7.5. Teez Shipping — тауарларды жеткізу

Тауарларды Қарағандыдағы қоймаға басқа қалалардан 30 қыркүйекке дейін тегін жеткіземіз. Жеткізуді тиімді шарттармен жасап үлгеріңіз!

Тауарларды қоймаға біздің Алматыдағы Қарабұлақ ауылы, Қалпық би көшесі, 38А мекенжайындағы кросс-доктан жіберуге болады. Бұл үшін өтінім қалдырудың қажеті жоқ, тауарларды кез келген күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін әкеліңіз. Картадағы нүкте осында, тауарды тапсыруға барған кезде оны навигаторда көрсетіңіз.

Сондай-ақ, бірнеше ірі қалаларда біз тауарларды мекенжайдан әкете аламыз. Осы қалалардан: Астана, Тараз, Шымкент, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Өскемен, Семей, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Жезқазған. Сіздің тауарларыңызды қоймаға жеткізу үшін өтінім қалдырыңыз, біздің менеджерлеріміз сізбен байланысады.

Ал жақын арада сізде Қазақстанның отыздан астам қаласында ТБП-дан қоймаға тауарлар жіберу мүмкіндігі пайда болады.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»