4.3. Тауар карточкаларын көру және өзгерту
Last updated
Was this helpful?
Last updated
Was this helpful?
Құрылған соң, барлық тауар карточкалары Тауарлар бөлімінде пайда болады. Мұнда қалдықтарды бақылау, сипаттаманы түзету, бағаларды өзгерту және өзге де өзгерістерді енгізу ыңғайлы. Осылай, сіздің тауарларыңыз туралы ақпарат әрқашан өзекті қалпында, ал сатылымдар — бақылауда болады.
Тауар карточкаларының тізімі қалай бейнелетінін таңдай аласыз: тақтайша немесе кесте түрінде.
Тауарды жылдам табу үшін атауы, бренді, штрихкоды немесе карточканың ID бойынша іздеуді пайдаланыңыз.
Осында сіз қажетті қойындыны таңдап, тауарларды сүзгілей аласыз:
Барлығы — қазіргі мәртебесіне қарамастан, сіздің тауарларыңыздың барлық карточкалары.
Құрылған — сіз құрған, бірақ әлі бір де бір рет жүкқұжатқа қоспаған тауар карточкалары.
Жөнелтуге дайын — сіз құрамындағы SKU-ларды жүкқұжатқа қосқан, бірақ әлі бір де бір рет қоймаға жөнелтілмеген тауар карточкалары.
Қоймаға келді — қоймаға алғаш рет түскен, бірақ сатылымға орналастырып үлгермеген тауарлар.
Сатылымда — қолданушыларға Teez қосымшасында қолжетімді тауарлар.
Түзетуде — модерация тарапынан толығымен немесе жеке SKU бойынша бұғатталған карточкалар. Бұғаттау себебіне байланысты қалай әрекет ету керектігі туралы Тауарды бұғаттау бөлімінде жаздық.
Ішінара/толығымен таусылған — тауары сатылымда болған, бірақ таусылған карточкалар:
Қоймада мәні нөлге тең болса, толығымен;
Қоймада мәні нөлден көп болса, кейбір SKU бойынша. Әр SKU бойынша қалған тауар санын білу үшін карточкаға басыңыз.
Сіз тауарлардың ең маңызды көрсеткіштерін бақылап отыруыңыз үшін оларды әр карточкаға шығарамыз.
Барлық карточка үшін тауар мәртебесін көрсетеміз:
Құрылды — сіз карточканы құрдыңыз, бірақ оны әлі бір де бір рет жүкқұжатқа қоспадыңыз.
Жөнелтуге дайын — сіз құрамындағы SKU-ларды жүкқұжатқа қостыңыз, бірақ әлі бір де бір рет қоймаға жөнелтпедіңіз. Тауарды Жеткізілімдермен жұмыс бөліміндегі ережелерге сәйкес қаптап, қоймаға жіберіңіз.
Қоймаға келді — сіздің тауарыңыз қоймаға келіп түсті. Біз тауарды қабылдап бастадық, 24 сағат ішінде мәртебе Қоймада болып өзгереді. Мәртебе өзгермесе, серіктестерді қолдау қызметіне жазуыңызды өтінеміз.
Қоймада — тауар сатылымда бар, оны қосымшадан сатып алуға болады.
Таусылды — карточкадағы тауарлар сатылымда болды, бірақ қазір қоймада таусылды.
Бұғатталды — сіздің тауар маркетплейс ережелерін бұзады, сондықтан біз оны сатып алушылардан жасырдық. Біз тауарды қандай себептермен бұғаттауысыз мүмкін екені туралы Тауарды бұғаттау бөлімінде жаздық.
Сонымен қатар, сіз келесі көрсеткіштерді қарай аласыз:
Қоймада — қазіргі сәттегі қоймадағы тауар саны.
Жөнелтуге — Жөнелтілді мәртебесі бар жүкқұжаттардағы тауар саны.
Сатылды — барлық уақытта сатылған тауар саны.
ID — тауар карточкасының идентификаторы.
SKU бойынша ақпаратты көру үшін тауар карточкасын бассаңыз. Сіз келесілерді көресіз:
жалпы ақпарат: сипаттамалары көрсетілген атауы, штрихкод, бағасы;
қоймадағы тауар саны;
сізден барлық уақытта қанша тауар сатып алынды;
сатып алушыларға арналған қосымшадағы тауарға сілтеме;
сізде бұғатталған SKU бар ма.
Тауар карточкасындағы өрістердің көбін кез келген уақытта өзгерте аласыз. Бұл келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:
Тауар атауы — Егер атауын жақсартуды шешсеңіз, осылайша сатып алушыларға сіздің тауарды оңай табуға мүмкіндік бересіз.
Тауар санаты — Егер бұл тауарға неғұрлым сәйкес келетін санатты тапсаңыз немесе қосымша санат қосуды шешсеңіз.
Бренд — бастапқыда брендті көрсетпесеңіз немесе Қазақстанда жасалған батырмасын таңдамасаңыз.
Өнім салығы (ҚҚС) — Егер жылдық айналым шегінен асып, ҚҚС-сыз жұмыс істеу мүмкіндігін жоғалтсаңыз.
Тауар сипаттамасы — Егер тауар туралы көбірек ақпарат қосып, сипаттаманы толық әрі мазмұнды етуді шешсеңіз.
Тауардың шағын сипаттамасы — жақсырақ сатуға көмектесетін сипаттама жазғыңыз келсе.
Қосымша өрістер (өлшемдер кестесі, құрамы, күтім және қолдану жөніндегі нұсқаулығы) — бұл өрістерді бірден толтырмасаңыз және тауар туралы ақпаратты толықтырғыңыз келсе.
Бағасы — сатылымдарды арттыру үшін тауар бағасын түсіргіңіз немесе өзіндік құнының артуына байланысты бағасын арттырғыңыз келсе.
Сіз тауар карточкасын құрғаннан кейін де сипаттамаларды қосуға немесе жоюға болады, бірақ, белгілі бір шарттар бар.
Сипаттама топтарын тек жүкқұжатта осы карточкадағы кез келген SKU құрылғанға дейін қосуға немесе жоюға болады. Бірақ, егер сіз оларды өзгертсеңіз, біз SKU туралы барлық ақпаратты өзгертеміз: штрихкодтарды ауыстырамыз, сондай-ақ фотосуреттер мен бағаны жоямыз — бұл өрістерді қайта толтыру қажет болады.
Сипаттама мәндерін кез келген уақытта қосуға болады, ал жою — тек осы карточкадағы кез келген SKU үшін жүкқұжат құрылғанға дейін мүмкін.
Бұл ретте күші жойылған жүкқұжаттарды ескермейміз.
Жеке кабинетте тауар фотосуреттері модерациядан өткенге дейін, оларды өзгертуге болады.
Егер SKU фотосуретінің мәртебесі Модерациядан өтті болса, фотосуреттерді өзгерту мүмкіндігі жабылады. Біздің стандарттар бойынша қосымша фотосуреттер жүктеу үшін нысанды толтырыңыз.
Техникалық тұрғыдан штрихкодты өзгерту мүмкін емес — ол карточка немесе жаңа SKU жасалған сәтте автоматты түрде тағайындалады.
Сонымен қатар, сатып алушылардың сеніміне нұқсан келтірмеу үшін карточкадағы тауарды ауыстыруға тыйым саламыз. Егер біз келесі бұзушылықтарды анықтасақ, карточканы бұғаттап, тауарды сатылымнан алып тастаймыз:
Сіз карточкада бір тауарды сатып, кейін атауын, сипаттамасын және фотосуреттерін өзгертіп, басқа тауарды сата бастасаңыз..
Сіз бір тауарды сатып, кейін фотосуреттерді ауыстырып, сол штрихкодпен басқа тауар әкелсеңіз.
Бұрын құрылған карточкадағы ақпаратты жаңарту немесе толықтыру үшін оған қайта оралуға болады. Ол үшін , содан кейін — Өзгерту (бірінші қадам) немесе SKU өңдеу (екінші қадам) батырмасын басыңыз. Ақпараттарды өзгерткеннен кейін Өзгерістерді сақтау батырмасын басыңыз.