2.3. Ақшаны шығару және кабинеттің балансы
Сатып алушы өз тапсырысын алғаннан кейін, бірден жеке кабинетте ақшаны шығарып алуға болады. Әзірге ақшаны жеке кабинет арқылы шығара алмайсыз, сондықтан біз ақшаны сіз Жеке деректер бөлімінде көрсеткен есеп айырысу шотына өзіміз жібереміз. Жақын арада жеке кабинетте жаңа функционал пайда болады: сіз тапсырыстар тарихын қарай аласыз және сатылған тауарлар үшін ақша шығаруға өтінім жібере аласыз.
Егер сіз тауардың ақшасын шығарып қойған болсаңыз, бірақ, сатып алушы оны содан кейін қайтарған болса, біз ақшасын сіздің балансыңыздан ұстаймыз немесе болашақ сатылымдардан ұстаймыз. Егер тауар сапасына шағымсыз қайтарылса, ол қоймаға оралып, сатылымға шығады.
Егер сіз Teez-дің қосымша қызметтерін пайдалансаңыз, біз олар үшін ақшаны сол шоттан ұстаймыз: сізден басқа әрекеттер қажет емес.
Last updated