4.1. Дүкен құру

Егер сіз әртүрлі санаттағы тауарларды сатқыңыз келсе (мысалы, балалар киімдері мен зоотауарлар), болашақта олардың әрқайсысы үшін брендтің бейнесін қалыптастыра алатындай бірнеше дүкен құруды ұсынамыз. Барлығы бір аккаунтта 20 дүкенге дейін құруға болады.

Сіз тіркеліп, Жеке деректер бөліміндегі ақпаратты толтырған соң, дүкендер құра аласыз. Ол үшін жеке кабинеттің сол жағындағы Дүкен құру батырмасын басыңыз.

Дүкен және оның дизайны туралы ақпаратта сіз Teez функционалдығын айналып өтіп, балағат сөздерді, дүкендердің физикалық мекенжайларын, сондай-ақ, шолулар, жеңілдіктер, кешбэктер және қайтарулар туралы ақпаратты пайдалана алмайсыз. Сақ болуыңызды сұраймыз: ережелерді бұзғаны үшін біз дүкенді бұғаттай аламыз.

Дүкеннің негізгі баптаулары

Дүкен құру үшін сізге үш өрісті толтыру қажет:

  • Дүкен атауы — Teez маркетплейсіндегі бірегей атау. Мұнда дүкеннің ассортиментін тізіп, ұрандар жазудың қажеті жоқ — сіз бұл ақпаратты сипатына қоса аласыз.

  • Дүкеннің сипаты — бірнеше сөйлемдермен дүкен туралы айтуға болатын өріс: брендтің ассортименті, артықшылықтары немесе миссиясы туралы. Мұнда заңды мекенжай мен фирмалық атауды қазақ және орыс тілдерінде жазыңыз — бұл Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңында талап етіледі.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»