6.1. Сатып алушылардың тауарларды қайтаруы

Біз Teez маркетплейсінде тек сапалы тауарлардың сатылуына ұмтыламыз.

Біздің жұмыс үлгіміздегі қайтару пайызы орташа есеппен бар болғаны 2,5% құрайды. Сатып алушылардың саудадан көңілі қалмайды және бізге қайта-қайта оралады. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз көп күш жұмсаймыз: карточкаларда тек нақты фотосуреттердің болуына көз жеткіземіз, жарамдылық мерзімдерін тексереміз, ақауларға іріктеп назар аударамыз, тауарларды мұқият сақтаймыз және тасымалдаймыз, сондай-ақ, ақаулы тауардың қайта тапсырыстарын болдырмау үшін сатып алушылардың әрбір шағымына жауап береміз.

Осыны біздің серіктестерімізден де күтеміз. Өтінеміз, жеткізушіні таңдауға көп көңіл бөліңіз, өйткені, сіздің карточкаңыз бен бүкіл дүкеннің рейтингі және сіздің пайдаңыз тауардың сапасына байланысты.

Тапсырыс берілген тауарды қоймаға қайтару сіз үшін де, сатып алушы үшін де тегін. Тауар екі негізгі себеп бойынша қайтарылады: сапасына шағыммен және сапасына шағымсыз. Әрі қарай, олардың әрқайсысы туралы толығырақ айтып берейік.

Сапасына шағым түспеген

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, интернеттен сатып алынған тауарды 14 күн ішінде сапаға шағымсыз қайтаруға болады. Ерекшелік — егер тауар заң бойынша қайтарылмайтын болып саналса.

Тауарды қайтармас бұрын ТБП әкімшісі оны мұқият тексереді. Егер тауар жұмыс істеп тұрса, оны пайдалану іздері жоқ, ал қаптамасы, барлық жапсырмалары мен тауарлық өңі сақталған болса, біз оны қабылдап, бірнеше күн ішінде сатылымға қайтарамыз.

Сапасына шағым түскен

Егер сатып алушы тауарды мақсатына сай пайдалануға кедергі келтіретін кемшіліктерді тапса, ол оны кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде қайтара алады. Егер олар белгіленбеген болса, тауарды сатып алған күннен бастап 2 жыл ішінде қайтаруға болады.

Тауарды қайтармас бұрын, ТБП әкімшісі тауарда сатып алушы хабарлаған ақаудың бар-жоғын тексереді, сонымен қатар, тауардың басқа кемшіліктері жоқ екеніне көз жеткізеді. Егер бізде күмән туындаса, біз сізге қайтаруға рұқсат сұрау үшін хабарласамыз. Бізге бір тәулік ішінде жауап беруіңізді сұраймыз, әйтпесе, қайтару туралы шешімді өз бетімізше қабылдаймыз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»