2.1. Тіркелгіні тіркеу
Last updated
Last updated
ТОО «Teez Technologies»
Teez маркетплейсінде Қазақстан Республикасында тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлер ғана сата алады. Сіз өзіңіз өндірген тауарларды да, кейінгі сатылымға арнап сатып алынған тауарларды да сата ала аласыз. Егер сіз ірі брендті немесе үлкен көлемді өндірісті ресми түрде ұсынсаңыз, Teez Retail — ірі брендтермен жұмыс бөлімдегі мүмкін жұмыс форматтарымен танысып шығыңыз.
Біздің маркетплейсте тіркелу тегін. Жұмысты бастау үшін Teez сатушысының жеке кабинетінде тіркеліп, барлық деректерді толтырыңыз. Әрі қарай, әрбір қадам туралы толығырақ айтып береміз.
Тіркелу арқылы сіз агенттік шарттың (офертаның) талаптарымен келісесіз. Онда біз Teez бен сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейтін барлық маңызды құқықтық мәселелер туралы жаздық. Жұмысты бастамас бұрын оферта мен осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Біз сатушыларға заң және салық мәселелері бойынша кеңес бере алмаймыз. Ақпарат алу үшін сіз тиісті мемлекеттік органдарға жүгіне аласыз.
seller.teez.kz сайтында тіркеле отырып, телефон нөміріңізді және email-ды көрсетіңіз — біз оларға растау кодтарын, нұсқаулықтағы өзгерістерді жібереміз және қажет болған жағдайда, сізбен байланысатын боламыз. Әрі қарай құпия сөзді енгізіп, Тіркелу батырмасын басыңыз, содан соң біз сіздің электронды поштаңызға жіберген хаттағы сілтеме арқылы өтіп, тіркеуді растаңыз. Тіркелгеннен кейін құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, кіру бетінде Құпиясөзіңізді ұмыттыңыз ба? батырмасын басыңыз.
Тіркелген соң, Жеке деректер бөліміндегі ақпаратты толтырыңыз.
Жеке деректерді толтыру кезінде маңызды ережелерді есте сақтаңыз:
бір ЖК немесе ЖШС үшін тек бір ғана жеке кабинет құруға болады;
Сатушының аты-жөні ЖК немесе ЖШС иесімен сәйкес келуі керек;
егер сіздің бизнес нысаныңыз ЖШС болмаса, Мен — жеке кәсіпкермін (ЖК) деген жазудың жанына құсбелгі қойыңыз.
Егер сіз осы ережелерді бұзсаңыз, біз аккаунтты растай алмаймыз.
Осы бөлімде өзіңіздің жұмысыңызды жүргізетін елді көрсетіңіз. Егер сіз Қазақстанды таңдаған болсаңыз, елмен қоса қалаңызды да көрсету қажет болады. Бұл ақпарат бізге тұрғылықты жеріне байланысты сатушыларға бірегей ұсыныстар жіберіп тұруға мүмкіндік береді.
Егер телефон нөмірін немесе қосалқы байланысу тұлғасының деректерін өзгерткіңіз келсе, серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.
Әрі қарай, сізге сатудан түскен ақшаны аударатын бір немесе бірнеше есепшот қосуыңыз керек. Барлық есепшоттар сіздің ЖК-ға немесе ЖШС-ға тиесілі болуы керек, әйтпесе біз сізге ақша жібере алмаймыз.
Есепшотты қосу үшін + Қосу батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде есепшоттың мәліметтерін енгізіп, Жасау батырмасын басыңыз. Сіз кез келген уақытта құрылған есепшоттағы деректерді өзіңіз өзгерте аласыз немесе оны жоя аласыз.
Барлық өрістерді толтырып, тексергеннен кейін, беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Сақтау батырмасын басыңыз. Осыдан кейін жеке деректерді тек серіктестерді қолдау қызметі арқылы ғана өзгертуге болады.
Сіз жеке деректерді толтырып, сақтаған кезде, олар бізге автоматты түрде тексеруге жіберіледі — мәртебесі Модерацияға жіберілді болып өзгереді. Бір жұмыс күні ішінде біз барлығын тексереміз, содан соң, Жеке деректер бөліміндегі мәртебе өзгереді.
Жеке деректерді толтырып, сақтағаннан кейін олардың мәртебесі Тексеруге жіберілді болып өзгереді. Бір жұмыс күні ішінде біз бәрін тексереміз, содан соң Жеке деректер бөліміндегі мәртебе өзгереді. Аккаунтыңызды тексеру барысында сіз қазірдің өзінде дүкен құрып, тауар карточкаларын толтыра бастай аласыз.
Деректерде қателіктер бар — егер деректерде қателіктер болса, сіз осы мәртебені көресіз. Қандай деректерді түзету керек екенін көру үшін меңзерді осы мәртебеге апарыңыз. Өзгерістерді енгізіп, сақтағаннан кейін, жеке деректеріңіз қайтадан тексеруге жіберіледі.
Тексеруден өткен — егер ақпарат дұрыс толтырылған болса және біз аккаунтты растаған болсақ, сіз осы мәртебені көресіз. Осыдан кейін сіз жеке кабинеттегі барлық мүмкіндіктерге, соның ішінде, жүкқұжаттарды құруға қол жеткізе аласыз.
Егер сізде кез келген кезеңде сұрақтар туындаса, серіктестерді қолдау қызметіне жүгініңіз — біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.