4.3. Тауарды бұғаттау

Егер сіз біздің ережелерімізді бұзсаңыз, біз тауарды бұғаттаймыз — сіз мұны Тауарлар бөлімінде көре аласыз.

Тауарды не себепті бұғаттағанымызды білу үшін серіктестерді қолдау қызметіне жүгініңіз. Әрі қарай мұның қандай себептерден орын алуы мүмкін екені туралы және тауарды бұғаттан шығару үшін не істеу керектігін айтамыз.

Тауар сипаттамасы қоймадағы тауарға сәйкес келмейді

Сіз карточканың мәтіндік өрістері мен тауар сипаттамаларында көрсеткен ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Карточкадағы мәтінді түзетіңіз және серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз. 24 сағат ішінде біз барлығын тексереміз және барлығы дұрыс болса, тауарды бұғаттан шығарамыз.

Егер сіз тауардың сипаттамасын дұрыс таңдамасаңыз, осы карточкада жаңа SKU құрыңыз және біз осы тауарларға жаңа штрихкодтарды Teez Packing-те жабыстыруымыз үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Фотосуреттер қоймадағы тауарға сәйкес келмейді

Карточкадағы сіздің фотосуреттеріңіз қоймадағы тауардың сыртқы түрінен ерекшеленеді.

Біз тауарды кезегімен студияда түсіреміз, содан соң суреттерді жүктейміз және тауарды қосымша жүгінулерсіз бұғаттан шығарамыз.

Бастапқыда карточкада басқа тауар сатылды

Алғашқыда сіз карточкада бір тауарды саттыңыз, содан соң оның орнына басқа тауарды сата бастадыңыз.

Алғашқыда сатылған тауар туралы ақпаратты қайтарыңыз. Егер «жаңа» тауар қалдықтары бар болса, жаңа карточка құрыңыз және біз осы тауарларға жаңа штрихкодтарды Teez Packing-те жабыстыруымыз үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Толығырақ білу үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Карточкадағы баға нарықтық бағадан бірнеше есе қымбат

Сіз орнатқан сатылым бағасы нарықтық бағадан бірнеше есе қымбат, соның кесірінен сатып алушылар оны шынайы бағасына сатып ала алмайды.

Тауар бағасын орташа нарықтық бағаға дейін түсіріңіз, содан соң серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз. 24 сағат ішінде біз барлығын тексереміз және барлығы дұрыс болса, тауарды бұғаттан шығарамыз.

18+ контентінде цензура жоқ

Карточкадағы фотосуреттерде (сипаттама мен өзге де өрістерді қоса алғанда) тиісті бұлыңғырлану жоқ. Бұлыңғырлану келесі жағдайларда болуы тиіс:

  • киім-кешек фотосуреттерінде модельдің интимдік дене бөліктері көрініп тұр;

  • тауар интимдік дене бөліктеріне ұқсас (мысалы, сыртқы жыныс мүшелері немесе әйел кеудесі);

  • тауарда балағат жазулар немесе интимдік сипаттағы кескіндер бар.

Оған қоса, біз карточканың мәтіндік өрістерінде балағат лексика бар болса, тауарды бұғаттаймыз.

Карточкадан 18+ контентін өшіріңіз немесе біздің ережелерге сәйкес фотосуретке блюр қойыңыз, содан соң серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз. 24 сағат ішінде біз барлығын тексереміз және барлығы дұрыс болса, тауарды бұғаттан шығарамыз.

Қайта сұрыптау (тауар ШК-ға сәйкес келмейді)

Тауарда басқа SKU-дың штрихкоды жабыстырылған.

Біз осы тауарларға дұрыс штрихкодтарды Teez Packing-те жабыстыруымыз үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Тыйым салынған тауар

Бұл тауарды біздің маркетплейсте сатуға болмайды. Teez-де сатуға тыйым салынған тауарлар тізімін сіз Тыйым салынған тауарлар бөлімінде таба аласыз.

Біз бұл тауарды бұғаттан шығармаймыз. Оны қоймадан алып кету үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Тауар белгісінің құқық иесінің өтінімі

Тауар белгісінің құқық иесінен сізде бренд тауарларын сату құқығы бар ма екенін тексеру немесе оларды сатуға тыйым салу мақсатында өтінім түсті.

Дәл сіздің жағдайыңызда не істеу керектігін білу үшін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.

Тауардың түпнұсқалығын тексеру

Сіз белгілі бір бренд тауарларын сатасыз, бірақ оларға қатысты серіктестерді қолдау қызметі сұратқан құжаттарды ұсынбадыңыз.

Осы тауарды сату құқығын растайтын құжаттарды серіктестерді қолдау қызметіне жіберіңіз. Үш күн ішінде біз құжаттарды тексереміз және барлығы дұрыс болса, тауарды бұғаттан шығарамыз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»