2.1. Тіркелгіні тіркеу

Teez маркетплейсінде Қазақстан Республикасында тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер ғана сата алады. Сіз өзіңіз өндірген тауарларды да, кейінгі сатылымға арнап сатып алынған тауарларды да сата ала аласыз. Егер сіз ірі брендті немесе үлкен көлемді өндірісті ресми түрде ұсынсаңыз, Teez Retail — ірі брендтермен жұмыс бөлімдегі мүмкін жұмыс форматтарымен танысып шығыңыз.

Біздің маркетплейсте тіркелу тегін. Жұмысты бастау үшін Teez сатушысының жеке кабинетінде тіркеліп, барлық деректерді толтырыңыз. Әрі қарай, әрбір қадам туралы толығырақ айтып береміз.

1-қадам. Офертаны оқыңыз

Тіркелу арқылы сіз агенттік шарттың (офертаның) талаптарымен келісесіз. Онда біз Teez бен сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейтін барлық маңызды құқықтық мәселелер туралы жаздық. Жұмысты бастамас бұрын оферта мен осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Біз сатушыларға заң және салық мәселелері бойынша кеңес бере алмаймыз. Ақпарат алу үшін сіз тиісті мемлекеттік органдарға жүгіне аласыз.

2-қадам. Тіркелу

seller.teez.kz сайтында тіркеле отырып, телефон нөміріңізді және email-ды көрсетіңіз — біз оларға растау кодтарын, нұсқаулықтағы өзгерістерді жібереміз және қажет болған жағдайда, сізбен байланысатын боламыз. Әрі қарай құпия сөзді енгізіп, Тіркелу батырмасын басыңыз. Тіркелгеннен кейін құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, кіру бетінде Құпиясөзіңізді ұмыттыңыз ба? батырмасын басыңыз.

3-қадам. Жеке деректерді толтырыңыз

Тіркелген соң, Жеке деректер бөліміндегі ақпаратты толтырыңыз.

Жеке деректерді толтыру кезінде маңызды ережелерді есте сақтаңыз:

  • бір ЖК немесе ЖШС үшін тек бір ғана жеке кабинет құруға болады;

  • Сатушының аты-жөні ЖК немесе ЖШС иесімен сәйкес келуі керек;

  • егер сіздің бизнес нысаныңыз ЖШС болмаса, Мен — жеке кәсіпкермін (ЖК) деген жазудың жанына құсбелгі қойыңыз.

Егер сіз осы ережелерді бұзсаңыз, біз аккаунтты растай алмаймыз.

Осы бөлімде өзіңіздің жұмысыңызды жүргізетін елді көрсетіңіз. Егер сіз Қазақстанды таңдаған болсаңыз, елмен қоса қалаңызды да көрсету қажет болады. Бұл ақпарат бізге тұрғылықты жеріне байланысты сатушыларға бірегей ұсыныстар жіберіп тұруға мүмкіндік береді.

Егер телефон нөмірін немесе қосалқы байланысу тұлғасының деректерін өзгерткіңіз келсе, серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Әрі қарай, сізге сатудан түскен ақшаны аударатын бір немесе бірнеше есепшот қосуыңыз керек. Барлық есепшоттар сіздің ЖК-ға немесе ЖШС-ға тиесілі болуы керек, әйтпесе біз сізге ақша жібере алмаймыз.

Есепшотты қосу үшін + Қосу батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеде есепшоттың мәліметтерін енгізіп, Жасау батырмасын басыңыз. Сіз кез келген уақытта құрылған есепшоттағы деректерді өзіңіз өзгерте аласыз немесе оны жоя аласыз.

Барлық өрістерді толтырып, тексергеннен кейін, беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Сақтау батырмасын басыңыз. Осыдан кейін жеке деректерді тек серіктестерді қолдау қызметі арқылы ғана өзгертуге болады.

4-қадам. Есептік жазбаның расталуын күтіңіз

Сіз жеке деректерді толтырып, сақтаған кезде, олар бізге автоматты түрде тексеруге жіберіледі — мәртебесі Модерацияға жіберілді болып өзгереді. Бір жұмыс күні ішінде біз барлығын тексереміз, содан соң, Жеке деректер бөліміндегі мәртебе өзгереді.

  • Деректерде қателіктер бар — егер деректерде қателер болса, сізге осындай мәртебе көрсетіледі. Қандай деректерді түзету керектігін білу үшін меңзерді соған бағыттаңыз. Өзгерістерді енгізіп, сақтаған соң сіздің жеке деректеріңіз қайта тексеруге жіберіледі.

  • Модерациядан өткен — егер ақпарат дұрыс толтырылса және біз аккаунтты растаған болсақ, сіз осындай мәртебені көресіз. Осыдан кейін сіз жеке кабинеттің барлық мүмкіндіктеріне, соның ішінде, жұкқұжат жасауға да қол жеткізе аласыз.

Егер сізде кез келген кезеңде сұрақтар туындаса, серіктестерді қолдау қызметіне жүгініңіз — біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»