Агенттік шарт (Оферта)

Агенттік шарт (Оферта)

Қарағанды қ., 2024 жылғы 25 маусымдағы редакция

Агенттік Шарт — төменде көрсетілген талаптармен Шарт жасасуға кез келген Серіктеске Teez-дің ұсынысы (Оферта). Бұл Шарт жария болып табылмайды.

Шарттың 2.4-тармағына сәйкес, Серіктестің Жеке кабинеті тіркелген сәттен бастап Шарт жасалған болып есептеледі.

1. Терминдер мен анықтамалар

Teez — «Teez Logistics» ЖШС-ның заңды тұлғасы ретінде тіркелген маркетплейс (БСН 231140010013, Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 Есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008).

Деректер базасы (Деректер базалары) — бұл Тауарларды (қызметтерді) әлеуетті Сатып алушыларға (Сатып алушыларға) арналған Тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық-анықтамалық жүйелер.

Шарт (Оферта) — Teez және Серіктес арасында Шарттың 2-бөлімінде көзделген тәртіппен жасалатын, Интернет желісінде https://docs.teez.kz/v/kk/seller/agreement (орыс тілінде: https://docs.teez.kz/seller/agreement) мекенжайы бойынша жарияланған Шарт, сонымен қатар, оның ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымшалар.

Нұсқаулық — https://docs.teez.kz/v/kk/seller/instruction (орыс тілінде: https://docs.teez.kz/seller/instruction) мекенжайы бойынша жарияланған Teez маркетплейсіндегі жұмыс процестері туралы ережелер жинағы. Егер Нұсқаулықтың талаптары Шартқа қайшы келсе, Шарттың талаптары басым мәнге ие болады.

Тауар карточкасы — бұл Тауар немесе Тауарлар тобы туралы, Қызметте орналастырылған және оның атауы, суреті, сыны, негізгі қасиеттері, сондай-ақ, сипаттамалары (қол жетімді түстер, өлшемдер мен конфигурациялар) берілген ақпарат.

Жеке кабинет — Серіктес туралы ақпаратты, статистика деректерін және Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтерге қатысты өзге де ақпаратты қамтитын, http://seller.teez.kz мекенжайы бойынша орналасқан, сондай-ақ, Шарт шеңберінде Тараптардың қашықтан өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін Серіктестің Қызметпен өзара әрекеттестігінің бағдарламалық интерфейсі; Қызметтегі Серіктестің логині мен құпиясөзін пайдалана отырып, тіркелгеннен кейін және авторизациядан кейін Серіктеске қолжетімді.

Дүкен — Серіктес Шарт бойынша Тауарды кейіннен сату үшін соның көмегімен орналастыратын Қызметте жарияланған интернет-дүкен. Дүкенде бірегей SKU Тауарлар, дүкеннің сәйкестендіру нөмірі және сілтемесі болады. Дүкенге онда жасалған Тауар карточкалары, рейтинг, пікірлер және дүкен карточкасы кіреді.

Есептік кезең — күнтізбелік ай.

Сатып алушы — Қызметте Серіктестің Тауарларына тапсырысты ресімдеу арқылы Тауарларды Серіктестен қашықтықтан алу тәсілімен сатып алатын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Серіктес — Шарттың 2-бөлімінде көзделген тіркеуден өткен және Офертаны қабылдаған (акцепттеген), қашықтықтан сату тәсілімен Сатып алушыларға Тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе жеке кәсіпкер.

Қызметhttps://teez.kz мекенжайы бойынша орналасқан, компьютерлік бағдарламалармен және деректер базасымен біріктірілген веб-сайт, сондай-ақ, Google Play және App Store дүкендерінен жүктеуге болатын және Шарт бойынша Teez міндеттемелерді орындау үшін пайдаланатын мобильді қосымша. Сонымен қатар, бұл зияткерлік меншік объектілерінің жиынтығы, атап айтқанда: бағдарламалық жасақтама, деректер базасы, дизайн (графикалық дизайн), Teez Studio-да түсірілген фотосуреттер, сондай-ақ, Teez орналастырған ақпарат және Teez-дің зияткерлік және шығармашылық қызметінің басқа да нәтижелері. Домендік атау, Сайт атауы Teez-дің қалауы бойынша Серіктеспен келісілмей өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте, Teez-дің Шарт бойынша барлық міндеттемелері күшін сақтайды.

Тараптар — Teez және Серіктес. Жекелей Teez және Серіктес «Тарап» деп аталады.

Тауар (Тауарлар) — Серіктес пен Сатып алушы арасында жасалатын сатып алу-сату шартының нысанасы болып табылатын азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын Тауарлар. Серіктес Тауардың иесі және сатушысы болып табылады, алайда, қаптама Тауардың бөлігі болып табылмайды. Қызметтегі Тауарларды сатып алу-сатумен байланысты барлық қатынастар тікелей Серіктес пен Сатып алушы арасында туындайды. Teez Сатып алушылардың сапасыз Тауарға қатысты талаптарын қабылдайтын және қанағаттандыратын Серіктестің уәкілетті тұлғасы және Тауарды сатушы болып табылмайды.

Тауарды өткізу бағасы — Тауардың өзіндік құнынан, Серіктестің үстеме бағасы мен Teez-дің сыйақысынан тұратын және сол бойынша Сатып алушыға сату жүзеге асырылатын, Серіктес белгілейтін нақты Тауардың құны. Сату бағасы ұқсас Тауарлардың орташа нарықтық бағасынан жоғары болмауы керек.

SKU (Stock Keeping Unit) — Тауарлар бойынша статистиканы қадағалау үшін пайдаланылатын Тауар позициясының идентификаторы, қорларды есепке алу бірлігі және қойма нөмірі. Әр Тауарға сипаттамаларына (түсіне, мөлшеріне, қасиеттеріне немесе Тауар карточкасының ішіндегі бір Тауардың екіншісінен айырмашылықтарына) байланысты Жеке кабинетте автоматты түрде беріледі. Тауардың бір карточкасында әртүрлі сипаттамалар болмаған кезде Тауардың бір SKU көрсетіледі. Егер Тауардың бір Тауар карточкасының ішінде әр түрлі түрлері болса (түсі, өлшемі немесе басқа сипаттамалары бойынша айырмашылығы бар), әр түрге жеке SKU беріледі. Әрбір SKU бойынша Тауардың кез келген санын сатылымға жіберуге болады. Тауардың SKU белгілі бір штрих-коды бар Тауарға бекітіледі және өзгермейді. Өнімдегі штрих-код жапсырмасы Тауарға келтірілген зақым болып табылмайды.

Teez Packing — Серіктестің Тауарларын қоймаға беру үшін орау және дайындау бойынша қосымша қызмет.

Teez Shipping — Серіктес Тауарларын тасымалдау қызметтері.

Teez Studio — Тауарды Қызметте одан әрі орналастыру мақсатында Серіктестің Тауарының фотобейнелерін және/немесе Серіктес ұсынған фотобейнелерді өңдеу қызметтері.

Teez University — бастауыш және әрекет етуші Серіктестерге арналған оқыту жүйесі.

Шарттың осы бөлімінде анықталмаған терминдер Шартта қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай терминді түсіндіру Шарттың мәтініне сәйкес жүргізіледі. Шарт мәтінінде терминді біржақты түсіндіру болмаған жағдайда, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, екінші кезекте — Интернет желісінде қалыптасқан (жалпы пайдаланылатын) терминді түсіндіруді басшылыққа алған жөн.

2. Шарт жасасу тәртібі

2.1. Серіктес Шарттың мәтінімен, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын барлық қосымшалармен, сондай-ақ, Жеке кабинетке тіркелгенге және қол жеткізгенге дейінгі Нұсқаулықпен танысуға міндетті. Нұсқаулық талаптарын бұзу Шарт талаптарын бұзумен теңестіріледі.

2.2. Қызметті пайдалану мүмкін болу үшін Серіктес http://seller.teez.kz парақшасында атын, электронды поштасын, телефон нөмірін және құпия сөзді көрсетіп, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басып, Жеке кабинетке кіруге тіркеуден өтуге міндетті.

2.3. Серіктесті Қызметте сатушы ретінде тіркелуі Серіктестің офертаның шарттарын толық көлемде қабылдағанын растауы болып табылады.

2.4. Тіркелу кезінде Серіктес көрсеткен телефон нөміріне немесе электрондық поштаға хабарлама келеді. Сілтемеге өту немесе хабарламадағы кодты енгізу Teez және Серіктес арасында Шарт жасасудың дәлелі болып табылады.

2.5. Тараптар Шарт жасасу және орындау үшін қажетті құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне ие екендігіне кепілдік береді.

2.6. Серіктес Жеке кабинетке кіру үшін құпиясөзді өзі қалыптастырады.

2.7. Тараптар логинді (тіркеу кезінде көрсетілген email және телефон нөмірі) және құпиясөзді қалыптастыру және қолдану Серіктестің Жеке кабинетке кіруі үшін қажетті және жеткілікті сәйкестендіру болып табылады, бұл оған Қызметте мәмілелер мен операциялар жасауға құқық береді және Серіктестің қарапайым электрондық қолтаңбаны пайдалануы болып табылады деген келісімге келді. Тараптар Қызметті пайдалана отырып жасаған мәмілелер қарапайым жазбаша нысанда жасалды, ал Жеке кабинетте жасалған құжаттар қарапайым электрондық қолтаңбамен қол қойылды деп танылады. Серіктес өзінің атынан Жеке кабинетте мәмілелер жасайтын кез келген адамның іс-әрекетіне толық жауап береді. Тараптар Teez-дің Серіктеске жіберген немесе Серіктестің Жеке кабинетінде жасалған кез келген құжат қарапайым электрондық қолтаңбамен қол қойылған болып есептелетінін және өз қолымен қол қойылған және мөрмен (бар болса) куәландырылған қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең деп танылатынын және өз қолымен қолтаңбаны пайдалана отырып қол қойылған құжаттар сияқты бірдей заңды салдар туғызатынын мойындайды.

2.8. Серіктес авторизация туралы өз ақпаратын Жеке кабинетте (логин мен құпиясөз), сондай-ақ, Жеке кабинетте қамтылған барлық ақпаратты сақтаудың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар мұндай ақпаратқа заңсыз қол жеткізген немесе осындай күдік туындаған жағдайда, Серіктес оны пайдалануды тоқтатуға және Жеке кабинетте авторизациялану деректерін дереу өзгертуге міндетті.

2.9. Серіктес Жеке кабинетті пайдаланған кезде Teez-дің келісімінсіз авторы және (немесе) әзірлеушісі Teez болып табылмайтын кез келген бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға жол берілмейді. Көрсетілген талап сақталмаған жағдайда, Teez Шарттың 14.3-тармағында белгіленген тәртіппен Серіктеспен Шартты дереу бұзу немесе Серіктестің Жеке кабинетке кіруін толық немесе ішінара шектеу (бұғаттау) құқығын өзіне қалдырады.

2.10. Teez-ге, басқа Серіктестер мен Сатып алушыларға зиян келтіруі мүмкін кез келген алаяқтық сұлбаларды қолдануға жол берілмейді. Көрсетілген талап сақталмаған жағдайда, Teez Шарттың 14.3-тармағында белгіленген тәртіппен Серіктеспен Шартты дереу бұзу немесе Серіктестің Жеке кабинетке кіруін толық немесе ішінара шектеу (бұғаттау) құқығын өзіне қалдырады.

3. Шарттың мәні

3.1. Серіктестің атынан, есебінен және тапсырмасы бойынша, сыйақы төлей отырып, Серіктеске тиесілі тұтынушылық мақсаттағы Тауарды сату үшін, бөлшектеп сатып алу-сату Шарты бойынша, Қызметтегі Teez компаниясының заңды және нақты іс-әрекеттері Шарттың мәні болып табылады.

3.2. Teez Серіктестің атынан Серіктестің Тауарларының Қызметтегі көрсетілімін жүзеге асырады, Тауарларды Сатып алушылармен сатып алу-сату шарттарын жасасады, Сатып алушылардан Тауар ақысы ретінде қолма-қол ақшасыз қаражатын қабылдайды және оларды Серіктеске береді, Тауарларды Сатып алушыларға беруді жүргізеді, Сатып алушылар қайтаратын Тауарларды қабылдауды және оларды Серіктеске беруді (қайтаруды), Тауарды бергенге дейін қоймада сақтауды, Сатып алушының тапсырыстарын жинауды, Тауарларды тапсырыстарды беру пункттеріне дейін немесе Сатып алушының тапсырысында көрсетілген мекенжайға дейін жеткізуді жүзеге асырады.

3.3. Серіктестің сұранысы бойынша, 3.2-тармақта көрсетілген қызметтерден басқа, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Шарттың орындалуына байланысты Серіктестің немесе Teez-дің бастамасы бойынша, осындай мүмкіндік болған жағдайда, Teez басқа қызметтерді көрсете алады.

3.4. Офертаның 3.3-тармағына сәйкес қызмет көрсету ерекшеліктері Офертаға жасалған №1 қосымшада көрсетілген.

3.5. Teez Серіктестің келісімінсіз Шартты толықтай не қандай да бір бөлігін орындауға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы, бұл ретте, үшінші тұлғалардың да, өзінің де кез келген іс-әрекеттері үшін жауапты болып қала береді.

3.6. Серіктес Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін тек Teez-дің жазбаша келісімімен ғана үшінші тұлғаға беруге құқылы.

3.7. Teez Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Серіктестің келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқылы.

3.8. Сатуға қабылданған Тауарға меншік құқығы оны Сатып алушыға сатқан (берген) сәтке дейін Серіктесте сақталады.

3.9. Teez Сатып алушы мен Серіктес арасында жасалатын сатып алу-сату Шарты бойынша Сатып алушы Серіктестен сатып алатын Тауарларды төлеу есебінен қолма-қол ақшасыз қаражатын Сатып алушыдан қабылдайды және Teez Серіктес ретінде төлем алушы болып табылады.

4. Тауарды сатуға қабылдау тәртібі

4.1. Серіктес өзінің Жеке кабинетінде Тауарды сатуға қабылдау-тапсыру актісін жасайды.

4.2. Тауарды Teez-ге Нұсқаулықта қарастырылған тәсілдердің бірімен береді.

4.3. Серіктес Teez-ге Тауарды сапаға қойылатын талаптарға, сондай-ақ, қаптамаға және таңбалауға қойылатын талаптарға сәйкес келетін сатуға қабылдау-тапсыру актісінде Серіктес көрсеткен мөлшерде, ассортиментте және атаулар бойынша беруді қамтамасыз етуге міндетті.

4.4. Teez Тауарды қабылдау қоймаға түскен сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Жекеленген жағдайларда Teez қабылдау мерзімін күнтізбелік 14 (он төрт) күнге дейін ұлғайтуға құқылы.

4.5. Тауарды қабылдау кезінде Teez Тауардың нормативтік актілерге қойылатын барлық талаптарға сәйкестігі мен оның жұмыс қабілеттілігін тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес.

4.6. Серіктес Тауардың сапасына, қаптамасына және таңбалануына қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда Тауардың сақталуына Teez жауапты болмайды.

4.7. Teez келесі жағдайларда Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы:

4.7.1. егер Серіктес берген Тауарды Teez қабылдау кезінде сыртқы тексеру процесінде Тауардың өзінде және/немесе оның қаптамасында зақым немесе кемшіліктер анықталса;

4.7.2. Тауарды қаптаудың белгіленген ережелері бұзылған жағдайда;

4.7.3. Тауарды сатуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қызмет ережелерімен тыйым салынған жағдайда.

4.7.4. Нұсқаулықта белгіленген өзге де жағдайларда.

4.8. Тауарды қаптаудың белгіленген ережелері бұзылған жағдайда Teez Тауарды Teez Packing-ке жіберуге құқылы. Teez Серіктестің Жеке кабинетіне хабарландыру немесе электрондық поштасына Тауарды орау ережелерін бұзғаны және Тауарды Teez Packing-ке жөнелтілетіні туралы хат жіберу арқылы хабарлайды. Егер Серіктес 24 сағат ішінде Тауарды Teez Packing-ке беру туралы қарсылық білдірмесе, Серіктестің келісімі алынды деп есептеледі. Серіктес Teez Packing-тің қызметтерін Teez-бен белгіленген тарифтерге сәйкес төлеуге міндетті.

4.9. Егер Teez Шартта белгіленген себептердің бірі бойынша Тауарды қабылдамаған жағдайда, Серіктес Teez-дің Талабы жөнелтілген сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Тауарды алып кетуге міндетті. Teez Тауарды алып кету туралы Талабын Жеке кабинет арқылы немесе teez.kz доменінде тіркелген кез келген электрондық пошта мекенжайынан Серіктестің Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық хабарлама нысанында жібереді.

4.10. Егер Серіктес Тауардың кемшіліктері Teez-дің әрекеттерінің салдарынан пайда болды деп есептесе, ол Teez-ге Тауарды алып кету Талабын жіберген сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Teez-ге шағым жіберуге құқылы, бұл ретте, Серіктесте шағымдану құқығы Тауарды нақты әкеткеннен кейін ғана пайда болады. Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымдану құқығы тоқтатылады. Егер Серіктес Тауарды күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде алмаған жағдайда, Teez оны кәдеге жаратуға құқылы. Бұл ретте, көрсетілген мерзімде Серіктестен Тауарды алуға дайын екендігі туралы хабарламаның болмауы Серіктестің кәдеге жаратуға келісімін білдіреді.

4.11. Егер қабылданған Тауардың атауы және/немесе саны сатылатын Тауардың бастапқы қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілгенінен өзгеше болған жағдайда, Тауарды қабылдау-тапсыру актісімен бірге Жеке кабинетте айырмашылық актісі орналастырылады. Егер Серіктес айырмашылық актісімен келіспесе, ол айырмашылық актісі Жеке кабинетте орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннің ішінде Teez-дің мекенжайына шағым жіберуге құқылы. Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымдану құқығы тоқтатылады.

5. Тауарды сату тәртібі

5.1. Teez Қызметте сатуға қолжетімді Тауарлардың тізімдемесін, санаттарын және санын өз бетінше айқындауға құқылы.

5.2. Teez Серіктеске Тауарларды сату бағасы кемінде 299 теңге болатын Тауарларды сату мүмкіндігін ұсынады.

5.3. Тауар сайтта Тауар карточкасымен ұсынылған.

5.4. Серіктес Тауар карточкаларын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамада белгіленген Тауар туралы ақпаратқа қойылатын талаптарға, сондай-ақ, Нұсқаулықта белгіленген тауар Карточкасын ресімдеуге қойылатын талаптарға толық сәйкес өз бетінше толтырады. Teez Тауар карточкасына өз бетінше өзгерістер енгізуге, Тауар карточкасына өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы, мұндай жағдайда, өзгерістер Нұсқаулықта немесе заңнама талаптарында белгіленген мерзім ішінде енгізілуі тиіс. Серіктес мәлімделген талаптарды бұзған жағдайда, Teez Тауар карточкаларын бұғаттау құқығын өзіне қалдырады.

5.5. Серіктес өз дүкенінің парақшасында келесі ақпаратты орналастыруға міндетті: толық фирмалық атауы және заңды мекенжайы. Ақпарат қазақ және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс.

5.6. Қоймада Тауар болған жағдайда, Тауар карточкасында қамтылған Тауар туралы ақпаратты Тауарды Сатып алушыға Teez Қызметте орналастыру арқылы жеткізеді. Тауарды Қызметке орналастыру Серіктестің әлеуетті Сатып алушыларға арналған сатып алу-сату Шартын жасасу туралы ұсынысы болып табылады.

5.7. Сатып алушы тауарға тапсырыс беру нысандарын толтыру және онлайн-эквайринг банктік қызметімен Teez-дің есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз төлеммен тауарды төлеу бойынша нақты іс-әрекеттер жасау арқылы Серіктестің шарт жасасу туралы ұсынысын қабылдайды.

5.8. Сатып алушылардың Тауарға ақы төлеуі Серіктес Teez деректер базасындағы Жеке кабинетте белгілеген қолданыстағы баға бойынша жүзеге асырылады. Сатып алушы Тауарды төлеуді Teez есеп айырысу шотына онлайн- эквайрингтің банктік Қызметі арқылы төлем жасау жолымен жүзеге асырады.

5.9. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, Интернет желісіндегі тапсырыс үшін есеп айырысу кезінде кассалық чек Сатып алушы тапсырысты ресімдеу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

5.10. Тауарды жинау және артынша Сатып алушыға жөнелту Сатып алушы Тауарды төлегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

5.11. Teez Тауарды жеткізуді Teez-дің қоймасынан тапсырыстарды беру пунктіне дейін немесе Сатып алушы тапсырысты ресімдеу кезінде көрсеткен мекенжайға дейін курьерлік жеткізіліммен жүзеге асырады. Teez-дің тапсырыс беру пункттерінің орналасуы өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Нақты беру пунктін таңдауды Тауарды Сатып алушы Тауарға Қызметте тапсырыс беру кезінде жүзеге асырады.

5.12. Серіктес Сатып алушы тапсырысты алған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде тиісті сапада, пайдалану ізінсіз, кез келген Тауарды Сатып алушының қайтаруға құқығы бар екенін растайды. Жекеленген жағдайларда қайтару мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

5.13. Егер Сатып алушы Тауардан бас тарту немесе оны қайтару құқығын пайдаланған жағдайда, Тауар Teez-дің қоймасына қайтарылады. Қоймаға түскеннен кейін Тауар не Серіктеске қайтарылады (кемшіліктер анықталған жағдайда және Тауар Шартта белгіленген ережелерге сәйкес келмеген жағдайда) не сатуға қайтарылады (тиісті сападағы Тауар қайтарылған жағдайда). Егер Серіктес қайтаруды ресімдеуді келіссе, бірақ Серіктестің келісімімен кемшіліктері бар Тауар Сатып алушыда қалса немесе Тауар сапаны тексергеннен кейін Серіктесте қалса, мұндай тауар Серіктеске қайтарылған болып саналады және Teez-дің қоймасындағы Серіктес Тауарының санында ескерілмейді.

5.14. Teez бірнеше рет қайтарылған жағдайда Тауардың жұмыс қабілеттілігі мен мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігін тексеруге құқылы.

5.15. Сатып алушылар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама негізінде Teez-ге талаптар қойған жағдайда, Teez оларды қанағаттандыру туралы өз бетінше шешім қабылдайды және Teez-дегі Серіктестің кез келген қаражатынан Сатып алушыларға төленген сомаларды ұстап қалады.

5.16. Сатып алушы Тауарды қайтарған жағдайда, Тауардың құны Тауарды Қызметте сатқаны үшін Серіктеске тиесілі ақшалай қаражаттан алынады. Егер қолда бар ақшалай қаражат жеткіліксіз болса, Teez болашақта Серіктеске түсетін ақшалай қаражаттан ұстайды. Егер ақшалай қаражатты ұстап қалу мүмкін болмаса, Teez қайтарылған Тауардың сомасына шот ұсынады.

6. Тауарды сақтау

6.1. Тауарды сату сәтіне дейін сақтауды Teez жүзеге асырады. Айналымы төмен тауарларды сақтау үшін 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ақы алынбайды.

6.2. Teez құрғақ, жылытылатын үй-жайда сақтауды қамтамасыз етеді.

6.3. Егер Серіктес Teez-ге ерекше сақтау шарттарын талап ететін мүлікті сақтауға берген жағдайда, Teez бұл мүліктің жай-күйі үшін жауап бермейді.

6.4. Сақтау мерзімін есептеу Teez Серіктесінің Тауарын қабылдаған сәттен басталады, ол Тауарды қабылдау-тапсыру актісімен куәландырылады.

6.5. Шарттың 6.7-тармағын қоспағанда, Тауарды сақтау мерзімі шектелмеген және айқындалмаған.

6.6. Teez Серіктестің бірінші талабы бойынша сақтауға қабылданған Тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды қайтаруға қойылатын талап қайтаруға қабылдау-тапсыру актісін құру және Нұсқаулыққа сәйкес оған өтінім жасау арқылы Teez-ге жіберіледі. Бұл жағдайда, Teez Тауарды қоймада 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Серіктеске қайтаруға дайындауға міндетті. Ерекше жағдайларда, Teez бұл мерзімді күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұлғайтуға құқылы. Егер Серіктес Тауардың кемшіліктері Teez-дің әрекеттерінің салдарынан пайда болды деп есептесе, ол Жеке кабинетте қайтару жүкқұжаты құрылған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Teez-дің мекенжайына шағым жіберуге құқылы, бұл ретте, Серіктесте шағымдану құқығы Тауарды нақты әкеткеннен кейін ғана пайда болады. Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымдану құқығы тоқтатылады.

6.7. Teez, қажет болған жағдайда, Серіктесінен Teez-де сақтаулы тұрған Тауарын алып кетуін талап етуге құқылы. Бұл ретте, Серіктес Жеке кабинетте қайтару жүкқұжатын құрған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Тауарды алып кетуге міндетті. Серіктес Тауарын алып кету міндетін орындамаған жағдайда, Teez Серіктеске сатылған Тауарлар үшін ақшалай қаражатты нақты әкету күніне дейін аударуды тоқтата тұруға не осы Тауарды Teez-дің қалауы бойынша кәдеге жаратуға құқылы. Бұл ретте, көрсетілген мерзімде Серіктестен Тауарды алуға дайын екендігі туралы хабарламаның болмауы Серіктестің кәдеге жаратуға келісімін білдіреді. Кәдеге жарату үшін Нұсқаулықта белгіленген тарифтерге сәйкес ақы алынады.

6.8. Серіктес Teez-дің талабы бойынша Шартта белгіленген ережелерге сәйкес келмейтін Тауарды және/немесе кемшіліктері бар Тауарды алып кетуге міндетті. Егер Серіктес Тауардың кемшіліктері Teez-дің әрекеттерінің салдарынан пайда болды деп есептесе, ол Жеке кабинетте қайтару жүкқұжаты құрылған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Teez-дің мекенжайына шағым жіберуге құқылы, бұл ретте, шағымдану құқығы Серіктесте Тауарды нақты әкеткеннен кейін ғана пайда болады. Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымдану құқығы тоқтатылады. Егер Серіктес бұл Тауарды 30 (отыз) күн ішінде алмаған жағдайда, Teez оны кәдеге жаратуға құқылы. Бұл ретте, көрсетілген мерзімде Серіктестен Тауарды алуға дайын екендігі туралы хабарламаның болмауы Серіктестің кәдеге жаратуға келісімін білдіреді.

6.9. Шарттың 6.7, 6.8-тармақтарына сәйкес Тауар кәдеге жаратылған жағдайда, кәдеге жаратылған Тауарлардың құны Серіктеске өтелмейді.

7. Тауарды түгендеу

7.1. Teez қоймада Тауар жоғалған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде түгендеу жүргізеді.

7.2. Егер түгендеу нәтижелері бойынша Серіктестің Тауары Teez-дің кінәсінен жоғалғаны анықталған жағдайда, Серіктес Жеке кабинет арқылы өтінім жолдау тәсілімен ақшалай өтеуді талап етуге құқылы.

7.3. Teez Серіктесінің мүлкі жоғалған жағдайда, 7.2-тармаққа сәйкес, Тауарды өткізудің бір жылдағы орташа бағасы мен сыйақы арасындағы айырма өтеледі. Егер Серіктес белгілеген Тауардың сатылу бағасы асыра бағаланған жағдайда, Қызметтегі және өзге де маркетплейстердегі (Kaspi, Ozon, Wildberries, AliExpress) сол Тауар бағасының төменгі шегі Тауардың сатылу бағасы деп танылады.

7.4. Teez талап түскен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ақшалай қаражатты өтеуге міндетті.

7.5. Егер Teez жоғалған Тауарды залалды өтеп қойғаннан кейін тапқан болса, Teez мұндай Тауарды сатуға қайтарады және Серіктестің шотынан сыйақыны шегергенде Тауардың құнын есептен шығарады.

8. Сату үшін сыйақы және есеп айырысу тәртібі

8.1. Осы Шарт бойынша есеп айырысулар қазақстандық теңгемен жүзеге асырылады, Шарттың мәтінінде барлық бағалар қазақстандық теңгемен көрсетілген. Сыйақы мөлшері келесі кестеге сәйкес Тауарды сату бағасына байланысты айқындалады:

Тауардың бағасы (теңге), оның ішінде, ҚҚС 12%Маркетплейстің сыйақысы

499 999 және одан жоғары

3%

149 999 – 499 998

4%

49 999 – 149 998

5%

34 999 – 49 998

6%

19 999 – 34 998

7%

14 999 – 19 998

8%

9 999 – 14 998

10%

4 999 – 9 998

13%

2 499 – 4 998

15%

1 499 – 2 498

20%

999 – 1 498

25%

499 – 998

30%

299 – 498

35%

8.2. Сыйақыға ҚҚС, сондай-ақ, Teez-дің Тауарды сатуға байланысты барлық шығындары кіреді. Сыйақыға №1 қосымшада көрсетілген қызметтер кірмейді.

8.3. Teez Шарт бойынша сыйақыны Серіктеске тиесілі сомадан ұстайды.

8.4. Teez Серіктестің Тауарынының сату бағасын сыйақы мөлшері шегінде, оны азайту есебінен өз бетінше төмендетуге құқылы.

8.5. Teez маркетингтік науқандар өткізуге құқылы:

8.5.1. Серіктеспен келісім бойынша. Маркетингтік науқанға қатысуға келісе отырып, Серіктес оны өткізу шарттарымен келісетінін растайды.

8.5.2. Teez-дің бастамасымен. Бұл жағдайда, маркетингтік науқанның шарттары Тауарды сатқаннан кейінгі Серіктеске тиесілі ақша сомасына әсер етпейді.

8.6. Серіктеске тиесілі ақшалай қаражат Серіктестің Жеке кабинетіндегі жеке шотында есепке алынады. Тауар Сатып алушыға берілген сәттен бастап ақшалай қаражат Жеке кабинетте шығарып алуға қолжетімді болады. Жеке кабинетте ақшалай қаражатты аударуға сұраныс жолдау ресімделген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Teez ақшалай қаражатты аударуға тиіс. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда, Teez аудару мерзімін Жеке кабинетте ақшалай қаражатты аударуға сұраныс жолдау ресімделген сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күнге дейін ұлғайта алады.

8.7. Егер Сатып алушы, құны төленіп қойған Тауарды, Серіктес Жеке кабинетінде ақшасын шығарып қойғаннан кейін қайтарса, Teez Тауардың құнын Серіктестің шотынан сыйақыны шегеріп, есептен шығарады. Егер ақшалай қаражатты ұстап қалу мүмкін болмаса, Teez Серіктеске көрсетілген қызметтер сомасына шот ұсынады, Серіктес мұндай шотты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.

8.8. Шарттың 3.3.-тармағында көрсетілген қызметтердің ақысын төлеу Серіктестің жеке шотындағы ақшалай қаражатты өзара есепке алу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, Teez қызметтердің ақысын өтеу қажет болған жағдайда, тиісті ақшалай соманы автоматты түрде есептен шығарады, оған Серіктестің рұқсаты талап етілмейді. Егер Серіктестің жеке шотындағы ақшалай қаражат жеткіліксіз болса, Teez болашақта Серіктеске түсетін ақшалай қаражаттан ұстайды. Егер ақшалай қаражаттан ұстап қалу мүмкін болмаса, Teez Серіктеске көрсетілген қызметтер сомасына шот ұсынады, Серіктес мұндай шотты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.

8.9. Teez-дің сату және есептен шығару туралы есебі Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.

8.10. Егер Серіктес тарапынан 5 (бес) жұмыс күні ішінде дәлелді қарсылықтар келіп түспеген жағдайда, Серіктес есепті қабылдады деп есептеледі. Teez-ге арналған хаттар claim@teez.kz электрондық пошта мекенжайына Серіктестің Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайынан жіберілуі керек.

9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Teez Шартты орындау шеңберінде Серіктестің атынан және есебінен Teez жасаған Сатып алушылармен жасалған мәмілелер (сатып алу-сату Шарттары) бойынша жауапты болмайды.

9.2. Teez Сатып алушылармен дауларды реттеу бойынша шаралар қабылдауға құқылы, алайда, Тауардың сапасына қойылатын талаптардың бұзылмағанын Сатып алушыға дәлелдеу бойынша міндет оған жүктелмейді.

9.3. Егер Шарттың 10-бөлімінде белгіленген талаптарды Серіктестің бұзуы Teez-ге мемлекеттік органдар және/немесе үшінші тұлғалар (оның ішінде, құқық иелері мен Сатып алушылар) тарапынан айыппұл санкцияларын төлеу жөніндегі шағымдарды, талаптарды және/немесе нұсқамаларды ұсынуы үшін негіз болған жағдайда, Серіктес Teez-дің талабы бойынша оған барлық сұратылған ақпаратты (құжаттарды) дереу беруге, сонымен қатар, тиісті Тапсырысқа және ол бойынша сатылатын Тауарларға қатысты осындай шағымдар мен талаптарды реттеуге жәрдемдесу, сондай-ақ, Teez-дің үшінші тұлғалардың құқықтарын және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуына байланысты оған осындай шағымдарды, талап-арыздарды, нұсқамаларды беруі салдарынан келтірілген құжаттармен расталған залалдарды (сот шығындарын, айыппұлдарды төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда) өтеуге міндеттеледі.

9.4. Серіктес 6.3-тармақта көрсетілген сақтауға тапсырылған Тауардың ерекшеліктеріне байланысты келтірілген залалды Teez-ге өтеуге міндетті.

9.5. Серіктестің (Серіктес өкілінің) логині мен паролін пайдалана отырып жасалған барлық іс-әрекеттер үшін Серіктес үшінші тұлғалар алдында өзі жауапты болады.

9.6. Серіктес Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Teez Серіктеске сатылған Тауарлар үшін төленген ақшалай қаражатты аударуды бұзушылықтар жойылған сәтке дейін тоқтата тұруға құқылы.

9.7. Серіктестің қолданыстағы заңнаманы және Шарт талаптарын бұзуынан туындаған кез келген Teez-дің шығындары Серіктестің жеке шотындағы ақшадан өзара есеп айырысу арқылы өтеледі. Teez тиісті ақша сомасын өз бетінше есептен шығаруға құқылы. Егер Серіктестің жеке шотындағы қолма-қол ақша жеткіліксіз болса, Teez болашақта Серіктеске түсетін ақшалай қаражатты ұстайды. Егер ақшалай қаражатты ұстап қалу мүмкін болмаса, Teez шығын сомасына шот ұсынады, Серіктес мұндай шотты алған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндетті.

9.8. Teez 6.7 және 6.8-тармақтардың Шарттарын сақтамай, Серіктес мүлкін сақтау немесе кәдеге жарату процесінде Серіктес мүлкі бүлінген жағдайда, Серіктестің Қызметте ұсынатын жеңілдігін ескере отырып, Тауарды өткізудің бір жылдағы орташа бағасы мен сыйақы арасындағы айырмасы өтейді. Егер Серіктес белгілеген Тауардың сатылу бағасын асыра бағаланған жағдайда, Қызметтегі және өзге де маркетплейстердегі (Kaspi, Ozon, Wildberries, AliExpress) сол Тауар бағасының төменгі шегі Тауардың сатылу бағасы деп танылады.

10. Мән-жайлар туралы куәліктер

10.1. Әрбір Тарап екінші Тарапқа Шарт талаптарын орындау үшін келесіні бекітеді және кепілдік береді:

10.1.1. Оның Шарт жасасу және талаптарын орындау үшін толық құқықтары мен өкілеттіктері, ақшалай, материалдық, еңбек және басқа ресурстары барына;

10.1.2. Ол Шарт жасасу және орындау үшін қажетті корпоративтік шешім қабылдады, егер мұндай әрекет тараптардың құрылтайлық құжаттарына сәйкес қажет болған жағдайда;

10.1.3. Ол Шарт жасасу сәтінде оған қатысты банкроттық рәсімі басталмағанын, сондай-ақ, оның ұйымды тарату сатысында немесе қызметін тоқтатуға әкеп соғатын қайта ұйымдастыру процесінде болмағанын растайды.

10.2. Серіктес келесіге кепілдік береді:

10.2.1. Серіктес Қызметте сатуды жүзеге асыратын Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымға заңды түрде енгізілді, атап айтқанда, тиісті тауар белгісімен сатылатын Тауарларды тиісті тауар белгісінің құқық иесі тікелей немесе оның келісімімен айналымға енгізді;

10.2.2. Олардың Тауарлар туралы берген ақпараты тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада көзделген барлық қажетті мәліметтерді қамтиды, сондай-ақ, Серіктес Қызметте сататын Тауарлардың Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуін, Тауарлардың фотосуреттері заңды негіздерде карточкаларда орналастырылуын, Тауарлардың фотосуреттерін пайдалану құқықтары Серіктеске тиесілі болуын, фотосуреттердегі және Тауарлар карточкаларындағы ақпараттың жарнама туралы, бәсекелестікті қорғау туралы және өзге де міндетті талаптарға сәйкес келеді;

10.2.3. Сатуға қабылданған Тауар сатылмаған, кепілге қойылмаған, қандай да бір өзге тәсілмен ауыртпалықсыз, дау-дамайда және тыйым салуда (бұғатта) тұрмайды;

10.2.4. Заң бойынша жарамдылық мерзімі белгіленуі тиіс Тауар Teez-ге сақтауға кемінде 50% қалдық жарамдылық мерзімімен беріледі;

10.2.5. Teez-ге берілетін Тауар — жаңа (пайдаланылмаған), әлеуетті Сатып алушы тарапынан қосымша қаржылық шығындарсыз пайдалануға (пайдалануға) жарамды, сондай-ақ, Тауарды Сатып алушыларға бөлшек саудада сату үшін қажетті барлық қажетті керек-жарақтармен және құжаттармен (Нұсқаулықтармен) толық жабдықталған;

10.2.6. Өнімнің қаптамасы Нұсқаулықта белгіленген Teez-дің талаптарына сәйкес келеді;

10.2.7. Қызмет туралы, оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қандай да бір түрде Қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты жария түрде таратпайды;

10.2.8. Қызметтің және оның пайдаланушыларының ақпараттық қауіпсіздігін бұзуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмайды;

10.2.9. Шартта және Нұсқаулықта белгіленген тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмайды;

10.2.10. Teez-ді, басқа Серіктестерді және/немесе Сатып алушыларды адастыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмайды.

10.3. 10.2.1 – 10.2.10 тармақтарын бұзғаны үшін Teez Серіктеске қатысты шотты бұғаттауға дейінгі кез келген шаралар қабылдауға, Тауарларды әкетуге және келтірілген залалдарды өтеуге талаптар қоюға құқылы.

10.4. Мән-жайлар туралы куәліктер Шарттың елеулі талаптары болып танылады.

11. Дауларды шешу тәртібі

11.1. Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптар арасындағы келіссөздер мен хат алмасу арқылы шешілетін болады. Teez-ге арналған хаттар claim@teez.kz электрондық пошта мекенжайына Серіктестің Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайынан жіберілуі керек.

11.2. Тараптар дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауы міндетті. Сотқа дейінгі шағымдарды Тараптар жазбаша түрде хабарламасы бар тапсырыс хатпен жібереді.

11.3. Сотқа дейінгі шағымдарға жауапты тарап оларды алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберуге тиіс.

11.4. Егер тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот тәртібімен шешіледі.

12. Хабарлама және ақпарат алмасу

12.1. Шартты орындау шеңберінде Тараптар ресімдейтін құжаттар Серіктес Teez-дің деректер базасындағы құжаттардың электрондық нысандарын толтыру жолымен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда, Серіктесті сәйкестендіру логин мен құпиясөз бойынша жүзеге асырылады, оны Серіктес Жеке кабинетті тіркеу және офертаның Шарттарын қабылдау кезінде белгілейді.

12.2. Бұдан басқа, Шартты орындау шеңберінде тараптар ресімдейтін құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.

12.3. Серіктес орналасқан жерінің, банк деректемелерінің, байланыс телефондарының, электрондық пошта мекенжайларының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Teez-ге хабарлауға міндетті. Осындай хабарлама түспегенге дейін ескі мекенжайлар мен деректемелер бойынша орындалған Teez-дің міндеттері тиісті түрде орындалды деп танылады.

12.4. Хат алмасу келесі жағдайларда заңды күшке ие:

12.4.1. Серіктес хаттарды Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық поштасынан claim@teez.kz электрондық пошта мекенжайына жіберсе.

12.4.2. Teez кез келген teez.kz доменінде тіркелген электрондық пошта мекенжайынан Серіктестің Жеке кабинетінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хаттарды немесе Жеке кабинеттегі хабарландыру нысанында электрондық хабарлама немесе электрондық хат бейнесін жіберсе.

12.4.3. Тараптар «Қазпошта» АҚ тапсырыстық хаттарын екінші Тараптың орналасқан жері (тіркеу мекенжайы) бойынша жіберсе.

13. Шарт талаптарын өзгерту

13.1. Teez, егер хабарламаның өзге мерзімі Шарттың қосымшаларында жекелеген өзгерістер үшін көзделмесе, мұндай өзгерістер күшіне енгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, олар туралы Серіктесті алдын ала хабардар ете отырып, Шарт талаптарына кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы.

13.2. Teez, Серіктеске алдын-ала ескертпей, Шарт мәтініндегі техникалық, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге, сондай-ақ, сілтемелерді ауыстыруға құқылы.

13.3. Шарт күшіне енген сәттен бастап бұрын жасалған барлық Шарттар күшін жоғалтады.

13.4. Оферта интернет желісінде https://docs.teez.kz/v/kk/seller/agreement (орыс тілінде: https://docs.teez.kz/seller/agreement) мекенжайында жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

13.5. Егер Қызметте өзгерістер/толықтырулар жарияланғаннан кейін Серіктес Teez-дің қызметтерін, оның ішінде, Тауарды сақтау бөлігінде де пайдалануды жалғастырса, Серіктес Офертаны қабылдады деп есептеледі.

13.6. Teez жоғарыда аталған өзгерістер туралы келесі тәсілдердің кез келгенімен Серіктеске хабарлайды: Жеке кабинет арқылы және/немесе Жеке кабинетте көрсетілген мекенжайға электрондық пошта арқылы.

14. Шарттың мерзімі және оны бұзу тәртібі

14.1. Шарт белгісіз мерзімге жасалады және Шарттың 2-бөлімінде көрсетілген сәттен бастап тараптардың қатынастарына қолданылады.

14.2. Шарт Серіктес не Teez Шартты орындаудан бас тартуы салдарынан тоқтатылуы мүмкін. Мұндай бас тартуды Шарттың бір тарапы Шарттың екінші тарапына жазбаша түрде жіберуге тиіс. Бұл жағдайда, Шартты орындаудан бас тарту жіберілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін Шарт бұзылған болып есептеледі.

14.3. Егер Серіктес өз іс-әрекеттерімен Teez-дің беделі мен қызметіне зиян келтірсе, Тауарды өткізу қағидаларын бұзса, Офертаның, оның ішінде, мән-жайлар туралы куәландырудың талаптарын бұзса, Teez Серіктестің Жеке кабинетінде көрсеткен электрондық поштасына хабарлама жіберіп, Шартты соттан тыс тәртіппен дереу бұзу құқығын өзіне қалдырады.

14.4. Серіктес қалған Тауарды Teez қоймасынан Шарт бұзылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алуға міндетті. Егер Серіктес аталған Тауарды алмаған жағдайда, Teez Серіктестің Тауарын өз атынан кәдеге жаратуға немесе сатуға құқылы.

Агенттік шартқа (Офертаға) № 1 Қосымша

1. Қосымша қызметтер тізімі

Серіктестің бастамасы бойынша немесе Шартта көзделген жағдайларда өз бастамасы бойынша, мүмкіндік болған кезде, Teez Серіктеске қосымша қызметтер көрсетеді.

1.1. Төмен айналымдағы Тауарды сақтау Шарттың 6.1-тармағы негізінде жүзеге асырылады.

1.1.1. Төмен айналым ұғымы, сондай-ақ, сақтау шарттары Нұсқаулықта белгіленген.

1.2. Teez University-де оқыту бойынша қызметтер.

1.2.1. Teez Нұсқаулықта көрсетілген бағдарлама бойынша Teez University-де оқуды жеке немесе қашықтықтан жүргізеді.

1.2.2. Қызмет көрсету шеңберінде Орындаушы Серіктеске ұсынған ақпарат және өзге де материалдар, оның ішінде, қағаз, оптикалық және электрондық жеткізгіштердегі, аудио және бейнежазбалар құпия ақпарат болып табылады.

1.2.3. Серіктес іс-шара басталғаннан бастап 10 минут ішінде келмеген жағдайда, іс-шара Серіктестің кінәсінен өтілмеген болып есептеледі және басқа уақытқа ауыстырылмайды.

1.2.4. Егер Teez орындауға кірісіп қойған болса, Серіктестің қызметтерден бас тартуға құқығы жоқ.

1.3. Қоймаға Тауарларды қаптау және дайындау бойынша Teez Packing қызметтері.

1.3.1. Қызметтерді алу мақсатында Серіктес өтінімді Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен қалдырады. Сондай-ақ, қызметтер Teez бастамасы бойынша Офертаның 4.8-тармағы негізінде көрсетілуі мүмкін. Teez Packing қызметтеріне тапсырыс берудің ең төменгі құны ҚҚС есебінсіз 1500 теңгені құрайды.

1.3.2. Teez Packing-те орналасқан Тауарларға қатысты қызметтер көрсету мүмкін болмаған жағдайда, Teez бұл туралы Серіктесті кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етеді.

1.3.3. Хабарланған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Серіктес қызмет көрсету үшін кедергілерді жоюға не өз Тауарын Teez Packing-тен алып кетуге міндетті.

1.3.4. Егер Серіктес 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Teez Packing-тен Тауарды алмаған жағдайда, Teez оны кәдеге жаратуға құқылы. Бұл ретте, көрсетілген мерзімде Серіктестен Тауарды алуға дайын екендігі туралы хабарламаның болмауы Серіктестің кәдеге жаратуға келісімін білдіреді. Осы тармақтың ережелері Шарт жасалған сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

1.3.5. Егер Серіктес Тауардың кемшіліктері Teez-дің әрекеттерінің салдарынан пайда болды деп есептесе, ол Teez-ге Тауарды алу талабын алған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Teez-ге шағым жіберуге құқылы, бұл ретте, шағымдану құқығы Серіктесте Тауарды нақты әкеткеннен кейін ғана пайда болады.

1.3.6. Егер Серіктес қаптаудың дұрыс емес әдісін өз бетінше таңдаған болса, Teez қаптаманың Teez белгілеген талаптарға сәйкес келуіне жауапты емес.

1.4. Серіктес Тауарларын тасымалдау бойынша Teez Shipping қызметтері.

1.4.1. Қызмет көрсету тәртібі Нұсқаулықта белгіленген.

1.5. Teez Studio-ның Серіктес Тауарының фотосуреттерін және/немесе Серіктес ұсынған фотосуреттерді өңдеу қызметтері.

1.5.1. Қызметте орналастырылған Тауар карточкасындағы фотосуреттер Teez-дің белгілеген талаптарына сай болуы немесе Teez Studio шығарған болуы тиіс.

1.5.2. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Teez Серіктеске Тауардың жеке фотосуреттерін жүктеу мүмкіндігін ұсынуға құқылы.

1.5.3. Фотосуреттерді жасау үшін Тауарларды суретке түсіру және қабылдау түрлерінің ерекшеліктері, Тауарлардың критерийлері, Серіктеспен өзара әрекеттесу шарттары және басқа да талаптар Нұсқаулықта көрсетілген.

1.5.4. Тауардың суреттерін Серіктестің заңсыз пайдалануының фактілері анықталған жағдайда, Teez тиісті Тауар бірлігін Teez Studio-ға суретке түсіру үшін беруге құқылы, бұл ретте, Серіктес Teez қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.

1.6. Жарнамалық қызметтер және Серіктестің Тауарларын жарнамалау қызметтері.

1.6.1. Серіктестің Тауарларын ақылы жарнамалау бойынша қызмет көрсету түрлері мен шарттары туралы қосымша ақпарат Нұсқаулықта белгіленеді.

1.6.2. Егер Teez қызметтерін көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасын (оның ішінде, Жарнама туралы заңнаманы) бұзуға әкеп соқтырса немесе жариялауға берілетін жарнамалық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына (оның ішінде, Жарнама туралы заңнамаға) сәйкес келмесе, Teez Серіктеске қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.

1.6.3. Teez келесі жағдайларда қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы:

  • жарнамалық материалдарда күмәнді ақпараттың болуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жарнамалық материалдарға қойылатын өзге де талаптардың бұзылуы;

  • үшінші тұлғалар тарапынан жарнамалық материалдардың мазмұнына қатысты шағымдардың болуы.

1.6.4. Серіктес Teez-ден сұраныс түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарнама объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының (оның ішінде, Жарнама туралы заңнаманың) талаптарының сақталуын растайтын құжаттарды Teez-ге беруге міндетті.

1.6.5. Серіктес жарнамалық материалдардағы ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына (зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) өзі жауапты болады.

1.6.6. Мемлекеттік органдар және өзге де үшінші тұлғалар Серіктестің қолданыстағы заңнаманы (оның ішінде, Жарнама туралы заңнаманы) сақтамауы және (немесе) бұзуы себебінен Teez-ге қандай да бір шағымдар (талап арыздар, нұсқамалар, айыппұлдар және т. б.) жолдаған жағдайда, Серіктеске жарнамалық қызметтер көрсету кезінде Teez-ге келтілірген залалдар мен шығындарды Серіктес өтейді (Серіктестің қолданыстағы заңнаманы (оның ішінде, Жарнама туралы заңнаманы) сақтамауы және (немесе) бұзуы себебінен Teez-ге салынған айыппұлдарды төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда). Бұл ретте, көрсетілген шығындарды (шығыстарды) Серіктес Teez-дің шағымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей өтеуге тиіс.

1.6.7. Teez жарнамалық деректер операторынан (бұдан әрі – ЖДО) жарнама идентификаторын өзі алады және Серіктес үшін таратылған жарнама туралы барлық қажетті ақпаратты ЖДО арқылы интернет-жарнаманың бірыңғай тізіліміне береді, ал Серіктестің жарнамасы туралы барлық қажетті ақпаратты Teez-ге беруді Серіктес қамтамасыз етеді.

1.7. Серіктестің Тауарын кәдеге жарату жөніндегі қызметтер.

1.7.1. Қызмет көрсету тәртібі Нұсқаулықта белгіленген.

2. Қосымша қызметтердің құны және төлеу тәртібі

2.1. Қызметтердің құны Нұсқаулықпен белгіленеді.

2.2. Teez-дің қызметтеріне ақы төлеу келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • эквайринг көмегімен;

  • ұсынылған шот бойынша;

  • қызметтердің құнын Жеке кабинетте алуға болатын қаражаттан есептен шығару арқылы.

2.3. Эквайрингті пайдаланған жағдайда, көрсетілген қызметтердің растауы – чек болып табылады. Егер Серіктес чекті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді қарсылық көрсетпесе, қызметтер тиісті түрде көрсетілген және толық көлемде қабылданған болып есептеледі.

2.4. Шығаруға қол жетімді қаражаттан есептен шығарылған немесе шот бойынша төленген жағдайда, есептік кезең өткеннен кейін, Teez әмбебап тапсыру құжатын (ӘТҚ) құрады және оны есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-нан 15-не дейінгі кезеңде сұраныс жолдау бойынша Серіктестің Жеке кабинетінде және/немесе электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЭҚЖ) көрсетілген электрондық поштасы арқылы жібереді. Егер Серіктес оны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Teez-ге ӘТҚ-ға қол қоюдан дәлелді бас тартуды жібермеген жағдайда, қызметтер тиісті түрде көрсетілген және толық көлемде қабылданған болып есептеледі.

3. Қызмет көрсетуден бас тарту немесе оларды көрсетуді тоқтата тұру негіздері

3.1. Teez Серіктеске техникалық, технологиялық немесе қызмет көрсетуге кедергі келтіретін өзге де себептер бойынша қызмет көрсетуді осындай себептер жойылған уақытқа дейін уақытша тоқтата тұруға, сондай-ақ, Серіктес Шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді және/немесе кепілдіктерді бұзған жағдайда, қызметтер көрсетуден бас тартуға құқылы.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»