Teez серіктестерді қолдау бағдарламасы

Серіктес (Сатушы, Селлер) — кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, соның ішінде «Teez Logistics» ЖШС-ға тиесілі маркетплейс арқылы сату мақсатында тауар сатып алатын, сондай-ақ, маркетплейсте сату үшін тауар сатып алу мақсатында қаржыландыру алатын тұлға.

Субсидиялау — Teez тарапынан Фактордың сыйақысын ішінара өтеу, бұл Серіктестің қаржылық жүктемесін азайтады.

Фактор — «MOST» микроқаржы ұйымы» ЖШС, Бағдарлама аясында Серіктестерге қаржыландыру ұсынатын, қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылайтын, қарыз бойынша келісімшарттық қатынастарды қалыптастырып, оларды сүйемелдейтін, сондай-ақ, Teez маркетплейсінің сатушыларын қаржыландыруға эксклюзивті құқығы бар ұйым.

Teez — «Teez Logistics» ЖШС, технологиялық платформаны (маркетплейс) ұсынатын, Серіктестерді біріктіретін, логистика, қоймалық өңдеу және тауарларды сату қызметтерін қамтамасыз ететін ұйым.

1. Бағдарлама шарттары

1.1. Teez қоймада сақтау, логистикалық қызметтер және сауда платформасына қолжетімділікпен қоса, Бағдарлама шеңберіндегі қаржыландыру аясында сатып алынған тауарларды сату үшін кешенді инфрақұрылымды ұсынады.

1.2. Кепілдік қамтамасыз ету:

  • Фактор қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар Teez қоймасына қабылданады және Серіктес Фактор алдындағы берешегін толық өтегенге дейін кепілде болады.

  • Teez платформасында бұрын сатылымы болмаған Серіктестер қаржыландырудың бір бөлігіне баламалы сомаға өздерінің тауарларын алдын ала Teez қоймасына жеткізуге міндетті. Бұл тауарлар қаржыландыру бағдарламасы бойынша міндеттемелердің қосымша кепілі ретінде қызмет етеді.

1.3. Табыстан есептеу:

  • Teez платформасында тауарларды сатудан түскен барлық табыс Серіктес Фактор алдындағы міндеттемелерін толық өтегенге дейін ұсталынады.

  • Негізгі қарыз сомасы мен Фактордың сыйақысы ұсталғаннан кейін, қалған қаражат Серіктеске аударылады.

1.4. Teez табысты Факторға ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей аударады. Аударым Серіктестер мен сомалар бойынша егжей-тегжейлі ақпаратпен бірге жүргізіледі.

2. Фактор сыйақысын субсидиялау

2.1. Teez әрбір Серіктес үшін Фактордың 4,5% айлық сыйақысының 1,5%-ын субсидиялайды. Субсидия тек 2025 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Серіктеске қаржыландыру берілген жағдайда ғана ұсынылады.

2.2. Серіктестің қаржылық жүктемесі Фактордың айлық сыйақысының тек 3%-ын құрайды. Қалған 1,5% сыйақыны Teez өтейді.

2.3. 2.1 және 2.2 тармақтарда көрсетілген субсидиялау шарттары тек 2025 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жасалған (қол қойылған) және күшіне енген факторинг шарттарына қолданылады.


Last updated

Was this helpful?