6. Жарнамалау
Last updated
Was this helpful?
Last updated
Was this helpful?
Тауарды жарнамалау — маркетплейсте жоғары сатылымға жетудің кілті. Егер сіздің тауарыңыз сапалы әрі оның бағасы тартымды болса да, дұрыс жарнамасыз оны байқамауы мүмкін. Осы бөлімде сізге көбірек сатып алушылардың назарын аударуға, табысыңызды арттыруға көмектесетін құралдар туралы айтып береміз.
Teez University ұсынатын «Тауарларды жарнамалау қағидалары» атты арнайы тегін оқуда бұдан да көп ұсыныстар береміз. Ол қоймаға тауар жөнелткен барлық сатушыларға қолжетімді. Шақырулар электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Біз сіздерге тауарларыңызды Teez-де жарнамалау үшін көбірек мүмкіндік беруге тырысамыз. Жақын арада жеке кабинеттен тікелей жарнаманы баптауға мүмкіндік беретін ішкі маркетингтік құралдар іске қосылады.
Кілт сөздер бойынша іздеу жүйесін оңтайландыру — тауарларды маркетплейсте жарнамалаудың ең маңызды құралдарының бірі. Егер кілт сөздерді дұрыс таңдап, тиімді қолдансаңыз, тауарларыңыз іздеу нәтижелерінде жоғарырақ көрінеді, бұл сатылымды арттырады.
Дұрыс кілт сөздерді табу үшін сатып алушылардың қалай іздейтінін түсіну маңызды. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады:
Іздеу бойынша кеңестер — іздеу жолағына сұранысты жаза бастаңыз, жүйенің қандай нұсқаларды ұсынатынын қараңыз.
Бәсекелестердің карточкалары — басқа сатушылардың тауар атауларында және сипаттамаларында қандай сөздерді қолданатынын зерттеңіз.
Талдау сервистері — мысалы, Яндекс Вордстат және Google Trends.
Тауар карточкаларын құру бөлімінде тауардың іздеу нәтижелеріндегі орнын және сәйкесінше сатылымын арттыру үшін карточкаларды қалай дұрыс толтыру керектігі туралы ұсыныстар бердік.
Баннерлер — бұл қосымшаның басты бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан жарқын жарнамалық блоктар. Олар сатып алушылардың назарын бірден аударады және бренд дүкеніне немесе тауарлар топтамасына бағыттай алады.
Біз тұрақты түрде әртүрлі тақырыптар бойынша тауарлардың топтамаларын жасап тұрамыз: маусымдық науқандар, танымал санаттар, сыйлыққа арналған идеялар, жергілікті өндірілген тауарлар. Бұл сатып алушыларға қажетті тауарларды жылдам табуға көмектеседі, ал сіздің сатылымдарыңызды арттырады.
Егер сіздің де тауарыңыз тақырыптық топтамаға қосылғанын қаласаңыз, серіктестерді қолдау ботында Маркетинг бөлімін таңдап, өтініш қалдырыңыз. Егер сіздің тауарыңыз талаптарға сай келсе, біз оны да қосамыз. Нәтижесін 72 сағат ішінде сіздің электрондық поштаңызға жібереміз.
Промокодтар жаңа клиенттерді тартуға және қайта сауда жасауға ынталандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, олар орташа чек пен тапсырыстағы тауар санын көбейтудің тамаша тәсілі.
Промокодтарға белгілі бір сомаға, қолдану мерзіміне, пайдалану санына, санатқа немесе нақты тауарлар тізіміне байланысты шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы, 5 000 ₸ басталатын сомаға косметика сатып алғанда 1 500 ₸ жеңілдік беретін промокод. Біз оларды әртүрлі жолдармен таратамыз: әлеуметтік желілер арқылы, қосымшада және тапсырыстардың ішіне саламыз.
Маркетплейстің промокодтары — бұл тауарды төлеу әдісі, сондықтан, олар сіздің қаржыңызға әсер етпейді. Сіздің тауарыңыз промокод арқылы сатылғанына қарамастан, сіз алдын ала жоспарлаған сомаңызды аласыз.
Болашақта біз сіздің дүкеніңіздің сатып алушылары ғана қолдана алатын жеке промокодтар жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Ол промокодтар сіздің қаржыңызға әсер ететін болады.
Push-хабарландырулар — бұл қосымшамыздың пайдаланушыларына смартфон арқылы жіберілетін қысқа хабарламалар. Олар сатып алушыларға науқандар, жеке ұсыныстар және жаңа тауарлар туралы ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай хабарламалар назар аудартады, сатып алушыларды бірден әрекет етуге «итермелейді» және олардың қызығушылығын арттырады.
Сыртқы жарнамалау арналары жаңа сатып алушыларды тартуға және сатылымды арттыруға көмектеседі. Ең бастысы — әртүрлі құралдарды қолданып көру, нәтижелерді талдау және дәл сіздің бизнесіңіз үшін ең тиімді болатын әдістерді табу.
Сыртқы жарнамалау әдістерін пайдалану үшін тауарларға сілтемелерді қолданыңыз. Пайдаланушы сілтемені басқанда, ол Teez қосымшасында ашылады.
Тауарға сілтемені қалай көшіруге болады:
Тауарлар бөлімінің басты бетінде:
Карточканы басыңыз — барлық SKU көрсетілген терезе ашылады;
Карточканы түзету режимінде:
Сатып алушыларға арналған қосымшада:
тауар карточкасын тауып, оны басыңыз;
Әлеуметтік желілер — клиенттерді тартудың қуатты құралы. Сіз оны тегін әдістермен де, ақылы жарнама арқылы да пайдалана аласыз.
Төменде тауарыңызды әлеуметтік желілерде жарнамалау бойынша бірнеше кеңес:
Пайдалы контент жасаңыз — тауарды пайдалану бойынша ұсыныстар, баламалармен салыстырулар, сатып алушылардың пікірлері мен қаптаманы ашу процесін көрсететін жазбалар мен бейнешолулар.
Хэштегтерді қолданыңыз — олар контентті іздеуді жеңілдетеді.
Таргеттелген жарнаманы қолданыңыз — бұл қызығушылық танытқан клиенттерді тез табуға көмектеседі.
Мессенджерлер сатып алушылармен тікелей байланыс орнатуға, дүкеніңіздің ассортиментімен таныстыруға және науқандар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Teez-дегі дүкеніңіз туралы аудиторияға хабарлаудың тиімді әдістерінің бірі — WhatsApp Business-те онлайн-сөре жасау:
Дүкеніңіз бен тауарлардың сипаттамасы бар бизнес-аккаунт құрыңыз.
Танымал сұрақтарға автоматты жауаптарды баптаңыз.
Науқандар мен жаңа түсімдер туралы тарату хабарламаларын іске қосыңыз.
Teez University-дегі «Тауарларды жарнамалау қағидалары» оқуы барысында біз WhatsApp Business-те сөрені қалай жасау керектігін кезең-кезеңімен түсіндіреміз. Сондай-ақ, бизнес-профиль мен мәртебе дизайнына арналған дайын үлгілер береміз.
Блогерлер мен инфлюенсерлерде олардың ұсыныстарына сеніммен қарайтын адал аудиториясы бар. Олардың көмегімен сатып алушыларды тез тартып, сатылымды арттыруға болады.
Блогерді өзіңіз әлеуметтік желілерді талдау арқылы таңдап, таба аласыз. Ол үшін:
Мақсатты аудиторияңызды анықтап, аудиториясы сіздікіне сәйкес келетін блогерлерді іздеңіз.
Жазылушылардың белсенділігін тексеріңіз — қаралым, лайк және пікір санын бағалаңыз.
Блогердің жарнамалық жазбаларын зерттеңіз — олардың шынайылығын және сіздің құндылықтарыңызға сәйкестігін бағалаңыз.
Блогермен немесе оның менеджерімен жарнама бағасы мен форматын талқылаңыз. Жарнаманың форматы түрлі болуы мүмкін — жазба, тауарды ашып көрсету, сторис немесе байқау түрінде.
Сілтемемен бөлісу бағанында батырмасын басыңыз.
Түзету режиміне өту үшін карточканың бұрышындағы батырмасын басып, SKU өңдеу дегенді таңдаңыз;
Сілтемемен бөлісу бағанында батырмасын басыңыз.
сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырмасын басып, сілтемені көшіріңіз.