9.1. Фотосуреттерді өңдеуге арналған нұсқаулық
Last updated
Was this helpful?
Last updated
Was this helpful?
Біз тегін фоторедактор Adobe Express мысалында фотосуреттерді өңдеудегі негізгі функцияларды көрсетеміз. Сипатталған функциялар көптеген фотосуреттерді өңдеу үшін жеткілікті болады.
Фотосуретті өңдеуді бастамас бұрын, фотосуреттеріңіздің талаптарға сай келетіндігін тексеру қажет:
Фотосурет пішімі — JPEG, JPG, PNG, WEBP, PDF.
Ажыратымдылығы — кем дегенде 600 × 600 пиксель.
Тауарға жақсы жарық түскен және ол фокуста орналасқан.
Фотосуретте мәтін, суреттер, сутаңбалар, көрсеткіштер және тауарды жауып тұратын заттар болмауы керек. Ерекшелік — реквизит, егер ол тауардың функционалын анықтауға көмектессе.
new.express.adobe.com сайтына өтіп, тіркеліңіз.
Start from your content батырмасын басып, біздің стандарттарға сәйкес еткіңіз келетін фотосуретті таңдаңыз.
Фотосурет жүктелген соң, оң жақ жоғарғы бұрышында More sizes батырмасын басу керек терезе ашылады. Ұсынылған өлшемдердің ішінен Custom size таңдаңыз және пискльдердегі келесі мәндерді орнатыңыз: ені 600 және биіктігі 800. Файлды редакциялауға өту үшін Create new file батырмасын басыңыз.
600 × 800 пиксель — бұл фотосуреттердің минималды рұқсаты. Фотосуреттер одан да сапалы болуы үшін үлкенірек өлшемді де таңдай аласыз. Бастысы, жақтардың арақатынасы 3 × 4 болуы тиіс.
Жаңа фотосуреттің болашақ фоны — ақ төсеніші бар фоторедактар ашылады. Кескінге басыңыз және бұрыштарын созу арқылы оны қажет деп санағаныңдай орналастырыңыз.
Сол жақ панельде Remove Background батырмасын басып, фонды өшіріңіз. Фон ақ болғанша күтіңіз — бұл белгілі бір уақыт алуы мүмкін.
Background color батырмасын басыңыз, Custom қойындысына өтіңіз және Hex өрісінде #EFEFEF мәнін орнатыңыз — бұл біздің стандарттарға сәйкес келетін фон реңкі. Түсті таңдау терезесін жабыңыз.
Алынған кескінді жүктеп алу үшін жоғарғы панельде Download батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде JPG немесе PNG файл форматын таңдап, Download батырмасын басыңыз.
new.express.adobe.com сайтына өтіп, тіркеліңіз.
Start from your content батырмасын басып, біздің стандарттарға сәйкес еткіңіз келетін фотосуретті таңдаңыз.
Фотосурет жүктелген соң, сізге Original aspect ratio батырмасын таңдау керек терезе ашылады.
Сіздің фотосуретіңіз бар фоторедактор ашылады. Суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және фотосуреттің көшіру үшін Copy функциясын таңдаңыз.
Сол жақ панельде Crop таңдаңыз. Ашылған терезеде дөңгелек форманы таңдаңыз және дөңгелекті бұлыңғырлату керек аймаққа орналастырыңыз. Кескінді таңдалған форма бойынша кесу үшін Crop терезесін жабыңыз.
Сол жақ панельде Adjustments батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде Blur параметрін объектінің пішіні шамамен көрінетіндей деңгейге қойыңыз:
нысан бұлыңғыр, бірақ болжанатын көрінісі болуы тиіс;
цензураға сай емес жазудағы әріп толығымен оқылмайтын болуы тиіс.
Бұлыңғырлату баптауын аяқтаған соң, Adjustments терезесін жабыңыз.
Ақ фонға тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және осыған дейін көшірілген кескінді қою үшін Paste функциясын таңдаңыз. Фотосуретті басып, оны ақ фонның жиектері бойынша түзетіңіз.
Ақ фонға тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз және бұлыңғырланған қабатты алдыңғы планына шығару үшін Send to back функциясын таңдаңыз.
Алынған кескінді жүктеп алу үшін жоғарғы панельде Download батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде JPG немесе PNG файл форматын таңдап, Download батырмасын басыңыз.