# 4.3. Тауар карточкаларын көру және өзгерту

Құрылған соң, барлық тауар карточкалары **Тауарлар** бөлімінде пайда болады. Мұнда қалдықтарды бақылау, сипаттаманы түзету, бағаларды өзгерту және өзге де өзгерістерді енгізу ыңғайлы. Осылай, сіздің тауарларыңыз туралы ақпарат әрқашан өзекті қалпында, ал сатылымдар — бақылауда болады.

## Тауарлар тізімі

Тауар карточкаларының тізімі қалай бейнелетінін таңдай аласыз: тақтайша немесе кесте түрінде.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FD6fZMEj7ljhWQRUXZGBJ%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=b8daeafe-ff1a-427a-82ad-7f817d750c54" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Тауарды жылдам табу үшін атауы, бренді, штрихкоды немесе карточканың ID бойынша іздеуді пайдаланыңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2Fu9znVFFYFAZxkXYpthlE%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=d26e6fdc-6b3b-4c22-9737-fd3f5357283f" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Осында сіз қажетті қойындыны таңдап, тауарларды сүзгілей аласыз:

* **Барлығы** — қазіргі мәртебесіне қарамастан, сіздің тауарларыңыздың барлық карточкалары.
* **Құрылған** — сіз құрған, бірақ әлі бір де бір рет жүкқұжатқа қоспаған тауар карточкалары.
* **Жөнелтуге дайын** — сіз құрамындағы SKU-ларды жүкқұжатқа қосқан, бірақ әлі бір де бір рет қоймаға жөнелтілмеген тауар карточкалары.
* **Қоймаға келді** — қоймаға алғаш рет түскен, бірақ сатылымға орналастырып үлгермеген тауарлар.
* **Сатылымда** — қолданушыларға Teez қосымшасында қолжетімді тауарлар.
* **Түзетуде** — модерация тарапынан толығымен немесе жеке SKU бойынша бұғатталған карточкалар. Бұғаттау себебіне байланысты қалай әрекет ету керектігі туралы [Тауарды бұғаттау](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product/blocking) бөлімінде жаздық.
* **Ішінара/толығымен таусылған** — тауары сатылымда болған, бірақ таусылған карточкалар:
  * **Қоймада** мәні нөлге тең болса, толығымен;
  * **Қоймада** мәні нөлден көп болса, кейбір SKU бойынша. Әр SKU бойынша қалған тауар санын білу үшін карточкаға басыңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FJzl3Gqh2HL0rgdxYgVqN%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=bf2937f3-0927-42f9-a283-36854a315a58" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

## Карточка бойынша ақпарат

Сіз тауарлардың ең маңызды көрсеткіштерін бақылап отыруыңыз үшін оларды әр карточкаға шығарамыз.&#x20;

Барлық карточка үшін тауар мәртебесін көрсетеміз:

* **Құрылды** — сіз карточканы құрдыңыз, бірақ оны әлі бір де бір рет жүкқұжатқа қоспадыңыз.
* **Жөнелтуге дайын** — сіз құрамындағы SKU-ларды жүкқұжатқа қостыңыз, бірақ әлі бір де бір рет қоймаға жөнелтпедіңіз. Тауарды[ Жеткізілімдермен жұмыс](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment) бөліміндегі ережелерге сәйкес қаптап, қоймаға жіберіңіз.
* **Қоймаға келді** — сіздің тауарыңыз алғаш рет қоймаға түсті және біз оны қабылдай бастадық. Аяқтаған соң, мәртебесі **Қоймада** бар болып өзгереді.
* **Қоймада** — тауар сатылымда бар, оны қосымшадан сатып алуға болады.
* **Таусылды** — карточкадағы тауарлар сатылымда болды, бірақ қазір қоймада таусылды.&#x20;
* **Бұғатталды** — сіздің тауар маркетплейс ережелерін бұзады, сондықтан біз оны сатып алушылардан жасырдық. Біз тауарды қандай себептермен бұғаттауысыз мүмкін екені туралы [Тауарды бұғаттау](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product/blocking) бөлімінде жаздық.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FqRSWwqoE669msqhY20bW%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=f1829b9a-3fd6-4142-8caa-dfc8a072bd3d" alt="" width="375"><figcaption></figcaption></figure>

Сонымен қатар, сіз келесі көрсеткіштерді қарай аласыз:

* **Қоймада** — қазіргі сәттегі қоймадағы тауар саны.
* **Жөнелтуге** — Жөнелтілді мәртебесі бар жүкқұжаттардағы тауар саны.
* **Сатылды** — барлық уақытта сатылған тауар саны.&#x20;
* **ID** — тауар карточкасының идентификаторы.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2F6dUfXhYmRUPWfsCBgvLb%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=85679b14-34c4-49fa-9f51-bce75de5341c" alt="" width="375"><figcaption></figcaption></figure>

## SKU бойынша ақпарат

SKU бойынша ақпаратты көру үшін тауар карточкасын бассаңыз. Сіз келесілерді көресіз:

* жалпы ақпарат: сипаттамалары көрсетілген атауы, штрихкод, бағасы;
* қоймадағы тауар саны;
* сізден барлық уақытта қанша тауар сатып алынды;
* сатып алушыларға арналған қосымшадағы тауарға сілтеме;
* сізде [бұғатталған](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product/blocking) SKU бар ма.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2Fbe3SBZqcR1qAmBKrgDIm%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=50f92b41-6b88-47a1-bb01-fec717e6c342" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

## Карточканы түзету

Бұрын құрылған карточкадағы ақпаратты жаңарту немесе толықтыру үшін оған қайта оралуға болады. Ол үшін <img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FAF2maQDmLZBwXwTBKjIM%2Fdots%20(2).png?alt=media&#x26;token=934af0ce-3ce8-4a3b-bc3e-a6aea96a9074" alt="" data-size="line">, содан кейін — **Өзгерту** (бірінші қадам) немесе **SKU өңдеу** (екінші қадам) батырмасын басыңыз. Ақпараттарды өзгерткеннен  кейін **Өзгерістерді сақтау** батырмасын басыңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FV1lqSCCvz4JrdeuHb1Qx%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=9b1f58a4-6083-4e2e-8f20-68824e5034f4" alt="" width="375"><figcaption></figcaption></figure>

### Өзгертуге болады

Тауар карточкасындағы өрістердің көбін кез келген уақытта өзгерте аласыз. Бұл келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

* **Тауар атауы** — Егер атауын жақсартуды шешсеңіз, осылайша сатып алушыларға сіздің тауарды оңай табуға мүмкіндік бересіз.
* **Тауар санаты** — Егер бұл тауарға неғұрлым сәйкес келетін санатты тапсаңыз немесе қосымша санат қосуды шешсеңіз.&#x20;
* **Бренд** — бастапқыда брендті көрсетпесеңіз немесе **Қазақстанда жасалған** батырмасын таңдамасаңыз.&#x20;
* **Өнім салығы (ҚҚС)** — Егер жылдық айналым шегінен асып, ҚҚС-сыз жұмыс істеу мүмкіндігін жоғалтсаңыз.
* **Тауар сипаттамасы** — Егер тауар туралы көбірек ақпарат қосып, сипаттаманы толық әрі мазмұнды етуді шешсеңіз.
* **Тауардың шағын сипаттамасы** — жақсырақ сатуға көмектесетін сипаттама жазғыңыз келсе.&#x20;
* **Қосымша өрістер** (өлшемдер кестесі, құрамы, күтім және қолдану жөніндегі нұсқаулығы) — бұл өрістерді бірден толтырмасаңыз және тауар туралы ақпаратты толықтырғыңыз келсе.&#x20;
* **Бағасы** — сатылымдарды арттыру үшін тауар бағасын түсіргіңіз немесе өзіндік құнының артуына байланысты бағасын арттырғыңыз келсе.&#x20;

### Шектеулермен өзгертуге болады

#### Сипаттамалар

Сіз тауар карточкасын құрғаннан кейін де сипаттамаларды қосуға немесе жоюға болады, бірақ, белгілі бір шарттар бар.

* **Сипаттама топтарын** тек жүкқұжатта осы карточкадағы кез келген SKU құрылғанға дейін қосуға немесе жоюға болады. Бірақ, егер сіз оларды өзгертсеңіз, біз SKU туралы барлық ақпаратты өзгертеміз: штрихкодтарды ауыстырамыз, сондай-ақ фотосуреттер мен бағаны жоямыз — бұл өрістерді қайта толтыру қажет болады.
* **Сипаттама мәндерін** кез келген уақытта қосуға болады, ал жою — тек осы карточкадағы кез келген SKU үшін жүкқұжат құрылғанға дейін мүмкін.

Бұл ретте күші жойылған жүкқұжаттарды ескермейміз.

#### Фотосуреттер

Жеке кабинетте тауар фотосуреттері [модерациядан](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/moderation#fotosuretterdi-moderaciyalau) өткенге дейін, оларды өзгертуге болады.&#x20;

Егер SKU фотосуретінің мәртебесі **Модерациядан өтті** болса, фотосуреттерді өзгерту мүмкіндігі жабылады. Біздің стандарттар бойынша қосымша фотосуреттер жүктеу үшін [нысанды](https://forms.gle/CPigCH3osGfT6a3WA) толтырыңыз.

### Өзгертуге болмайды

Техникалық тұрғыдан штрихкодты өзгерту мүмкін емес — ол карточка немесе жаңа SKU жасалған сәтте автоматты түрде тағайындалады.&#x20;

Сонымен қатар, сатып алушылардың сеніміне нұқсан келтірмеу үшін карточкадағы тауарды ауыстыруға тыйым саламыз. Егер біз келесі бұзушылықтарды анықтасақ, карточканы бұғаттап, тауарды сатылымнан алып тастаймыз:

* Сіз карточкада бір тауарды сатып, кейін атауын, сипаттамасын және фотосуреттерін өзгертіп, басқа тауарды сата бастасаңыз..
* Сіз бір тауарды  сатып, кейін фотосуреттерді ауыстырып, сол штрихкодпен басқа тауар әкелсеңіз.

<details>

<summary><strong>Фотосуреттерді және тауар туралы ақпаратты ауыстыру мысалы</strong></summary>

**Болады:** Өндіруші сусабынның қаптамасын оның көлемі мен құрамын өзгертпей жаңартты, сондықтан сіз фотосуретті жаңасына ауыстырып, сатып алушыларды жаңылыстырмау үшін бұл туралы сипаттамада көрсетіңіз.

**Болмайды:** Сіз тауар карточкасын иттерге арналған ойыншықтарды сату арқылы «ілгерілеттіңіз», бірақ келесі жеткізілімде карточкадағы барлық ақпарат пен фотосуреттерді өзгертіп, оның орнына смартфондар әкелдіңіз.

**Болмайды:** Сіз карточкада екі түсті пижаманы саттыңыз: жасыл және қара. Бірнеше ай өткен соң, жасыл пижамаларды сатудан алып тастауды шештіңіз. Жаңа SKU құрмау үшін сіз фотосуреттерді өзгертіп, бұрын жасыл пижамаларға тиесілі штрихкодпен қызыл пижамаларды әкелдіңіз.

</details>

***
