Науқандарды өткізу шартта
«Teez-бен бірге жақындарыңның тілектерін орында» науқанын өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы «Teez-бен бірге жақындарыңның тілектерін орында» науқанын өткізу ережелерінде (бұдан әрі – Ережелер) жеңімпазды анықтау, жүлдені тапсыру тәртібін қоса алғанда, бірақ, онымен шектелмей, «Teez-бен бірге жақындарыңның тілектерін орында» науқанын (бұдан әрі – Науқан) өткізу тәртібі, шарттары айқындалады.
1.2. Науқан лотерея немесе құмар ойын емес және оны кез келген құмар ойын түрінде орындау немесе пайдалану мүмкін емес.
1.3. Науқанның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 Есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008 (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») мекенжайында орналасқан «Teez Logistics» ЖШС, БСН 231140010013 болып табылады.
1.4. Науқанның операторы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Рубинштейн көшесі, 48 үй, 050020 (бұдан әрі – «Оператор») мекенжайында орналасқан «SEED AD» ЖШС, БСН 01024000003 болып табылады;
2. Ережелер мәтінінде қолданылатын терминдердің анықтамасы
2.1. Қатысуға өтінім – осы Ережелердің 4.2-тармағында көрсетілген әрекеттер.
2.2. Жеке басты куәландыратын құжат – жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
2.3. Науқанға қатысушы – 18 (он сегіз) жасқа толған, ҚР азаматтығы бар, осы Ережелердің 4.2-тармағында белгіленген шарттарды орындаған және осы Ережелердің барлық талаптарына сәйкес келетін жеке тұлға.
2.4. Жеңімпаз – кездейсоқ таңдау әдісімен таңдалған осы Ережелердің 4.2-тармағында белгіленген науқанның барлық шарттарын орындаған науқанның қатысушысы.
2.5. Қазылар алқасы – ұйымдастырушы осы Ережелерде көрсетілген тәртіппен Науқан жеңімпазын бағалауды, іріктеуді және айқындауды жүргізуге уәкілеттік берген тұлғалар.
3. Науқанды өткізу кезеңі және Науқан жүлделері
3.1. Науқанды өткізу кезеңі: 19.12.2024 жылдан 29.12.2024 жылға дейін Астана уақыты бойынша 23:59 дейін.
3.2. Науқанды өткізу мерзімдері мен кезеңдері:
3.2.1. Өтінімдерді қабылдау: 19.12.2024 – 29.12.2024 қоса алғанда;
3.2.2. Қатысушыларды модерациялау: 19.12.2024 – 30.12.2024 қоса алғанда;
3.2.3. Жеңімпаздарды таңдау: 30.12.2024;
3.2.4. Жеңімпаздар туралы хабарландыру: 31.12.2024 дейін;
3.2.5. Жалпы жеңімпаздар: 5 (бес) адам.
3.3. Науқан жеңімпаздары келесі сыйлықтарға ие болады:
3.3.1. 1 (бір) Teez маркетплейсінде сатылатын, құны 700 000 теңгеге дейінгі науқан жеңімпазы таңдайтын кез келген тауар;
3.3.2. Жүлделер саны — 5 (бес) дана.
3.4. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Науқанды өткізу мерзімдерін, жүлде қорын және шарттарын толықтыруға және/немесе өзгертуге, сондай-ақ, өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған тәсілмен бұл туралы хабардар ете отырып, Науқанды өткізуді тұтастай немесе бір бөлігінде тоқтатуға, тоқтата тұруға, күшін жоюға құқылы. Елеулі өзгерістер туралы ақпарат https://www.instagram.com/teezkz/ әлеуметтік желісінде және https://docs.teez.kz/kk/customer/special-offers сайтында орналастырылады.
4. Науқанға қатысу шарттары
4.1. Науқан Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.
4.2. Осы Ережелердің 3.2-тармағында көрсетілген Науқанды өткізу кезеңінде қатысушылар оған келесі шарттарды орындай отырып, қатыса алады:
4.2.1. Teez маркетплейсінде «Сиқырлы тас» науқандық тауарын мына сілтеме бойынша сатып алу: https://teez.kz/item/212426:
4.2.1.1. тіркелген 1 (бір) сатып алушы Науқанды өткізу кезеңінде тек 1 (бір) «Сиқырлы тас» тауарын сатып алуға құқылы;
4.2.1.2. Барлығы күн сайын «Сиқырлы тас» тауарының 15 (он бес) бірлігі және Науқанның бүкіл мерзіміне барлығы 100 (жүз) тауар бірлігі қолжетімді болады;
4.2.1.3. «Сиқырлы тас» тауарының бір күнде сатылмаған қорлары келесі күннің қорына көшіріледі;
4.2.1.4. «Сиқырлы тас» тауарының қоры шектеулі, ол аяқталған кезде тауар сатылымнан мерзімінен бұрын шығарылады.
4.2.2. Жеткізілген физикалық таспен Instagram платформасында «Жарияланымдар» немесе «Reels бейнероликтері» форматында жариялау және оны қорытындылағанға дейін жоймау;
Науқанды қорытындылағанға дейін Instagram профилі ашық болу;
4.2.4. Сипаттамада – жақын адамының қандай физикалық тілегін (сатып алуды) орындағысы келетінін жазу, Teez маркетплейсінде қолжетімді, бағасына шектеу қойылмайтынын тауарлардың арасынан (Мысалы: «Әпкеме мультипісіргіш сыйлағым келеді»).
4.2.5. Instagram платформасының кіріктірілген функциясы арқылы @teezkz аккаунтын белгілеу;
4.2.6. Мәтіндік сипаттамада @teezkz аккаунтын белгілеп, #ЖеланияБлизкихTeez хэштегін қосу;
4.2.7. Жарияланғаннан кейін «Сиқырлы тас» Тауарының тапсырыс нөмірін Instagram платформасындағы https://www.instagram.com/teezkz/ профиліне директ-хабарлама арқылы растау.
4.3. Науқан шарттарына сәйкес келмейді:
4.3.1. 4.2-тармақшасында көрсетілген Науқанға қатысу шарттарын орындамаған тұлға;
4.3.2. Осы Ережелердің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімдерден кейін жіберілген өтінімдер;
4.3.3. Instagram платформасында бір пайдаланушыдан қайталанатын өтінімдер;
4.3.4. Бір тапсырыс нөмірінен қайталанатын өтінімдер;
4.3.5. Науқанды өткізу басталған сәтте 18 жасқа толмаған адам;
4.3.6. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адам;
4.3.7. Ұйымдастырушының немесе оператордың қызметкері;
4.3.8. Ұйымдастырушымен және / немесе операторымен ерекше қатынастармен байланысты тұлға, оның ішінде, Ұйымдастырушының және/немесе оператордың аффилирленген тұлғасы.
4.4. Қазылар алқасының уәкілдерімен Науқанды өткізу қорытындысы бойынша 30.12.2024 күні кездейсоқ таңдау әдісімен Науқанның Жеңімпазы анықталатын болады.
5. Науқан жеңімпазын анықтау тәртібі
5.1. Науқан жеңімпаздарын жариялайтын күн: кездейсоқ таңдау әдісімен 31.12.2024 дейін https://www.instagram.com/teezkz/ парақшасында:
5.1.1. 30.12.2024 — қазылар алқасымен тікелей эфир өткізу;
5.1.2. 31.12.2024 дейін — ұтыс ойынының ресми қорытындысымен пост жариялау.
5.2. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы айқындайды, судьялардың ең аз саны – 2 (екі) адам.
5.3. Қорытындылау тәртібі:
5.3.1. Науқанды өткізудің бүкіл мерзімі ішінде модераторлар ұтыс ойынына үміткерлерді келесі параметрлер бойынша кестеге жинайтын болады:
5.3.1.1. Instagram платформасында жарияланым сілтемесі;
5.3.1.2. Instagram платформасындағы пайдаланушы профиліне сілтемесі;
5.3.1.3. тапсырыс нөмірі;
5.3.1.4. рандомайзер арналған реттік нөмірі,
5.3.2. 30.12.2024 тікелей эфирді өткізу кезінде кездейсоқ түрде 5 (бес) жеңімпаз анықталады;
5.3.3. бірдей тапсырыс нөмірі тек 1 (бір) рет жеңе алады, егер жеңген клиент қайта түссе, рандомайзер қосымша іске қосылады;
5.3.4. реттік нөмірі бойынша жеңімпаздың жарияланымы мен профилі айқындалатын болады.
5.4. 5 (бес) жеңімпаз анықталғаннан кейін науқан операторы Instagram платформасындағы ұйымдастырушының аккаунтынан https://www.instagram.com/teezkz/ жеке хабарлама арқылы байланыс деректерін алу үшін жеңімпазға хабарласады.
5.5. Науқан операторы жүлдені жеңімпазға жеткізуге байланысты барлық шығындарды жабады.
5.6. Науқан операторы жеңімпаздың салық жүктемесіне байланысты барлық шығындарды жабады (соның ішінде, жеке табыс салығы).
6. Науқан жүлделерін беру тәртібі
6.1. Науқанға қатысушы жеңімпаз деп танылған жағдайда, ол ұйымдастырушыдан Instagram платформасындағы ұйымдастырушының аккаунтынан https://www.instagram.com/teezkz / жеке хабарламалар арқылы хабар алған сәттен бастап, 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде Instagram платформасында немесе электрондық поштаға жауап ретінде хабарлама жіберу арқылы операторға e.brazhnikova@seedalmaty.kz жүлдені алу үшін телефон нөмірінің деректерін жіберу қажет.
6.2. Науқан операторы кез келген қолжетімді мессенджерлерге (WhatsApp/Telegram) электрондық хабарлама арқылы Жүлдені тапсыру үшін мынадай деректерді нақтылау үшін жеңімпазбен байланысады, атап айтқанда: ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжат (түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні, берілген органның атауы), байланыс телефон нөмірі, Жүлдені жеткізу үшін мекенжайы.
6.3. Науқан операторы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жүлдені жеңімпазға Teez маркетплейс қоймасынан Жеңімпазға ең жақын тауар беру пунктіне дейін жіберу арқылы жеңімпазға жібереді.
6.4. Егер Жеңімпаз қате деректерді көрсетсе, Ұйымдастырушы да, Оператор да Жүлдені Жеңімпазға жеткізу бойынша жауапкершілік арқаламайды.
6.5. Жүлдені алған кезде Жеңімпаз Жүлдені қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюға міндеттенеді: https://docs.google.com/document/d/1kAmzI13bBHKCW-t6AUYSoSrVmPpSqtMDvz45YMKLHO8/edit?tab=t.0.
7. Авторлық және пайдалану құқықтары
7.1. Науқанға қатысушылар жұмыс жасау үшін пайдаланған барлық материалдар кез келген үшінші тараптардың авторлық және мүліктік құқықтарын бұзбайтынына және үшінші тараптардың өз жұмыстарына қатысты кез келген шағымдары Науқанға тиісті қатысушыларға жіберілетініне келіседі. Оператор ұтысқа қатысудан үшінші тараптардың авторлық материалдары заңсыз пайдаланылған кез келген жұмысты алып тастай алады. «Teez-бен бірге жақындарыңның тілектерін орында» науқаны аясында берілген барлық жұмыстардың авторлығы қатысушыларда қалады. Ұтысқа қатысу үшін жұмысты жасап, тапсыра отырып, қатысушылар операторға өз жұмыстарын кез келген нысанда жаңғыртуға, түрлендіруге, жариялауға шектеусіз құқық береді.
7.2. Науқан Жеңімпазы фото және/немесе бейне түсірілімге қатысуға келісімін береді.
7.3. Науқан Жеңімпазының жеке басын куәландыратын Құжатты ұсынбауына, фото және бейне материалдарды жариялауға келісімге қол қоймауына Ұйымдастырушы және/немесе Оператор жауапты болмайды және бұл әрекетті Ұйымдастырушы және/немесе Оператор науқанға қатысудан бас тарту ретінде қарайтын болады.
8. Басқа шарттар
8.1. Қатысушының Науқанға қатысу фактісі оның осы Ережелермен танысуын және осы Ережелерға сәйкес Науқанға қатысуға келісімін білдіреді.
8.2. Науқанды Ұйымдастырушы және Оператор Науқанға қатысушының Науқан шарттарын орындау үшін шеккен шығындарын және кез келген басқа шығындарының орнын толтырмайды және өтемейді.
8.3. Оператор біржақты тәртіппен Науқанның ережелері мен шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Науқанның ережелері мен шарттары өзгерген жағдайда, Оператор Ұйымдастырушының әлеуметтік желісінде (https://www.instagram.com/teezkz/) Науқан шарттарын орналастыру жолымен бұл туралы Науқанға Қатысушыларды хабардар етеді.
8.4. Науқанға Қатысушы Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін өз бетінше бақылауға міндеттенеді.
8.5. Егер Қатысушы Науқан шарттарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Науқан шеңберінде Қатысушыларға берілетін қандай да бір артықшылықтарды және/немесе көтермелеулерді теріс пайдаланса және/немесе Операторға жаңылыстыратын мәліметтер немесе дұрыс емес ақпарат берсе, Оператор біржақты тәртіппен Науқанға Қатысушылардың қатарынан кез келген Қатысушыны ескертусіз алып тастауға құқылы.
8.6. Егер қандай да бір себептермен Науқанның кез келген аспектісі жоспарланғандай жүргізілмесе, оның ішінде, рұқсат етілмеген араласу, бұрмалау, техникалық ақаулар және Оператор немесе Ұйымдастырушы бақылауына бағынбайтын, Науқанның орындалуын, қауіпсіздігін, адалдығын, тұтастығын немесе тиісті түрде өткізілуін бұрмалайтын немесе оған қатысты себептер болса, Ұйымдастырушы өз қалауымен науқанның күшін жою, тоқтату, өзгерту немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдай алады.
Last updated