7.3. Teez Studio — контентты құру

Teez Studio аз ақыға біздің стандарттар бойынша заманауи контент жасауға көмектеседі. Бұл сізді фотографтарды іздеуден, түсірілім мен өңдеуге тапсырыс беруден құтқарады. Неліктен біз контент жасауға дәл осындай тәсілді таңдағаныымызды Teez дегеніміз не бөлімінде айтып бердік.

Егер тауарды бірінші рет жеткізер алдында оның фотосуреттері Тауар карточкаларын жасау бөлімдегі ережелер бойынша модерациядан өтпесе, тауар қоймаға келіп түскен кезде біз оған рендер жасаймыз немесе заттық үстелде түсіреміз. Teez Studio суреттерді карточкаға жүктегенде, бұл фотосуреттерді өзгерту мүмкіндігі автоматты түрде жабылады.

Тауар фотосуреттерінің рендері

Егер сізде фото редакторлар арқылы түзетуге болатын стандарттардан сәл ауытқулары бар фотосурет болса, біз тауарды студияға апармаймыз және рендер жасаймыз.

Құны — бір SKU үшін 1 000 ₸, оған бастапқы суреттердің санатына, сапасына және санына байланысты 5 кадрға дейін өңдеу кіреді.

Біз сіздің фотосуреттеріңізден рендер жасай алуымыз үшін олар бірнеше критерийлерге сәйкес келуі керек.

  1. Фотосурет форматы — PNG, JPEG, JPG, WEBP.

  2. Минималды ажыратымдылық — 600 × 600 пиксель.

  3. Фотосуреттердің фоны біркелкі ақ немесе ашық сұр. Тауар интерьерлі суреттер рұқсат етілетін санатқа жатса, бұл талап міндетті емес.

  4. Суреттер шуылсыз және фокустың ауытқуынсыз, жақсы сапада болуы тиіс.

  5. Фотосуреттерде мәтіндер, суреттер, су белгілері, көрсеткіштер және тауарды жауып қалатын заттар болмауы керек.

  6. Тауардың кем дегенде бір фотосуреті алдыңғы жағынан толық көрінуі керек.

Интерьерлі суреттер

Суреттер сапалы және үй жағдайында жасалмаса, кейбір тауарлар санаттарында интерьердегі көрінісін көрсетуге болады:

  • төсек-орын тоқыма бұйымдары: төсек-орын жабдығы, матрастар, көрпе, матрасқаптар, балдахиндер, ернеулер;

  • жиһазға арналған қаптар;

  • дастархандар;

  • терезе үлдірлері, перделер, пердешелер;

  • түсқағаздар мен интерьерлі жапсырмалар;

  • автокөлік тысқаптары, жапқыштар, матрастар;

  • әуе шарларының жиынтығы;

  • гирляндалар.

Сайттағы суреттердің біркелкілігін сақтау үшін интерьерлі суреттің әр бұрышына #efefef реңкінің шегіністерін қосамыз.

Тауарды суретке түсіру

Егер сізде фотосуреттер болмаса немесе оларды өңдеу арқылы біздің стандарттарымызға сәйкестендіру мүмкін болмаса, қоймадағы алғашқы қабылдаудан кейін біз әрбір жаңа SKU-дың бір бірлігін суретке түсіру үшін Teez Studio-ға әкетеміз. Біз тауарды өз стандарттарымыз бойынша заттық суретке түсіреміз: модельсіз, ашық фонда және белгілі бір ракурстарда. Teez Studio-да киім, аяқ киім және аксессуарлардыда біз тек заттың өзін түсіреміз.

Құны — бір SKU үшін 1 500 ₸, оған санатына байланысты 3-тен 5 кадрға дейін түсіру және өңдеу кіреді.

Егер біз түсірілімнен кейін тауардың қаптамасын қалпына келтіре алсақ, оны сатылымға жібереміз.

Фотографтар зауыттық қаптаманы ашып, тауардың функционалдығын және басқа да маңызды қасиеттерін көрсету үшін тауарды әртүрлі тәсілдермен пайдалана алады. Сондықтан, егер тауарлық өңін қайтару мүмкін болмаса, біз бұл бірлікті ақауға береміз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»