2.2. Маркетплейс тарифтері
Сіз әрқашан маркетплейсте қанша ақша тапқаныңызды нақты білу үшін біз тек тауарды сатудан комиссия ұстаймыз.
Комиссия пайыздары
Біздің сыйақымыздың пайызы тек тауарды сату бағасына байланысты.
12% ҚҚС қоса алғандағы тауар бағасы (₸) | Маркетплейс сыйақысы |
---|---|
499 999 және одан жоғары | 3% |
149 999 – 499 998 | 4% |
49 999 – 149 998 | 5% |
34 999 – 49 998 | 6% |
19 999 – 34 998 | 7% |
14 999 – 19 998 | 8% |
9 999 – 14 998 | 10% |
4 999 – 9 998 | 13% |
2 499 – 4 998 | 15% |
1 499 – 2 498 | 20% |
999 – 1 498 | 25% |
499 – 998 | 30% |
299 – 498 | 35% |
298 дейін | жиынтықтарға біріктіру* |
*Жеке кабинетте сіз бағаны 299 теңгеден төмен қоя алмайсыз, сондықтан, өте арзан тауарларды жиынтықтармен сатуға болады: мысалы, бір жұп шұлық емес, бес немесе он жұп жиынтығы.
Біз сізге құны 1 500 ₸ дейінгі тауарларды жиынтыққа біріктіруді ұсынамыз — осылай тиімді. Өйткені, тауардың құны неғұрлым жоғары болса, сыйақымыздың пайызы соғұрлым төмен болады. Ал ол, сіздің пайдаңыз көбірек болады, клиент тауарды арзанырақ алады деген сөз.
Сондай-ақ, жақын арада біз комиссияның ерекше шарттарымен шағын көтерме сату механикасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз міндетті түрде сізге бұл туралы алдын ала хабарлаймыз.
Барлық негізгі қызметтер комиссияға енгізіліп қойған
Тауарларды қоймаға қабылдау және орналастыру.
Тапсырыстың бүкіл циклі: жинау, брендтік курьер-пакетке орау, жөнелтуге дайындық, сатып алушының қаласына жеткізу, тапсырысты ТБП-да беру және егер клиент тауарды қайтарса, қоймаға қайтару.
Эквайринг пен кассалық қызмет көрсету шығындары.
Teez-де жұмыс істеуге қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін серіктестерді қолдау қызметі.
Тауарларды сақтау, олардың сатылымы мен айналымына қарамастан — 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақылы сақтауды енгіземіз, бірақ, айналымы үш айға дейінгі тауарларды тегін сақтай береміз.
Комиссияға енгізілмеген қосымша қызметтер
Teez Shipping — тауарларды біздің логистикамен сіздің қалаңыздан Teez-дің Қарағандыдағы қоймасына жеткізу нарықтық бағадан едәуір төмен.
Teez Packing — тауарларды тексеру, буып-түю, штрихкодтарды қолдану және қоймаға жөнелтуге дайындау бойынша басқа да қызметтер.
Teez Studio — егер сізде маркетплейс ережелеріне сәйкес фотосуреттер болмаса, тауарларды суретке түсіру.
Сіздің маркетплейстегі жұмысыңызды одан да ыңғайлы ететін қызметтер туралы толығырақ Teez пайдалы сервистері бөлімінен оқыңыз.
Last updated