4.2. Тауар карточкаларын құру
Last updated
Last updated
ТОО «Teez Technologies»
Біз ұстанатын қағидаттардың бірі — әділдік. Сондықтан тауар карточкалары әр сатушыда жеке болады. Ешкім сізге жазылған пікірлерді, рейтингіңізді және сіз мұқият құрастырған контентті қолдана алмайды.
Іздеу нәтижесінде карточкаңыз алдыңғы қатарда болуы үшін оны осы бөлімдегі ұсыныстарға сай толтырыңыз.
Карточканы жасау үшін Тауарлар бөліміне өтіп, Тауар құру батырмасын басыңыз.
Ашылған бетте барлық қажетті өрістерді толтырыңыз. Мұны қалай жасауға болатынын әрі қарай айтамыз.
Кейбір өрістерді (мысалы, санат және сипаттамаларды) сатып алушыға автоматты түрде профилінде таңдаған тілге аударып береміз. Бірақ мәтіндік өрістердің көпшілігін екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде өз бетіңізше толтыруыңыз қажет. Егер сіз орыс тілінде сөйлемейтін болсаңыз, карточканы жасаған кезде ақпаратты онлайн-аудармашылардың көмегімен аударуға болады (мысалы, Яндекс Переводчик, M-translate және т. б.). Бірақ бірінші жеткізілімнің алдында мәтінді қателіктерге тексеру үшін еркін сөйлейтіндерге немесе кәсіби аудармашыларға жүгінуді ұсынамыз.
Егер сізде карточкалар жасағыңыз келетін SKU саны 100-ден астам болса, біздің көмегімізге жүгіну үшін серіктестерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.
Біз сатып алушыларымызды құрметтейміз, сондықтан, маркетплейсте ыңғайлылық пен тәртіпті сақтау маңызды. Ол үшін біз карточканы бұғаттамау үшін сізден сақтауды сұрайтын ережелерді орнаттық.
Тауар карточкаларын ресімдеуде пайдалануға болмайды:
дөрекі және қорлайтын лексика;
эмодзи және қосымша таңбалар (мысалы, леп белгілері);
CapsLock (егер бұл аббревиатура, бренд немесе модель атауы болмаса);
тауар туралы пайдалы ақпаратты қамтымайтын түйінді іздеу сөздерін тізу;
кез келген байланыс деректері мен мекенжайларын көрсету;
үшінші тарап сайттарына, сервистеріне және маркетплейстеріне сілтеме жасау;
басқа сатып алушылардың пікірлері туралы ақпарат (мысалы, «біздің тауарымызға тек жағымды пікірлер қалдырады»);
Teez функционалын айналып өтіп, жеңілдіктер, кешбэк және тауарды қайтару туралы хабарлау;
орфографиялық және пунктуациялық қателері бар мәтін.
Сатып алушыларды тітіркендіретін ақпараттық шудың алдын алу үшін біз өз сайтымызда қолдануға болмайтын тоқтату-сөздерінің тізімін жасадық:
жаппай сатылым, жеңілдіктер, sale, науқан, тренд, хит, тегін, тиімді, арзан, жаңа;
аналогы, контрафактісі, көшірмесі, репликасы, түпнұсқасы;
second hand, секонд-хенд, пайдаланылған, бағасы төмендетілген, бағаны төмендету.
Бірақ кейбір жағдайларда бұл сөздерді қолдануға болады: мысалы, егер олар тауардың маңызды қасиеттерін көрсетсе.
Сондай-ақ, біз карточканы бұғаттаймыз және тауарды сатылымнан шығарамыз, егер мынаны анықтасақ:
карточкада бір тауар сатып, содан кейін атауын, сипаттамасын және фотосуреттерін өзгертіп, содан кейін басқа тауарды сата бастасаңыз;
бір тауарды сатып, содан кейін фотосуреттерін ауыстырып, сол штрихкодпен басқа тауар әкелсеңіз.
Сатып алушы қолайлы тауарды, соның ішінде, атауы бойынша таңдайды.
Қосымшада сатып алушылар іздеу нәтижесінде және карточкаға кіргенде тауардың атауын көреді.
Ол келесі ережелерге сәйкес келуі керек:
тауар түрін (смартфон, көйлек, көрпе және т. б.) қамтиды;
тауардың нақты сипаттамаларын көрсетеді;
бас әріптен басталады;
қысқартулар жоқ (өлшем бірліктерден басқа: г, мл, см және т. б.);
тыйым салынған ақпаратты қамтымайды.
Тауардың атауы неғұрлым түсінікті және ақпараттандырылған болса, сатып алушыға таңдау жасау оңайырақ болады. Тауарға тамаша атау таңдау үшін біздің ұсыныстарымызды ұстаныңыз:
мына схема бойынша атау құрыңыз: тауар түрі + бренд + модель + түйінді сипаттамалар;
Атауын тым қысқа етпеңіз: бәсекелестің осындай атау таңдау ықтималдығы жоғары болады, ал Google іздеу жүйесінде көп көрсетілім алу мүмкіндігі аз болады;
негізгі сипаттамаларын атап көрсетіңіз және тым көп тізімдеме қолданбаңыз: артық сөздер тұтынушыларға маңызды нәрсеге назар аударуды қиындатады;
егер карточкада бірнеше сипаттама мәндері болса (мысалы, перделердің бірнеше түстері), олардың санын (мысалы, 4 түсі бар) атауында көрсетіңіз.
Егер сіз тиісті сипаттаманы таңдамай, бір ғана өлшемдегі киім немесе аяқ киімді сататын болсаңыз, тауар өлшемін оның атауында немесе сипаттамасында көрсетіңіз, әйтпесе біз оны сатып алушылардан жасырамыз.
Жаңа тауар карточкасын жасаған кезде, ең алдымен санатты анықтау керек. Дұрыс таңдалған санаттың арқасында сатып алушылар сіздің тауарыңызды тезірек таба алады.
Сатып алушылар сіздің тауарыңызды Каталог бөліміне өткен кезде санаты бойынша таба алады.
Алдымен сіз тауардың негізгі санатын көрсетуіңіз керек, содан кейін сізде салалық ішкі санаттарды таңдау мүмкіндігі болады.
Сізге ыңғайлы болу үшін Teez-дегі барлық санаттардың анықтамалық-кестесін жасадық. Іздеу үшін Ctrl+F пернелер тіркесімін пайдаланыңыз.
Тауардың соңғы ішкі санатын таңдаған соң, келесі өрістерді толтыруға өтуге болады.
Егер тауарға бірден екі санат (мысалы, унисекс футболкаға әйелдер мен ерлер киімі) сәйкес келсе, олардың біреуін таңдаңыз. Жақын арада біз тауар үшін бірден екі санатты көрсету мүмкіндігін іске асырамыз және сіз тіпті жасалған карточкаларға екіншісін қоса аласыз.
Егер сіз өзіңіздің тауарыңызға сәйкес санатты таппасаңыз, серіктестерді қолдау қызметіне жүгініңіз.
Егер сіз брендті көрсетсеңіз, сатып алушылар сіздің тауарыңызды тезірек таба алады: мысалы, егер олар іздеуде тиісті сүзгіні орнатса. Әзірге сатып алушылар қосымшада бұл өрісті көре алмайды, бірақ біз жақын арада осы функционалды қосамыз. Егер сіздің тауарыңызда бренд болмаса, Бренд жоқ деген белгінің жанына құсбелгі қойыңыз.
Егер сіздің тауарыңыз Қазақстанда өндірілген болса және қажет болған жағдайда оны құжаттармен растай алсаңыз, Қазақстанда жасалған деген жазудың жанына құсбелгі қойыңыз. Біз мұндай тауарларды жергілікті өндірушілерді қолдау үшін сатып алушыларға арналған арнайы топтамаларға қосамыз.
Тізімнен қажетті брендті таппасаңыз, біз оны сіздің өтініміңіз бойынша қосамыз. Ол үшін серіктестерді қолдау қызметіне бұл брендтің тіркелгені туралы кез келген растаманы (мысалы, тауар белгісі куәлігінің сканерленген нұсқасы, тіркеу елі көрсетілген тауар белгісінің нөмірі және т. с. с.) жіберіңіз. Қазақстан аумағында тіркелген брендтерді мемлекеттік тізілім сайтында, ал Ресейде тіркелгендерді — мұнда тексере аласыз. Мұндай бренд бар болса, біз оны қосамыз. Біз мұны жасап болғанша, Бренд жоқ деген белгінің қасына құсбелгі қойыңыз — кейінірек сіз мұны алып тастап, карточканы редакциялау арқылы өз брендіңізді қоя аласыз.
Карточкадағы әртүрлі параметрлері бар бір түрге жататын тауарларды біріктіру үшін сипаттамаларды пайдаланыңыз.
Сатып алушы тауар карточкасына кірген кезде ол қажетті SKU-ды таңдай алады.
Бір карточкада тауарлардың әртүрлі атаулары мен түрлерін сатуға болмайды.
Карточка құру кезінде сіз екі сипаттамалар тобына дейін және ұсынылғандардың арасынан мәндердің кез келген санын таңдай аласыз. Ол үшін Сипаттамаларды қосу батырмасын басыңыз, қажетті топты, содан кейін мәндерді таңдаңыз.
Сипаттамалар тобы — сіз әр түрлі SKU-ларды бір карточкаға біріктіре алатын белгі. Мысалы, бұл тауардың түсі, иісі, көлемі, саны, киімнің өлшемі және т. б. Сіз осы карточкадағы кез келген тауармен жеткізілім жүкқұжатын жасағанға дейін сипаттамалар тобын қосуға және алып тастауға болады. Бұл ретте алынып тасталған жүкқұжаттарды ескермейміз. Бірақ, сіз оларды түзеткен жағдайда, біз SKU туралы барлық ақпаратты өзгертеміз: сызықшалы кодтарды ауыстырамыз, сонымен қатар фотосуреттер мен бағаны алып тастаймыз — бұл өрістерді қайта толтыру қажет болады.
Сипаттама мәні — сіз нақты SKU-ға тағайындайтын сипаттама атауы. Мысалы, егер сіз SKU-ды иіс бойынша топқа біріктірсеңіз, оның мәндері ананас, кофе, қауын және т. б. болады. Сипаттамалардың мәндерін кез келген сәтте қосуға, ал осы карточкадағы кез келген тауармен жөнелтілім жүкқұжатын құрғанша жоюға болады. Бұл ретте жойылған жүкқұжаттарды есепке алмаймыз.
Болашақта біз сатып алушыларға қажетті тауарды табуды жеңілдету үшін, қосымшадағы сүзгілер үшін тауардың сипаттамаларын пайдаланатын боламыз.
Тауарға тән сипаттамаларды таңдаңыз, әйтпесе біз карточканы бұғаттаймыз. Мысалы, егер сіз жасыл жеңіл жейде үшін «Мөлдір» деген мәні бар «Түс» сипаттамалар тобын таңдасаңыз, біз оны сатып алушылардан жасырамыз.
Егер сіз өзіңіздің тауарыңызға сәйкес сипаттаманы таппасаңыз, серіктестерді қолдау қызметіне жүгініңіз.
Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеу шарттары ЖК және ЖШС үшін бірдей. Мөлшерлеме тек сіздің салық режиміңізге және жылдық айналымға байланысты. Ең көп таралған үш салық режимінің мысалында ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруін қарастырайық.
Әрбір тауар карточкасы үшін оған салық салынатын ҚҚС мөлшерлемесін көрсету қажет. салық қызметінде дұрыс емес ақпаратқа байланысты сұрақтар туындамауы үшін оны дұрыс таңдау маңызды.
Мұнда сіздің тауарыңыздың барлық артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып беріңіз. Сипаттауда сатып алушылардың барлық мүмкін сұрақтарына жауап қарастырыңыз, сонда оларда бәсекелестердің тауарларынан егжей-тегжейлі ақпаратты іздеу қажеттілігі туындамайды.
Сатып алушы тауар карточкасына кіріп, Толық сипаттамасы батырмасын басқан кезде сипаттаманы көреді.
Бұл ретте, сатып алушының күткені шындыққа сәйкес келмейтін жағдай туындамауы үшін тауарды мүмкіндігінше шынайы сипаттаңыз. Егер сипаты шындыққа сәйкес келмесе, қайтарулар, жағымсыз пікірлер және соңы карточканы бұғаттауға ілеседі. Жағдайды түзеткеннен кейін де дүкеннің рейтингі мен беделін қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болады.
Егер тауардың кепілдік мерзімі болса, оны осы өріске жазыңыз. Карточкада көрсетілген кепілдік мерзімі өндірушінің мерзімінен кем болмауы керек. Егер сатып алушының сапаға қатысты шағымдары болса, ТБП әкімшісі кепілдіктің ұзағырақ мерзімін ұстанады.
Фотоны қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, hostingkartinok.com) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Тауар туралы қысқаша сататын мәтінді және ол туралы ең маңызды ақпаратты қосыңыз — сатып алушы оны карточкаға кірген кезде көреді.
Сатып алушылар тауар карточкасына кірген кезде бұл өріс келесідей болып көрінеді.
Әзірге сатып алушылар қосымшада бұл өрісті көре алмайды, бірақ біз жақын арада осы функционалды қосамыз.
Киім, аяқ киім және аксессуарлар үшін карточкада тек бір өлшемде болса да, өлшем кестесін көрсету керек. Тауардың түріне байланысты параметрлерді мүмкіндігінше егжей-тегжейлі жазыңыз (жамбас шеңбері, бел шеңбері, табан ұзындығы және т. б.) — бұл сатып алушыға бірінші рет дұрыс өлшемді таңдауға және тапсырыстан көңілі қалмауға мүмкіндік береді.
Фотоны қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, hostingkartinok.com) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Әзірге сатып алушылар қосымшада бұл өрісті көре алмайды, бірақ біз жақын арада осы функционалды қосамыз.
Тауардың құрамына кіретін барлық материалдар мен ингредиенттерді пайызбен көрсетіңіз — бұл сатып алушыға таңдау жасауға көмектеседі және сіз клиенттерден қосымша сұрақтардан аулақ боласыз.
Фотоны қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, hostingkartinok.com) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Әзірге сатып алушылар қосымшада бұл өрісті көре алмайды, бірақ біз жақын арада осы функционалды қосамыз.
Сатып алушының тауарды дұрыс пайдаланбауынан мәселелер туындамауы үшін, мұнда қолдануға арналған түсінікті нұсқаулықты, сондай-ақ, сақтық шараларын жазыңыз.
Фотоны қосу үшін, оны алдымен үшінші тарапты хостингке (мысалы, hostingkartinok.com) жүктеңіз, содан соң сурет ретінде көшіріп, Ctrl+V батырмаларын бірге басу арқылы осы өріске қойыңыз.
Беттегі барлық өрістерді толтырған кезде, карточканы жасаудың екінші кезеңіне өту үшін Өнім жасау батырмасын басыңыз.
Teez-дегі әрбір SKU (тауардың жеке түрі) 13 цифрдан тұратын бірегей штрихкодқа ие болуы керек, оны сіз карточканы жасаған кезде немесе жаңа сипаттама мәнін қосқан кезде біз автоматты түрде жасаймыз. Штрихкодтарды қолдана отырып, сіз жеткізілімді орындағанда біз тауарды жүйеде және қоймада сәйкестендіре аламыз.
Біз Teez дегеніміз не бөлімде талқыланған фото- және бейнеконтентке бірегей тәсілімізді әзірледік.
Cіз карточкада біздің стандарттарымызға сай келетін өзіңіздің суреттеріңізді пайдалансаңыз болады немесе Teez Studio қызметтерін — біздің стандарттарымыз бойынша жұмыс істейтін заманауи коммерциялық фотостудияны пайдалануды таңдауға мүмкіндігіңіз болады.
Фотосуреттерді әрбір SKU-ға жүктеу қажет. Тауар үшін сіз оның сыртқы түріне шамалы әсер ететін сипаттаманы таңдасаңыз (мысалы, қуаты, киім немесе аяқ киім өлшемі), фотосуретті SKU-ның біреуіне ғана жүктеуге болады.
Фотосуреттерді жүктеу үшін Фото бағанындағы тиісті өрісті басып, суретті таңдаңыз. Бір SKU-ға барлығы 5 фотосуретке дейін жүктеуге болады.
Біз SKU қоймаға алғаш рет түскен кезде фотосуреттерді тексереміз. Содан соң, Сурет мәртебесі бағанында фотосуреттер модерациясы қай кезеңде екенін көре аласыз. Жалпы саны үш мәртебе болуы мүмкін.
Модерацияда — фотосуреттер модерация кезегінде тұр.
Модерациядан өтті — сіздің суреттеріңіз модерациядан сәтті өтті, сондықтан біз тауарды түсірілімге алып кетпейміз немесе рендер жасамаймыз. Суреттеріңіз модерациядан өтпесе және біз студиялық суреттерді жүктеген жағдайда да осы мәртебені көресіз. SKU-да осындай мәртебе болса, сіз ондағы суреттерді өзгерте алмайсыз. Осы SKU үшін біздің стандарттарға сәйкес қосымша фотосуреттерді жүктегіңіз келсе, нысанды толтыруыңызды өтінеміз.
Модерациядан өтпеді — суреттеріңіз стандарттарға сәйкес келмейді, сондықтан біз тауарды түсірілімге алып кетеміз немесе рендерді жасаймыз. Біз суретті не себепті қабылдамағанымызды білу үшін меңзерді i әрпіне апарыңыз.
Фотосуреттерді модерациялау кезінде бұл істің жалғасуының төрт нұсқасы бар:
Сіздің фотосуреттеріңіз стандарттарға сай түсірілген. Бұл жағдайда, біз тауарды суретке түсіруге әкетпейміз және оны толығымен сатылымға жібереміз.
Сіздің фотосуреттеріңізді өңдеу арқылы стандарттарға сәйкестендіруге болады. Егер фото редакторлар арқылы түзетуге болатын стандарттардан сәл ауытқуы бар фотосуреттер болса, біз тауарды студияға апармаймыз және ақылы рендер жасаймыз. Біз қандай фотосуреттерден рендер жасай алатынымыз туралы Тeez Studio — контентты құру бөлімінде жаздық. Біз рендер жасап жатқанда, тауар сіздің фотосуреттеріңізбен сатылады.
Сіздің фотосуреттеріңіз стандарттарға сәйкес келмейді. Егер фотосуреттегі ақауларды өңдеумен түзету мүмкін болмаса, біз әр жаңа SKU бірлігін студияға алып, түсірілімнен кейін тауарды қоймаға қайтарамыз. Біз фотосурет дайындау кезінде, сатып алушылар сайтта тауарды сіздің фотосуреттеріңіз арқылы көре алады.
Сізде фотосуреттер жоқ немесе олар сапасыз. Бұл жағдайда біз әрбір жаңа SKU-дың бір бірлігін суретке түсіруге әкетеміз. Біз студиялық фотосуреттерді жүктемейінше, сатып алушылар сайтта тауарды көрмейді.
Teez Studio фотосуреттері дайын болғанда, біз оларды карточкаға өзіміз жүктейміз және фотосуреттерді өзгерту мүмкіндігін шектейміз.
Егер сіз фотосуреттеріңіздің модерациядан өткенін қаласаңыз, олар біздің стандарттарымызға сәйкес келуі керек.
Фотосуреттер келесі техникалық талаптарға сәйкес келеді:
фотосурет форматы PNG, JPEG, JPG, WEBP;
жан-жағының өлшемдері 3 × 4 (ені × биіктігі);
ажыратымдылығы 600 × 800 пиксельден кем емес;
бір файлдың өлшемі 5 МБ-тан аспайды.
Жақсы сапалы фотосуреттер. Фотосуреттегі тауар жақсы жарықтандырылып, фокуста болуы керек. Фотосуреттердің өзі қалыпты шу деңгейінде болуы керек және бұлыңғыр болмауы керек.
Реңк фоны #efefef немесе оған мейліңше жақын. Сонымен қатар фонда кішкене градиент немесе көлеңкелер болуы мүмкін. Тауар интерьерлі суреттер рұқсат етілетін санатқа жатса, бұл талап міндетті емес. Бұл жағдайда тауардың интерьерлі суретін әр шеттерінен шегіністер көрінетіндей етіп, #efefef реңкінің фонында орналастыру қажет. Интерьерлі суреттердің сапалы рендерлерінің мысалдарын Teez Studio — контентты құру бөлімінде көрсеттік.
Кем дегенде бір фотосуретте тауар толығымен көрінеді. Егер сіздің тауарыңыздың сыртқы түрі мен функционалдығын толық ашу үшін бір фотосурет жеткілікті болса, солай жүктей аласыз. Алайда, біз карточкаға кем дегенде үш фотосуретті жүктеуді ұсынамыз — бұл сатып алушыға тауарды егжей-тегжейлі қарастыруға және көріністен сатып алуға конверсияны арттыруға мүмкіндік береді. Егер кейбір фотосуреттерде тауар немесе модель толық көрінбесе, оларды фотосурет шекарасы бойынша кесіп тастаңыз.
Суретте артық тауарлар, коллаждар және инфографика жоқ. Коллаждарды пайдаланбаңыз — егер сіз тауардың мүмкіндігінше толыққанды көрсеткіңіз келсе, оларды жеке фотосуреттермен қосыңыз. Барлық фотосуреттерде тек тауар болуы керек, артық заттар, жазулар, рәміздер мен суреттер болмауы керек. Біз сіздің тауарды ең тиімді жағынан көрсетуге деген ұмтылысыңызды түсінеміз, сондықтан, егер ол тауардың функционалдық сипаттамаларын ашуға көмектесетін болса, фотосуреттегі реквизиттерді құптаймыз.
18+ контентін жеткілікті түрде бұлыңғырлату. Блюр интимдік сипаттағы фотосуреттерде де, ұятсыз жазулары бар тауарларда да болуы керек. Мысалы, бұлыңғырлығы бар шеңбер жасау керек, егер:
киімнің фотосуреттерінде модельдің интимді дене бөліктері көрінсе;
тауар дененің интимдік бөліктерін қайталаса/ұқсаса (мысалы, жыныс мүшелері немесе әйелдің кеудесі);
тауарда ұятсыз жазулар немесе интимдік сипаттағы суреттер болса.
Cіз біздің стандарттар бойынша фотосуреттер түсіре алу үшін Суретке түсіру және өңдеу бойынша жаднамалар бөлімін жаздық. Онда сіз фотосуреттерді өздігіңізден өңдеуге арналған нұсқаулықты, сондай-ақ, сыртқы фотостудияға жіберуге болатын заттық және модельдік түсірілімге арналған техникалық тапсырмаларды таба аласыз.
Teez — премиалды қызмет көрсететін және тиімді шарттар ұсынатын маркетплейс: сіздер сатып алушыларға үздік бағаларды ұсына алатындай етіп, біз қарапайым және арзан комиссияларды орнаттық. Бұл стратегияда ешкім ұтылмайды.
SKU үшін фотосуреттерді жүктегенде, оның бағасын тиынсыз теңгемен көрсетіңіз. Ол үшін Баға жолағын толтырыңыз — ол карточкада көрсетілетін ҚҚС қоса алғандағы тауар құны.
Қалған өрістердің мәндері автоматты түрде есептеледі:
Комиссия — тауарды сатқанымыз үшін алынатын біздің сыйақымыздың сомасы.
Қорытындыға — тауарды сатудан алатын сіздің пайдаңыз.
Карточканы құрғаннан кейін сіз өңдеу арқылы әрбір SKU бағасын өзгерте аласыз.
Барлығын толтырып, тексергеннен кейін Өзгерістерді сақтау батырмасын басыңыз.
Кем дегенде бір SKU сатылымға шықса, карточка автоматты түрде модерацияға түседі және сол кезде біз келесіні тексереміз:
барлық толтырылған өрістерді;
біздің ережелеріміздің бұзылмауын.
Карточкаларды мұқият толтырыңыз: тауар сатылымға шыққан кезде, сатып алушылар оны модерациядан өтпесе де, бірден көре алады. Біз жеке кабинетте карточканың модерация кезіндегі мәртебесін көрсетпейміз, бірақ, егер сіз көрсеткен ақпарат біздің ережелерімізді бұзса, біз оны түзете аламыз немесе затты бұғаттай аламыз.
Барлық құрылған карточкаларды Тауарлар бөлімінен таба аласыз. Сондай-ақ, бұл жерде карточкаларды қалай көрсету керектігін таңдауға болады: тақтайша түрінде немесе кесте түрінде.
Қажетті карточканы жылдам табу үшін Тауарлар бөліміндегі іздеуді қолданыңыз. Мұнда тауардың атауы, оның бренді немесе идентификаторы (ID) бойынша іздеуге болады.
Карточканы бассаңыз, әр SKU бойынша мынаны көресіздер:
жалпы ақпарат: сипаттамалары көрсетілген атауы, штрихкод, бағасы;
жеткізілімдер мен сатылымдар туралы ақпарат: қоймадағы саны, барлық уақытта сізден қанша тауар сатып алынғаны және ағымдағы лимиттер бойынша тағы қанша алып келуге болатыны;
сатып алушыларға арналған қосымшадағы тауарға сілтеме.
Жақын арада тек SKU бойынша ақпарат қана емес, жалпы карточка бойынша ақпарат пайда болады. Мысалы, қаралымдар санын, рейтингті, конверсия және т. б. бақылап отыруға болады. Қазір бұл өрістерді карточкада көрсетеміз, алайда олардың мәндері берілмеген — барлық жерде «0» тұрады.
Әр карточка үшін тауар мәртебесін көрсетеміз. Олардың жалпы төрт түрі бар.
Құрылды — сіз карточканы құрдыңыз, бірақ оны жүкқұжатқа әлі бірде-бір рет қоспадыңыз.
Жөнелтуге дайын — сіз карточканы жүкқұжатқа қостыңыз, бірақ тауар қазір қоймада жоқ. Тауарды Жеткізілімдермен жұмыс бөліміндегі ережелерге сәйкес қаптаңыз және қоймаға жіберіңіз.
Қоймада — тауар сатылымда, оны қосымшадан сатып алуға болады.
Бұғатталған — сіздің тауар маркетплейс ережелерін бұзады, сондықтан біз оны сатып алушылардан жасырып қойдық. Біз тауарды қандай себептермен бұғаттауымыз мүмкін екенін Тауарды бұғаттау бөлімінде жаздық.
Сондай-ақ, қажетті қойындыны таңдап, тауарларды мәртебесі бойынша сүзгіден өткізе аласыз: Құрылды немесе Жөнелтуге дайын.
Тауар карточкасын жасағанда, ақпаратты жаңарту немесе толықтыру үшін оған оралуға болады: жай ғана үш нүктені, содан кейін — Өзгерту (бірінші қадам) немесе SKU өңдеу (екінші қадам) басып, өзгертулер енгізіп, Өзгерістерді сақтау батырмасын таңдаңыз.
Салық тәртібі | ҚҚС-сыз жұмыс істеу шарттары (0%) | ҚҚС-пен жұмыс істеу шарттары (12%) |
---|---|---|
ЖБСТ — жалпыға белгіленген салық тәртібі
Жылдық айналымы 20 000 АЕК дейін
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен жоғары.
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-ке дейінгі ерікті ауысу.
Оңайлатылған — Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық тәртібі
Жылдық айналымы 20 000 АЕК дейін
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен жоғары.
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-ке дейінгі ерікті ауысу.
Бөлшек салық — бөлшек салықтың арнайы салық тәртібі
Жылдық айналымы 600 000 АЕК дейін
ҚҚС-пен жұмыс қарастырылмаған