Төлем рәсімдері

Төлеуге VISA және MasterCard карталары қабылданады.

Интернет арқылы ақы төлеу қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлемді жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады. Ол үшін тексерудің, шифрлаудың және деректерді жабық байланыс арналары арқылы берудің ең заманауи әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу FreedomPay қорғалған төлем бетінде жүзеге асырылады.

Банк картасының деректерін енгізу үшін картаның нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті мәліметтер картаның өзінде басылған.

Үш таңбалы қауіпсіздік коды — картаның артқы жағындағы үш сан.

Одан кейін сізге СМС арқылы келетін 3DSecure кодты енгізу үшін Сіздің банкіңіздің бетіне қайта бағытталатын боласыз. Егер Сіз 3DSecure кодын алмасаңыз, картаңызды шығарған банкке хабарласуыңыз керек.

Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:

  • банк картасы интернет арқылы төлемдер жасауға арналмаған, бұл туралы Сіздің Банкіңізге хабарласу арқылы білуге болады;

  • банк картасында төлеу үшін қаражат жеткіліксіз. Банк картасындағы қаражаттың болуы туралы толығырақ Сіз банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;

  • банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;

  • банк картасының қолданылу мерзімі аяқталды. Картаның қолданылу мерзімі, әдетте, картаның беткі жағында көрсетілген (бұл карта жарамды болатын ай мен жыл). Картаның қолданылу мерзімі туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;

Сіз ұсынатын дербес ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің кредиттік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверімізде сақталмайды.

Тауарды қайтару ережесі

Карталармен төлеу кезінде қолма-қол ақша қаражатымен қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.

Тауарды қайтару рәсімі «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 14-бабымен регламенттеледі.

  • Тұтынушы тауардан оны бергенге дейін кез келген уақытта, ал тауарды бергеннен кейін - 14 күн ішінде бас тартуға құқылы;

  • Егер оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, сондай-ақ көрсетілген тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжат сақталған жағдайда тиісті сападағы тауарды қайтару мүмкін болады;

  • Егер көрсетілген тауарды оны сатып алушы адам ғана пайдалана алатын болса, тұтынушының жеке-дара айқындалған қасиеттері бар тиісті сападағы тауардан бас тартуға құқығы жоқ;

  • Тауардан бас тартқан кезде тұтынушыға тауарды қайтару ережелеріне сәйкес тауардың құны мөлшерінде тұтынушы төлеген ақшалай сома қайтарылады.

  • Қайтарылмайтын тауарлар:

    • медициналық бұйымдар;

    • іш киім;

    • шұлық-ұйық бұйымдары;

    • ұялы байланыс желілеріне қосуға болатын телефондар, планшеттер және өзге де абоненттік құрылғылар;

    • азық-түлік тауарлары.

Қателермен жүргiзiлген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшiн еркiн нысанда хат жазу және оған төлқұжатыңыздың және қате есептен шығарылғанын растайтын чектердiң/түбiртектердiң көшiрмелерiн қоса беру қажет. Бұл хатты otzyv@teez.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Қайтару сомасы сатып алу сомасына тең болады. Өтiнiштi қарау және ақша қаражатын қайтару мерзiмi Компания Өтiнiштi алған сәттен бастап есептеледi және мереке/демалыс күндерiн есептемегенде жұмыс күндерiмен есептеледi.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»