3.3. Тыйым салынған тауарлар

Teez маркетплейсінде тауарлардың кейбір санаттарын сатуға тыйым салынған. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық шектеулеріне және біздің ішкі ережелерімізге байланысты. Келесі тауарларды сатуға тыйым салынады:

  • Репликалар, көшірмелер, жалған өнімдер.

  • Алкоголь және құрамында этил спирті бар өзге де өнімдер.

  • Шылым, темекі және темекі өнімдері, қыздырылатын темекі бұйымдары, кальянға арналған темекі, кальян қоспалары, темекіні жылытуға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелері және олар үшін сұйықтықтар.

  • Есірткі және психотропты заттар, оның ішінде, құрамына кіретін тауарлар да.

  • Құрамында шыбын-шіркейлер, тарақ кірпі және/немесе кордицепс бар азық-түлік тауарлары.

  • Адамдар мен жануарларға арналған дәрілік препараттар, оның ішінде, құрамында дәрілік заттар бар тауарлар.

  • Нацистік, экстремистік, порнографиялық және басқа да тыйым салынған рәміздері, бейнелері мен ақпараттары бар тауарлар.

  • Қарудың барлық түрлері: атыс, суық, травматикалық, пневматикалық қару, оқ-дәрілер және олардың құрамдас бөліктері және т. б.

  • Пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шартылдақтар, субұрқақ-шамдар, түтіндету құтылары және т. б.

  • Ақпаратты жасырын алудың техникалық құралдары: тұрмыстық заттар ретінде жасырылған камералар мен диктофондар, тыңдау құрылғылары, жасырын GPS-трекерлері, микро құлаққаптар және т. б.

  • Браконьерлік құралдар мен жабдықтар: электрлі қармақтар, аулар және т. б.

  • Автокөлік және мотоаккумуляторлар.

  • Пайдаланылған тауарлар, сондай-ақ, бағасы төмендетілген тауарлар.

  • Қоймаға нақты түсімсіз сандық тауарлар.

  • Тегін таратуға арналған тауарлар.

  • Тірі өсімдіктер мен жануарлар.

  • Улар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында айналымы шектеулі немесе тыйым салынған өзге де тауарларды сатуға болмайды. Осы ережелерді бұзғаны үшін заңда 25 АЕК-тен басталатын айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»