2.2. Маркетплейс тарифтері

Сіз әрқашан маркетплейсте қанша ақша тапқаныңызды нақты білу үшін біз тек тауарды сатудан комиссия ұстаймыз.

Комиссия пайыздары

Біздің сыйақымыздың пайызы тек тауарды сату бағасына байланысты.

12% ҚҚС қоса алғандағы тауар бағасы (₸)Маркетплейс сыйақысы

499 999 және одан жоғары

3%

149 999 – 499 998

4%

49 999 – 149 998

5%

34 999 – 49 998

6%

19 999 – 34 998

7%

14 999 – 19 998

8%

9 999 – 14 998

10%

4 999 – 9 998

13%

2 499 – 4 998

15%

1 499 – 2 498

20%

999 – 1 498

25%

499 – 998

30%

498-ге дейін

35%

Сонымен қатар, бізде кез келген тауар үшін минималды баға шектеуі бар. Мысалы, қазір жеке кабинетте сіз бағаны 99 ₸ төмен қоя алмайсыз, сондықтан, өте арзан тауарларды жиынтықтармен сатуға болады: мысалы, бір жұп шұлық емес, бес немесе он жұп жиынтығы.

Біз сізге құны 1 500 ₸ дейінгі тауарларды жиынтыққа біріктіруді ұсынамыз — осылай тиімді. Өйткені, тауардың құны неғұрлым жоғары болса, сыйақымыздың пайызы соғұрлым төмен болады. Ал ол, сіздің пайдаңыз көбірек болады, клиент тауарды арзанырақ алады деген сөз.

Сондай-ақ, жақын арада біз комиссияның ерекше шарттарымен шағын көтерме сату механикасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз міндетті түрде сізге бұл туралы алдын ала хабарлаймыз.

9–13 қарашаға арналған арнайы ұсыныс

«11.11» жаппай сатылымы кезінде жеңілдіктермен сатып алушыларды тарту үшін 9 және 13 қараша аралығында біз комиссияны нөлге теңестіреміз және Teez-дегі барлық тауарлардың бағасын дәл осы комиссия пайызына түсіреміз. Дәл сіз жоспарлаған соманы шығарамыз.

Науқан үшін бағаны есептеу үлгісі
  1. Тауар 1 000 ₸ тұрады, біздің комиссия — 25%.

  2. Жеңілдік 25% құрайды — 250 ₸.

  3. Баға автоматты түрде 750 ₸ болып өзгереді.

  4. Сатылым кезінде сіз барлық 750 ₸ аласыз — бұл тауарды қарапайым уақытта 1 000 ₸-ға сатқан сияқты аласыз.

Барлық негізгі қызметтер комиссияға енгізіліп қойған

  • Тауарларды қоймаға қабылдау және орналастыру.

  • Тапсырыстың бүкіл циклі: жинау, брендтік курьер-пакетке орау, жөнелтуге дайындық, сатып алушының қаласына жеткізу, тапсырысты ТБП-да беру және егер клиент тауарды қайтарса, қоймаға қайтару.

  • Эквайринг пен кассалық қызмет көрсету шығындары.

  • Teez-де жұмыс істеуге қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін серіктестерді қолдау қызметі.

  • Тауарларды сату мен айналымға қарамастан сақтау 2025 жылдың 28 ақпанына дейін тегін. 2025 жылдың 1 наурызынан бастап ақылы сақтауды енгіземіз, бірақ айналымы үш айға дейінгі тауарларды да тегін сақтаймыз.

Комиссияға енгізілмеген қосымша қызметтер

  • Teez Shipping — тауарларды біздің логистикамен сіздің қалаңыздан Teez-дің Қарағандыдағы қоймасына жеткізу нарықтық бағадан едәуір төмен.

  • Teez Packing — тауарларды тексеру, буып-түю, штрихкодтарды қолдану және қоймаға жөнелтуге дайындау бойынша басқа да қызметтер.

  • Teez Studio — егер сізде маркетплейс ережелеріне сәйкес фотосуреттер болмаса, тауарларды суретке түсіру.

Сіздің маркетплейстегі жұмысыңызды одан да ыңғайлы ететін қызметтер туралы толығырақ Teez пайдалы сервистері бөлімінен оқыңыз.


Last updated

ТОО «Teez Technologies»