# 4.4. Тауарларды модерациялау

**Тауарлар тек** [**қоймаға түскеннен кейін**](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/shipment) **ғана модерациядан өтеді.** Карточкаларды мұқият толтырыңыз: тауар сатылымға түскен кезде сатып алушылар оны модерациядан өтпеген болса да, бірден көре алады.

## Фотосуреттерді модерациялау

SKU алғаш рет сатылымға шыққанда, біз оның фотосуреттері [стандарттарға](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/creating-a-card#photo-standards) сай келетінін тексереміз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FrObeyvXahPGrUQO0C9yO%2F2%20(6).png?alt=media&#x26;token=f25fd0b8-8d87-4d50-a4cc-308ef73b189a" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

Фотосуреттерді қалай жасайтынымыз туралы толығырақ [Teez Studio — контент жасау](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/services/studio) бөлімінде айттық.

Фотосуреттердің модерацияның қай кезеңінде тұрғанын білу үшін Тауарлар бөліміне кіріп, [карточканы түзетудің](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product/manage-cards) екінші қадамына өтіңіз. Егер SKU қоймаға түскен болса, Фотосурет мәртебесі бағанында келесі мәртебелердің бірін көресіз:

* **Модерацияда** — фотосуреттер модерация кезегінде тұр.
* **Модерациядан өтті** — сіздің фотосуреттеріңіз біздің стандарттарымызға сай келеді немесе біз Teez Studio түсірген фотосуреттерді жүктеп қойдық. Егер біздің стандарттарымыз бойынша қосымша фотосуреттер жүктегіңіз келсе,[ нысанды](https://forms.gle/CPigCH3osGfT6a3WA) толтырыңыз.
* **Модерациядан өтпеді** — сіздің фотосуреттеріңіз стандарттарға сәйкес келмейді. Неліктен фотосурет қабылданбағанын білу үшін, <img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2FUMCQzB0nkC2lzOPbvbzp%2Fi%20(2).png?alt=media&#x26;token=e27b453d-a15f-4e17-8ccf-30bbade5d2d1" alt="" data-size="line"> белгісін басыңыз.

<figure><img src="https://148738680-files.gitbook.io/~/files/v0/b/gitbook-x-prod.appspot.com/o/spaces%2Fv8kQ32uk42PqoKGkX0cq%2Fuploads%2F9x58FjZVdRhaPO7IKzcg%2Fimage.png?alt=media&#x26;token=64b310f2-172a-4c96-bfd3-4e7a0d67b2e9" alt=""><figcaption></figcaption></figure>

## Тауар карточкасының модерациясы

Ең болмағанда бір SKU сатылымға шыққанда, біз тауар карточкасында мыналарды тексереміз:

* барлық толтырылған өрістерді;
* біздің ережелеріміздің бұзылмауын.

Жеке кабинетте карточканы модерациялау мәртебесін көрсетпейміз. Егер сіз көрсеткен ақпарат біздің ережелерімізді бұзса, біз оны түзете аламыз немесе тауарды [бұғаттай аламыз.](https://docs.teez.kz/kk/seller/instruction/product/blocking)

***
