3.3. Тыйым салынған тауарлар
Teez маркетплейсінде тауарлардың кейбір санаттарын сатуға тыйым салынған. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық шектеулеріне және біздің ішкі ережелерімізге байланысты. Келесі тауарларды сатуға тыйым салынады:
Репликалар, көшірмелер, жалған өнімдер.
Алкоголь және құрамында этил спирті бар өзге де өнімдер.
Шылым, темекі және темекі өнімдері, қыздырылатын темекі бұйымдары, кальянға арналған темекі, кальян қоспалары, темекіні жылытуға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелері және олар үшін сұйықтықтар.
Есірткі және психотропты заттар, оның ішінде, құрамына кіретін тауарлар да.
Құрамында шыбын-шіркейлер, тарақ кірпі және/немесе кордицепс бар азық-түлік тауарлары.
Адамдар мен жануарларға арналған дәрілік препараттар, оның ішінде, құрамында дәрілік заттар бар тауарлар.
Нацистік, экстремистік, порнографиялық және басқа да тыйым салынған рәміздері, бейнелері мен ақпараттары бар тауарлар.
Қарудың барлық түрлері: атыс, суық, травматикалық, пневматикалық қару, оқ-дәрілер және олардың құрамдас бөліктері және т. б.
Пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шартылдақтар, субұрқақ-шамдар, түтіндету құтылары және т. б.
Ақпаратты жасырын алудың техникалық құралдары: тұрмыстық заттар ретінде жасырылған камералар мен диктофондар, тыңдау құрылғылары, жасырын GPS-трекерлері, микро құлаққаптар және т. б.
Браконьерлік құралдар мен жабдықтар: электрлі қармақтар, аулар және т. б.
Автокөлік және мотоаккумуляторлар.
Пайдаланылған тауарлар, сондай-ақ, бағасы төмендетілген тауарлар.
Қоймаға нақты түсімсіз сандық тауарлар.
Тегін таратуға арналған тауарлар.
Тірі өсімдіктер мен жануарлар.
Улар.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында айналымы шектеулі немесе тыйым салынған өзге де тауарларды сатуға болмайды. Осы ережелерді бұзғаны үшін заңда 25 АЕК-тен басталатын айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Last updated