7.1. Teez University — оқыту және дамыту
Teez University — бұл сізге кәсіпкерлік негіздерін үйренуге, Teez маркетплейсіне шығуға және өз ісіңізде үздік болуға көмектесетін білім беру бағдарламасы.
Teez University-де екі курс бар: негізгі және жетілдірілген.
Қазір барлық e-commerce әлеміне қызығушылық танытқандар: тәжірибелі кәсіпкерлер, жаңадан бастағандар және өз ісін бастауды ойлап жүргендер үшін тегін базалық курсқа жазылу ашық.
Оқытуды офлайн да, онлайн да жүргіземіз, ал оқу кестесін сайтта жариялаймыз.
Үш сағат ішінде сіз келесілерді білесіз:
интернет-коммерция нарығының болашағы қандай;
Teez басқа маркетплейстерден қалай ерекшеленеді;
маркетплейсте сатуды қалай бастау керек және ол үшін не қажет;
өз тауашаңды қалай таңдауға болады;
жеткізушілерді қалай табуға болады;
тауарды қалай сатып алуға болады;
тауардың өзіндік құнын қалай анықтауға болады;
Teez-де дүкенді қалай құруға және ресімдеуге болады;
тауар карточкасын сататындай етіп қалай жасауға болады;
тауарды қалай орап, қоймаға жіберуге болады;
Teez-де қандай көмекші сервистер бар.
Оқуға қатысу үшін Teez University сайтына өтіп, қолайлы күнді таңдап, Жазылу батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ, біз аз жұмыс істеу арқылы көбірек ақша табу үшін процестерді оңтайландырғысы келетін тәжірибелі немесе тез дамып келе жатқан кәсіпкерлер үшін жетілдірілген курсты әзірлеп жатырмыз. Біз оны осы күзде таныстырамыз: алғашқылардың бірі болып оқуды бастау туралы білу үшін Telegram-арнамыздағы жаңалықтарды қадағалаңыз!
Last updated