1.2. Біздің қағидаттарымыз

Біз жұмыста және серіктестермен қарым-қатынаста басшылыққа алатын бес қағиданы ұсынамыз. Олар біздің құндылықтарымызды тамаша жеткізеді.

Біз озық әрекет етеміз

Біз жылдам, айлакер және икемдіміз: біз нарықтың дайын болуын күтпейміз — оны өзіміз дайындаймыз, қазіргі жағдайды көріп, бағалай аламыз және өз құндылықтарымызды өзгертпестен оған ене аламыз.

Біз үйреншіктілік шеңберін бұзамыз

Егер бізге «бұл мүмкін емес» десе, біз бұрылмаймыз. Біз неге мүмкін емес деп сұраймыз, не істей аламыз және қалай жасай аламыз деп ойлаймыз: күрделісін жеңілдетеміз, үлкенін ыңғайлы бөліктерге бөлеміз, ал егер жол болмаса, біз оны төсейміз.

Біз болашаққа қараймыз

Біз болашақта не болатынын білгіміз келмейді, біз ол «болашақты» өзіміз жасағымыз келеді және қазіргі заманғы технологиялар бере алатын барлық нәрсені қолданамыз: фулфилментті автоматтандырдық, талдау, үлкен деректер, машиналық оқыту және жасанды интеллектті пайдаланамыз.

Біз әділ әрекет етеміз

Біздің барлық серіктестеріміз бен клиенттеріміз тең. Сондықтан, біз барлық сатып алушыларға бірдей жоғары сервис көрсетеміз және тауарлар мен дүкендерді бағалаудың адал жүйесін құрдық — әрбір сатушы тамыр-таныссыз және көке-жәкесіз өз тауашасында №1 бола алады.

Біз сапа үшін жұмыс істейміз

Біз қолға алған істің бәрін тиянақты істейміз: фулфилмент құрамыз, жеткізу маршруттарын әзірлейміз, клиенттерге сервис көрсетуді ұйымдастырамыз, сатушылармен, тапсырыс беру пункттерінің иелерімен және мердігерлермен серіктестік қарым-қатынас орнатамыз. Беделіміз бен әлеуметтік жауапкершілігімізді бірге қалыптастырамыз. Сіздің де бұл құндылықты ортақтасып, Teez-де тек сапалы тауарлар сататындығыңызға сенімді болғымыз келеді.

Егер сіз біздің қызметкерлеріміз қандай да бір қағиданы бұзды деп есептесеңіз, компанияның негізін қалаушысы — Линар Хуснуллиннің @lin_khu электрондық поштасына хабарлама жіберуіңізді сұраймыз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»