1.1. Teez дегеніміз не

Қош келдіңіздер, серіктестер!

Бүкіл ел бойынша тапсырыстарды бір күнде жеткізетін Қазақстандағы жалғыз маркетплейс — Teez-ді таңдағаныңыз үшін рахмет. Біздің бизнес-модель — бұл сатушыларға да, сатып алушыларға да ең жақсы жағдай жасауға мүмкіндік беретін әдістер мен технологиялар. Сіз үшін бұл қарапайым, түсінікті және төмен төлемдер мен ақысыз қайтарымдар, яғни, сіз тауарды сатудан қанша пайда табатындығыңызды алдын ала біліп отырасыз. Клиенттер үшін — жылдам және тегін жеткізу, премиум әрі адал сервис пен тиімді бағалар.

Сатып алушыларға арналған қосымшаны Google Play және AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Әр апта сайын біз қосымшаға жаңа мүмкіндіктерді қосамыз. Егер сіз қандай да бір қате тапсаңыз немесе қосымшаны жақсартатын ойларыңыз болса Қосымшаның жұмысы бойынша кері байланыс батырмасын басу арқылы серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Біз жәй ғана маркетплейс емес, social e-commerce тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейтін алғашқы платформаны құрдық: әлеуметтік желілер мен интернет-саудадан ең жақсысын алып, бәрін бір кеңістікте біріктірдік. Блогерлер үшін — тауарлар туралы айту арқылы табыс табу мүмкіндігі, ал біз бен сіз үшін — өзіміз туралы көпшілікке жариялау мүмкіндігі.

Біздің ынтымақтастығымызды ыңғайлы ету үшін біз кешенді жүйе құрдық: логистика құрдық, контент студиясын аштық, сіздің тауарларыңызды сатуға дайындап беретін Teez Packing сервисін, сондай-ақ, Teez University білім беру бағдарламасын және басқа да пайдалы сервистерді құрдық. Біздің міндетіміз — сізге оңай және тиімді жұмыс істеу үшін бәрін ұсыну.

Біз үнемді өндіріс принциптерін ұстанамыз — бұл бізге төмен комиссияларды ұстап тұруға және тиімдірек болуға мүмкіндік береді. Дәл осы себепті, біз Teez-бен жұмыс істеу кезінде қателіктер жібермеуге және құнды ресурстарды үнемдеуге көмектесетін осы қарапайым нұсқаулықты жаздық. Жұмысты бастамас бұрын оны мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз — бұл шамамен сіздің бір сағат уақытыңызды алады. Сондай-ақ, жиі кездесетін сұрақтарды жинап, оларға мұнда жауап бердік.

Жаңалықтардан әрдайым хабардар болу үшін Teez маркетплейс сатушыларының ресми чаты мен арнасына қосылыңыз.

Қойма мен логистика қалай жұмыс істейді

Teez CFBO — centralized fulfillment by operator бірегей моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, біз сіздің тауарларыңызды елдің орталығындағы бірыңғай үлкен қоймада сақтаймыз, сол жерден оларды тәулік бойы жинап, барлық сатып алушыларға авто- және әуе көлігімен жеткіземіз. Бәсекелестерге қарағанда, біз қоймаларды бөлшектеп, тарату орталықтары түрінде қосымша буындар жасамаймыз, бұл бізге бір тапсырысты орындау шығындарын түбегейлі төмендетуге мүмкіндік береді. Біздің қойма модульдік, біз оны тауарлар санының өсуіне қарай салып бітіреміз. Ол күніне екі миллионға дейін тапсырыстарды өңдей алады.

Біз тауарларды жылы, таза және қауіпсіз жерде сақтаймыз. Тауарларды тікелей қоймаға да, беру пункттеріне де, кросс-доктарға да әкелуге болады, біз оларды өзіміз алып кетеміз.

Жер үсті логистикада біз тек өз көлігімізді пайдаланамыз — бұл бізге жеткізу уақыты мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Беру пункттері қалай жұмыс істейді

Бір тәулік ішінде біз барлық тапсырыстарды қоймамыздан стильді беру пункттеріне апарамыз. Сатып алушылар оларды өздері ала алады немесе жеткізушімен үйге немесе кеңсеге жеткізуді таңдай алады.

Біз клиенттік сервисті ұсақ-түйекке дейін ойластырамыз: ыңғайлы киім өлшеу бөлмелерінен бастап, музыкаға арналған тауарларды тексеру үстелдерінен дейін. Тапсырыстардың қаптамаларын жинап, оны қайта өңдеуге тапсырамыз. Жылы шырайлы әкімшілер тазалық сақтап, тапсырыстарды тез беріп, сәйкес келмейтін тауарларды қайтарумен айналысады. Әрбір сатып алушы, қанша жұмсағанына қарамастан, өзін біздің vip-клиентіміз сияқты сезінеді және бұл оларда адалдық, бауыр басу, тіпті сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырады. Клиенттер қайта-қайта бізді таңдайды.

Контент жасауға қалай көмектесеміз

Әрбір офлайн-дүкен өзінің сөрелері мен жаймаларын мүмкіндігінше тартымды және стильді етуге тырысады. Маркетплейс каталогы — бұл сөре де, жайма да. Сатып алушылар бізге келгенде, оларға ыңғайлы әрі ұнамды болуы керек.

Көптеген зерттеулер эстетика мен минимализм сатып алушының назарын аударып, олардың сенімін арттыратынын растайды, өйткені, осылайша алдау мен асыра сілтеусіз, өз қалаған таңдауын жасауға болады. Біз Teez дизайнының тазалығы мен тартымдылығын сақтайтын және тауарды сол күйінде көрсететін стандарттарды әзірледік. Шынайы фотосуреттер қайтару санын және тұтынушылардың наразылығын азайтады — біздің мұнда тәжірибеміз үлкен.

Teez Studio біздің стандарттар бойынша заманауи контент жасайды. Бұл сізді фотографтарды іздеуден, түсірілім мен өңдеуге тапсырыс беруден құтқарады, ал әрбір артикулдың сатылымға шығуының орташа құны 1 000 – 1 500 ₸.

Сонымен қатар, біз түсірген фотосуреттер Интернеттегі суреттерді заңсыз пайдаланғаныңыз үшін сізді сотқа бермейтініне кепілдік береді. Бұл қазір кең таралған тәжірибе, ол талап арыздар бойынша айтарлықтай төлемдермен аяқталады.

Әрине, сіз Teez стандарттарына қатаң сәйкестікпен фотосуреттерді өзіңіз жасасаңыз болады. Сіз олармен келіспеуіңіз мүмкін, бірақ біздің шарттарымыз осындай — біз әлемдік деңгейдегі тауар жасаймыз, онсыз жеңе алмаймыз.

Біз сатушыларға арналған контенттен ақша таппаймыз. Teez Studio-ның мақсаты — сатып алушыларға ыңғайлы және оңай етуді қамтамасыз ету, ал сіз бен біз болашақта көбірек ақша таба алдық. Шамадан тыс жүктелген және сәнделген фотосуреттің арқасында жасалған сауда бір реттік болып саналады және көбінесе одан сатып алушылардың көңілі қалады. Сенім мен өзара сыйластыққа негізделген сатып алулар ұзақ мерзімді қарым-қатынас құрады.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»