEGwqea" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

4. Жаңа фотосуреттің болашақ фоны — ақ төсеніші бар фоторедактар ашылады. Кескінге басыңыз және бұрыштарын созу арқылы оны қажет деп санағаныңдай орналастырыңыз.

<figure><img src="/files/4KCEP2l9cPUkovnTr0Uz" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

5. Сол жақ панельде **Remove Background** батырмасын басып, фонды өшіріңіз. Фон ақ болғанша күтіңіз — бұл белгілі бір уақыт алуы мүмкін.

<figure><img src="/files/0UUcohcnywUfrAafysMF" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

6. **Background color** батырмасын басыңыз, **Custom** қойындысына өтіңіз және **Hex** өрісінде **#EFEFEF** мәнін орнатыңыз — бұл біздің стандарттарға сәйкес келетін фон реңкі. Түсті таңдау терезесін жабыңыз.

<figure><img src="/files/JsdlCf5I3FEUUJiYu7Gi" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

7. Алынған кескінді жүктеп алу үшін жоғарғы панельде **Download** батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде **JPG** немесе **PNG** файл форматын таңдап, **Download** батырмасын басыңыз.

<figure><img src="/files/NraIwzwzS8SlR8gFZtEI" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

## Бұлыңғыр эффектін қолдану

1. [new.express.adobe.com](https://new.express.adobe.com/) сайтына өтіп, тіркеліңіз.
2. **Start from your content** батырмасын басып, [біздің стандарттарға](/kk/seller/instruction/product/creating-a-card.md#photo-standards) сәйкес еткіңіз келетін фотосуретті таңдаңыз.

<figure><img src="/files/enADNqTp1P0RSkxtC1UN" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

3. Фотосурет жүктелген соң, сізге **Original aspect ratio** батырмасын таңдау керек терезе ашылады.

<figure><img src="/files/gmO3gleQAPUoz7GKhz6B" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

4. Сіздің фотосуретіңіз бар фоторедактор ашылады. Суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және фотосуреттің көшіру үшін **Copy** функциясын таңдаңыз.

<figure><img src="/files/K51ES3jaSuttq6088Fki" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

5. Сол жақ панельде **Crop** таңдаңыз. Ашылған терезеде дөңгелек форманы таңдаңыз және дөңгелекті бұлыңғырлату керек аймаққа орналастырыңыз. Кескінді таңдалған форма бойынша кесу үшін **Crop** терезесін жабыңыз.

<figure><img src="/files/5mzOsrqBsP2QklqaLfUf" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

6. Сол жақ панельде **Adjustments** батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде **Blur** параметрін объектінің пішіні шамамен көрінетіндей деңгейге қойыңыз:

   * нысан бұлыңғыр, бірақ болжанатын көрінісі болуы тиіс;
   * цензураға сай емес жазудағы әріп толығымен оқылмайтын болуы тиіс.

   Бұлыңғырлату баптауын аяқтаған соң, **Adjustments** терезесін жабыңыз.

<figure><img src="/files/6WmWfr5iKnPZWkA4u5f3" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

7. Ақ фонға тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және осыған дейін көшірілген кескінді қою үшін **Paste** функциясын таңдаңыз. Фотосуретті басып, оны ақ фонның жиектері бойынша түзетіңіз.

<figure><img src="/files/k99YTOWOS0CZkywRiUUV" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

8. Ақ фонға тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және бұлыңғырланған қабатты алдыңғы планына шығару үшін **Send to back** функциясын таңдаңыз.

<figure><img src="/files/tPZOVWLAT1KuoHOM6bmu" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

9. Алынған кескінді жүктеп алу үшін жоғарғы панельде **Download** батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде **JPG** немесе **PNG** файл форматын таңдап, **Download** батырмасын басыңыз.

***


---

# Agent Instructions: Querying This Documentation

If you need additional information that is not directly available in this page, you can query the documentation dynamically by asking a question.

Perform an HTTP GET request on the current page URL with the `ask` query parameter:

```
GET https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/photo/retouching-guide.md?ask=<question>
```

The question should be specific, self-contained, and written in natural language.
The response will contain a direct answer to the question and relevant excerpts and sources from the documentation.

Use this mechanism when the answer is not explicitly present in the current page, you need clarification or additional context, or you want to retrieve related documentation sections.
